Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет52/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

бағалық емес бəсеке
ең алдымен өнім сапасын 
жақсартуды көздейді. Бағалық емес бəсекенің басты тəсілі –
жарнама, яғни 
маркетинг факторларын тиімді қолдану болып табылады.
Кəсіпкерлердің нарық бағасына əсер ету мүмкіндігіне байланысты бəсеке 
жетілген 
жəне 
жетілмеген
болып бөлінеді. Жетілген бəсеке нарығының 
субъектілеріне кəсіпкерлер, өндірушілер, фермерлер, бизнесмендер жатады. 
Жетілген бəсеке немесе таза бəсеке қалыптасу үшін
келесідей жағдайлар қажет:


~82~ 
-
кез
-
келген бірдей немесе ұқсас тауар өндіретін көптеген фирмалардың 
болуы;
-
салаға басқа кəсіпкерлердің қосылуына немесе бұдан басқа салаларға 
кетуіне ешқандай кедергінің болмауы, яғни капитал бір саладан екінші салаға 
еркін ауыса алуы;
-
кəсіпкерлер арасында бəсеке тауардың көлемі мен сапасын арттыру 
жəне өндіріс шығындарын кемітумен шектелуі;
-
тұтынушылар сатып алатын тауардың сапасы, бағасы, өндіріс 
ресурстары мен технологиясы жайында ақпаратпен қамтамасыз етілуі;
-
бірде бір сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардың түсуін 
немесе оның бағасын бақылай алмайды, себебі сатып алушы өзіне тауарды 
қажетті мөлшерде нарықтық бағамен еркін сатып алады.
Жетілмеген бəсекелі рыноктың үлгісі қоғамның барлық ресурстарын 
барынша ұтымды пайдалануды, өнім өндіруге жұмсалған қоғамдық 
шығындарды мейлінше азайтуды көздейді. Жетілмеген бəсекелі рынок жетілген 
бəсеке жағдайында қалыптасқан тепе
-
теңдік қалыптан ауытқуды білдіреді. 
Сондықтан, қоғам шаруашылық өмірдің монополиялануынан (дəрежесі əр түрлі) 
белгілі бір залал шегеді. Түбінде монополия мəселесі жетілген бəсеке 
жағдайындағы жеке тауар өндірушінің еркі мен санасынан тəуелсіз бағаға билік 
мəселесіне айналады. Бағаға билік (ол əрқашанда салыстырмалы жəне еш 
уақытта абсолютті болмайды) —
жетілмеген бəсекелестің, не монополистің 
қолындағы өте нəзік құрал. Егер бұл билікті сонымен қатар өндіріс көлемінде 
үнемдеудің нəтижесінде өнім өндіру шығындарын азайтумен, ғылыми
-
техникалық прогресті дамытумен ры
-
нокқа арзан бағалы өнімдерді жаппай 
шығарып толтырумен қосақталса, онда жетілмеген бəсеке қоғамға белгілі бір 
ұтыс əкеледі. Түптеп келгенде, қоғамның экономикалық дамуының обьективті 
өсуі
жетілмеген бəсекелі нарыққа алып келеді. Бағаға билікті табиғатқа билікпен 
салыстыруға болады. Мысалы, біз құнарсыз топыраққа, құрғақ климатқа 
қанағаттанбасақ, онда суландыру, жасанды тынайту шараларын жүргізе отырып, 
табиғатқа билігімізді өз игілігімізге айналдырамыз. Бірақ, егер белгілі шектен 
өтіп кетсек, онда біздің билігіміз қоршаған ортаны қиратумен тынады. Өкінішке 
орай, көбінесе бізде осындай жағдайлар орын алып келеді.
Таза бəсекелік нарық екі күрделі мəселені шешеді: а) фирмалар 
тұтынушыға қажетті, пайдалы өнімдер шығарады, б) тауарларды минималды 
шығын жұмсап өндіреді.
Жетілген бəсекеге қажетті жағдайлардың кем дегенде біреуі орындалмаса, 
онда нарық жетілмеген бəсекеге көшеді. Жетілмеген бəсекенің құрамына 
монополиялық бəсеке, олигополия, таза монополия жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет