Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет85/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

 
-
нөлдендіру

мемлекет құнсызданған ақшаны жарамсыз деп жариялап, 
оның орнына жаңа ақша белгісін енгізуі;
-
девальвация
-
қағаз ақша құнының өзінің тұрақты қалпына түсуі;
-
ревальвация

бұл ұлттық валюта курсының шетел валютасы 
қатынасына қарай көтерілуі, егер инфляция басқа елдерге қарағанда қарқынмен 
дамитын болса.
-
деноминация

ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның 
айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген 
көрсеткішін кеміту арқылы оған өзгеріс жасау.
 
Инфляцияның экономикалық жəне əлеуметтік
 
зардаптары

1.
Елдің ұлттық табысы мен байлығы
қоғамның əр түрлі топтарының 
арасында қайта бөліске түседі.
2.
Инфляцияның жоғары қорқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды 
қиын жолға қояды, кəсіпкерлердің тəуекелін өсіреді.
3.
Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, əлеуметтік шиеленісті 
күшейте түседі.


~142~ 
4.
Ұлттық тауарлардың бəсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, 
жұмыссыздық өседі.
5.
Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге 
ауысуына əкеледі.
Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер инфляцияға қарсы саясатты
жүргізуге мəжбүр болады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын 
экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, 
ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық 
шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша 
реформасы жасалады.
Инфляцияға қарсы
 
саясат
деген бұл инфляцияны төмендетуге 
бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 
жылдарынан бастап бағаны тікелей жəне жанама түрде реттеу мақсатымен 
барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады. 
Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізілді. Табыстар 
саясатын екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысандарын 
белгілеу жəне осыларға тікелей бақылау жүргізу. Бақылауға заң актілерінің күші 
тəн болады. Жалақы қойылымының өзгерістері əдетте барлық экономикадағы 
еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланысты болады; бағалардың өзгерістері 
еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы 
бағыттың мəні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей 
реттеледі, ал пайда
-
жанама түрде баға арқылы реттеледі. Заң жүзінде бағаның 
өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын
жоғарылату пайдалы болатын 
тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін.
Бағаға ықпал жасаудың жанама əдістеріне
 
монетарлық жəне фискалдық 
саясаттың шаралары жатады. 
мемлекет фискалдық саясат əдістер арқылы жиынтық сұранысты 
азайтуға тырысады (мемлекеттік сатып алуға жəне инвестицияларға шек қойып, 
ақша несие саясатын жүргізу (ашық нарықта операция жүргізу, банк 
пайызын жəне резервтік норманы өзгерту арқылы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет