Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет100/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   200
Ақша
-
несие саясаты 

бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, 
сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге 
бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша
-
несие саясатының макроэкономикалық 
деңгейдегі субъектісі 

Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша
-
несие 
саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма
-
қол жəне қолма
-
қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады. 
Шаруашылық жағдайына байланысты ақша
-
несие саясатының екі түрі бар: 
1) 
Рестрикциялық ақша
-
несие саясаты

екінші деңгейлі банктердің 
несиелік операциялар көлемін шектеуге жəне катаң шарт белгілеуге, сондай
-
ақ 
сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы. 


~154~ 
2) 
Экспансиялық ақша
-
несие саясаты
 -
несие беру көлемін кеңейтумен, 
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың əлсіздігімен жəне сыйақы 
мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. 
Соңғы жылдардағы ақша
-
несие саясатының
басты көздеген бағыты: 
инфляцияны төмендету жəне теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Қазақстандағы ақша
-
несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі 

жуық 
кезенде ұлттық валютаны одан əрі тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық 
банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының күрт ауытқуын болдырмау 
жəне ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін 
болады. Қазақстандағы ақша
-
несие саясатының бүгінгі күнгі негізгі мақсаты

нақты 
сектордын 
қаржылық 
ресурстардағы 
қажеттіліктерін 
толық 
қанағаттандыратын жəне халықаралық стандарттарға сəйкес келетін, тиімді 
қызмет ететін қаржы жүйесін құру.
Ақша
-
несие саясатының қазіргі кезендегі тиімділігі ұлттық банктің 
саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты. Ақша
-
несие саясаты салық
-
бюджет жəне сыртқы экономикалық саясатпен байланысты. Салық
-
бюджет жəне 
ақша саясаттарын бір
-
біріне сəйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. 
Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы 
ынталандырса, онда мұндай іс
-
əрекеттердің нəтижесі ақша саясатымен 
байланысты болады. Бүгінгі таңда Қазақстанның қаржылық жүйесі ТМД
-
ның 
басқа елдерімен салыстырғанда реформаланған жəне дамыған. Жеке 
тұлғалардың салымдарын ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесі тиімді 
қызмет етуде. Ипотекалық несиелендіру мен вексельдік қайта қаржыландыру 
жүйелері дамуда. Пошталық
-
жинақтаушы жүйені дамыту жөнінде белсенді 
жұмыс жүргізіліп, екінші деңгейлі банктерді қызметтің халыкаралық 
стандарттарына көшіру бағдарламасы аяқталуда. Ақша
-
несие саясаты əлемдік 
стандарттарға жақындау мен валютаны либерализациялауға бағытталған. Қаржы 
рыногына мемлекеттік реттеу жүйесін реформалауға көп көңіл бөлінуде. Банктік 
секторды дамыту саласында, банктерге тəуекелді басқару жүйесін енгізу жəне 
ағымдық бақылау тəсілдерін жетілдіру жөніндегі жұмысты белсендету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет