Əлеуметтік саясат өзіне табысты индикациялау, төменгі өмір сүру
деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету
бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады. Оларды қарқынды инфляция
салдарынан қорғауға көмектеседі. Əлеуметтік саясат мынадай салаларды
қамтиды: білім, медицина, мəдениет, көп балалыларға көмектесу, тұрғындардың
жұмыспен қамтылуы.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеу . Сыртқы экономика, сыртқы
экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі оның ішкі шаруашылық қызметін
жалғастырады, алайда оның өзіндік ерекшеліктері де бар. Мемлекеттің сыртқы
экономикалық қызметке араласуының негізгі мақсаты
-
елдің экономикалық
жəне саяси мүддесін қорғау. Мемлекеттік реттеу
сыртқы сауданы, капиталдың
халықаралық қозғалысын, валюта
-
несие қатынасын, ғылыми
-
техникалық
жетістіктер мен жұмыс күшінің халықаралық қозғалысын қадағалайды.
Үкіметтің сыртқы экономикалық саясатының негізгі түрлері белгілі. Олар
протекционизм жəне фритредерство.
Протекционизм саясаты —
өз
өнеркəсібін, ауыл шаруашылығын, ішкі нарығын шетелдік бəсекеден қорғау.
Протекционизмге жоғары кедендік
баж
төлемдер, импортты шектеу тəн.
Фритредерство -
еркін сауда саясаты, яғни шетелдік тауарларға əр түрлі
шектеулерді алып тастау, төменгі кеден тарифін белгілеу. Мемлекет бұл
саясатты уақыты мен орнына қарай реттеп отырады.
Əкімшілік реттеу əр түрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар
арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады. Мысалы,
қоғамдық қолдану салаларын реттеу (электроэнергетика, көлік, байланыс,
коммуналдық қызмет жəне т.б.), қор биржасының, несие банкінің мекемелеріне
əкімшілік бақылау, жəке бəсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау. Мұндай
жұмыс күші нарығын реттеу қызметі, жұмыссыздарды
есепке алу, жəрдемақыны
төлеу, оларды жұмысқа орналасуын ұйымдастыру жүзеге асырылады.