Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Еркін бəсекелестік нарықтық экономика



Pdf көрінісі
бет21/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Еркін бəсекелестік нарықтық экономика
ресурстарға жеке меншіктік 
жəне тауар өндірушінің еркін бəсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға 
өзінің барлық материалдық жəне рухани мүмкіндіктерін өз пайдалылығы үшін 
қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді 
ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін ғана көздейді». Мұндай экономика ең 
идеалды экономика ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының 
нарықтық экономикаға өту барысындағы ерекшеліктері көптеген факторлармен 
байланысты түсіндіріледі. Олар: ұлттык, əлеуметтік
-
демографиялық, ғылыми
-
техникалық, ұйымдық
-
құрылымдық, табиғи
-
шикізаттық, табиғи

климаттық 
жəне географиялық сипатта болып келеді.
Қазіргі нарықтық экономик
а аралас экономика
ретінде болады. 
Американ экономисті Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика 
экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып 
жүйесі болып табылады», əрі қарай ол: «Аралас экономика
-
бұл нарықпен, 
бұйрық, дəстүр элементтерімен бірге болатын экономика» 

дейді.


~40~ 
Аралас нарықтық экономика теориясының түп тұлғасы болып 
«конвергенция» теориясы
(авторы
-
Нидерланд экономикалық мектебінің 
профессор
-
экономисі Ян Тинберген) жəне «жана индустриалды қоғам» теориясы
(авторы
-
Гарвард институтының профессор

экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) 
жатады. Дж.Гэлбрейд «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканың 
ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нарықты жəне жоспарлы жүйеден 
тұратынын айтқан. Əлеуметтік аралас нарықтық экономика теориясының негізін 
қалаушы герман экономисті
Фрайбург университетінің профессоры Вальтер 
Ойкен
(1891-
1950 жж.) болып табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас 
бөлігі: əлеуметтік қорғаудың толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық 
экономикаға қол жеткізу негізінде жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны

«... адамды экономикалық саясатқа емес, экономикалық саясатты адамға 
бейімдеу». Аралас əлеуметтік бағытталған эканомикаға мысал ретінде «Швед 
моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4 % мемлекеттің қолдануында 
болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы əлеуметтік мақсатқа 
бағытталады. Іргелі əлеуметтендіру қорытындысы мынада: «өндірістің қызметі 
көбінесе жеке кəсіпорынға жүктеледі, себебі бəсекелестік негізде іс
-
əрекет 
жасайды. Ал, жоғарғы денгейде өмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық 
əлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мынандай саланы
-
жұмыссыздық, 
əлеуметтік сақтандыру, білім, көлік, байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке 
жүктеледі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет