ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«Талғар медициналық колледжі» мекемесі
КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
Басшының тәрбие ісі «Талғар медициналық колледжі»
жөніндегі орынбасары мекемесінің директоры
Мыңбаев Р.Т____________ Досбаев Ж.А._____________
«_____»_______2021 жыл «___»__________2021 жыл
«Талғар медициналық колледжі» мекемесінің 2021-2022 оқу жылына арналған
301-Е тобы тәрбие жұмысының іс-шара жоспары
Топ кураторы __________________Садыкова Ж.Н.
Талғар -2021 жыл
«Талғар медициналық колледжі» мекемесінің 2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие берудің кешенді жоспары
(«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері), (Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 10-қосымшасы негізінде).
1. Тәрбиенің мақсаты, міндеті мен қағидаттары
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін айқындауға бағытталған білім берудің тұжырымдамалық негіздері бүгінгі күні барлық білім беру жүйесіне «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген барлық мақсаттар мен міндеттерді қарастырады, барлық деңгейдегі білім алушыларды оқытудың сабақтастығын қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.
Білім берудің мақсаттарын, міндеттерін (мазмұнын) жаңғыртудың негізгі шарты Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестікті сақтау, білімді табынушылық, эволюциялық, революциялық емес даму, сананың ашықтығы, ХХІ ғасырдағы адамға лайықты қасиеттер ретінде қоғамдық санасын жаңғыртудың стратегиялық көрсеткіштерін ескеру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |