Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет87/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Фрикциондық жұмыссыздық 

еңбек 
нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір орыннан екінші 
орынға қозғалысымен жəне бір кəсіпорыннан басқаға ауысуымен байланысты 
белгілі бір дəрежесін сипаттайды. Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс 
орнын, ал жалдаушылар белгілі біліктілігі бар жұмыс күшін табу үшін уақыт 
керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздыктың негізін 
құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар 
вакансия туралы толық ақпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым қымбат 
болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында əрдайым белгілі 
сəйкессіздік болады. Осы жұмыссыздықтың дəрежесі жаңа жұмыс іздеуге кеткен 
уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді (1 айдан 3 айға дейін). 
Құрылымдық жұмыссыздық
 

экономикадағы
құрылымдық өзгерістердің 
нəтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кəсіби 
біліктілік пен аумақтық сəйкессіздік кұрылымдық жұмыссыздықтың басты 
себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдык өзгерістер тудырып 
отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады. Осының 
нəтижесінде жұмыс күшінің кəсіби біліктілігінде өзгерістер пайда болады, бұл 

жұмыс күшінің тұрақты түрде аумақтық жəне салалық қайта бөлінуін талап 


~144~ 
етеді. Экономиканың бір секторларынан құрылымдық өзгерістердің нəтижесінде 
жұмыстан айырылған жұмыскерлер басқа салалардағы бос жұмыс орындарына 
орналаса алмаған жағдайда, құрылымдық жұмыссыздық орын алады. 
Фрикциондық жұмыссыздықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың 
мерзімі ұзақ болады (əдетте 6 айдан артық). Құрылымдық жұмыссыздыққа 
əдетте біліктілігі төмен немесе мамандығы ескірген жұмысшылар ұшырайды 
жəне мұның өзі экономикалық жағынан артта қалған аудандар халықтарын 
қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет