~141~
Сондай
-
ақ, сұраным инфляциясы нарықтық байланыстық монополизмнің
бұзылуынан жəне əкімшілік
-
əміршілік басқарудың ұзақ билеуі кезінде болады.
Олар бұл жағдайда өзінше ерекше түрді қабылдайды. Ұсыным инфляциясы
шығын мен ұсыным нарығының өзгеруі нəтижесінде пайда болуы мүмкін.
Инфляцияны баланстану дəрежесі бойынша былай жіктейміз: а)
баланыстанған инфляция жəне баланыстанбаған инфляция. Баланыстанған
инфляцияда əртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бір
-
бірімен қатынасында баға
өзгермейді, ал баланстанбаған кезінде
-
əртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің
бағасы бір
-
бірімен салыстырғанда тұрақсыз жəне əртүрлі
пропорцияда өзгереді.
Өндіріс қарқыны төмендеп, экономикалық өсу пропорциясы бұзылады, ақша
-
несие, қаржы жəне валюта механизмі бұзыла бастап, елдегі əлеуметтік
-
экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық экономикалық
қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып,
экономикалық қылмыс, көлеңкелі экономика жəне т.б. белсенділігін артырады.
Инфляция баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағымдағы кезең үшін
инфляция деңгейі (қарқыны) төмендегіндей болып анықталады. Ағым
кезеніндегі баға индексінен өткен кезеңдегі баға индексі алынып, өткен кезеңдегі
баға индекісіне бөлінеді.
Мемлекет инфляциямен күресу үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізеді.
Оған
мыналар жатады:
экономикалық баға мен жалақыны реттеу əдістері;
қаржыны сауықтыру; халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру;
несиенің қозғалысын баяулату; ақша эмиссиясын бақылау; асқынған жағдайда
ақша реформасын жүргізу. Сонымен қатар нарықты қоғамға қажетсіз
шаруашылықтардан тазарту, бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны көтеру
жолымен емес, интенсификация негізінде жəне өндірістің тиімділігін көтеру
арқасында қол жеткізіледі. Сонымен қатар валютаны тұрақтандыру тəсілдері де
жатады:
Достарыңызбен бөлісу: