Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата02.03.2017
өлшемі0,99 Mb.
#5103
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

103 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
 Тәуелсіздік  бізге  ұлы  сый  –  еркін  ойлау  мүмкіндігін  әкелді.  Соның 
айғағы  –  әл-Фараби,  Яссауи,  Абай,  Шәкәрім  бастатқан  қазақ  ойшылдарының 
мұрасы  республикамыздың  оқу  орындарының  барлығында  да  оқытылуда. 
Мысалға  жалпы  білім  беретін  мектептердің  9-сыныбына  арналған  «Дінтану» 
атты  факультативті  курсы  бағдарламасында  оқушыларды  қазақ  ойшылдары 
мұрасымен  де  таныстыру  көзделген.  Өйткені,  жас  жеткіншектер  рухани 
ұстаздардың  мұрасын  жақсы  игеретін  болса,  діни  идеялар  мұхитында  тура 
жолға сілтейтін «компас» ретінде пайдалану мүмкіндігіне ие болады.   
 Әсіресе, тәуелсіздік алған жылдан бастап елімізге шет елдерден ағылған 
діни ағымдар мен секталардың жастарға солақай әсерін тигізбеуі маңызды.   
 Бұл  орайда  отанымыз  -  Қазақстанды  мекендейтін  халықтардың  ақыл 
бірлігі, сана тұтастығы, діни-рухани ілімнің мағынасын адаспай тауып, соқыр 
сезімді саналы сезімге көтеру ісі Абайдың және басқа да халық даналарының 
пәлсапалық  мұрасын  игеру  деңгейімен  тығыз  байланыста.  Сондықтан  асыл 
қазыналарды  ижтиһаттықпен,  ындын  қоя  зерттеу-зерделеу  және  көпшілікке 
бұрмаламай жеткізу өзекті мәселе. 
 Сонымен,  атақты  тұлғаларымыз  -  Абай,  Шәкәрім,  Мәшһүр  Жүсіп, 
Майлықожа, Ғұмар Қараш  діни-рухани мұрасы  мынадай мәселелерді шешуге 
мүмкіндік береді: 
-
 
елімізде бірегей діни түсінік қағидаларын қалыптастыру; 
-
 
жас жеткіншекті қауіпті діни бірлестіктердің ықпалынан қорғау; 
-
 
олардың  экстремистік  және  террористік  іс-әрекеттерге  қосылып 
кету мүмкіндігінің алдын алу. 
Түпкі  мақсат  –  имандылықты  нығайту  жолымен  елімізде  қалыптасқан 
тыныштық пен ынтымақты сақтап, одан әрі дамыту.   
         Егер  оқушылар  мен  студенттерге  діннің  негіздерін  ұлы  ойшылдар 
арқылы  жеткізсек,  қазақтың  рухын,  этномәдениетін  және  ақыл-ой 
жетістіктерін  басқа  халықтарға  толымды  көрсете  аламыз.  Әсіресе,  Абайды 
тану  мен  қазақты  тану  бір  ұғым.  Бұл  ретте  мектептерде  5-сыныптан  бастап 
«Абайтану» пәнін енгізуді ұсынылады. 
         Қазақ  топырағында  жасаған  төл  ойшылдарымыздың  мұрасын  қоғамның 
игілігіне  пайдалану  салты  енді-енді  қалыптаса  бастады.  Алайда  алда 
атқарылар жұмыстар әлі көп. Төменде соның бірнешеуін атап өтелік: 
        -  Абайдың  мағрифатулла    ілімі,  «үш  сүю»,  «толық  адам»  концепциясы 
және  Шәкәрімнің  «ар ілімі»  жан-жақты  екшеліп, оның  берісі мұсылман, әрісі 
әлемдік теология бойынша жаңалық екендігі дәйектелуге тиісті;   
        -  Абай  Тәңірінің  заңы  сапасында  ашқан  әділет,  махаббат  ұғымдарын 
қоғамдық  санаға  сіңдіру,  тәлім-тәрбиелік  істерде  тиімді  пайдалану  жақтарын 
ғылыми тұрғыда қарастыру керек;   

104 
 
        -  Абай  философиясы  мен  ислам  философиясы  арасында  терең 
тамырластық  бар.  Деректік  көздері,  теориялық  ұстанымдары  және  ғылыми 
аппарат ортақтығы арқылы осыны дәлелдеу міндет; 
        -  қиын  сырлы  отыз  сегізінші  қарасөздегі  Абайдың  теологиялық  төл 
зерттеуі, сондай-ақ философиялық ой-танымдық тезистерінің әрбірі тереңдете 
тыңғылықты тексерілуі керек.  
        Бүгінгі таңда Қазақстанның әлемдегі ерекше орнын жоғалтып алмау үшін 
қоғамымызда гуманитарлық ой-сана мен толеранттық дүниетанымды нығайта 
түсу керек. Ол үшін мемлекет халыққа діни-рухани білім беру мен жастардың 
тәлім-тәрбиесін  өз  қолына  алуға  тиісті.  Егер  бұл  іс  идеологиялық  кең 
шеңберде  атқарылатын  болса,  сонда  ғана  рухани  мұра,  оның  ішінде  біз  сөз 
еткен  ойшылдардың  ой-танымдары,  қоғамдық  өмірге  жол  тартып,  жас  ұрпақ 
тәрбиесіне оң ықпалын тигізетін болады. 
        Айталық,  діннің  рухани  және  ғұрпылық  жақтары  бар.  Бұларды 
шатастырып  алуға  болмайды.  Рухани  жағы  дегеніміз,  халықтық  ұғымдағы  – 
имандылық,  екінші  аты  –  адамшылық.    Абайдың:  «Ең  үлкен  нәрсе  – 
адамшылық»  дегені  сол.  Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  хадисінде: 
«Жақсылық көп жасаған адам – ең жақсы адам» деген. Сондықтан біз баланы 
мектеп қабырғасынан жақсылық жаса, иманды адам бол деп үйретеміз. Және 
мұны  білім сапасында  береміз.  Білім алған жеткіншек тураны, рухани жолды 
өзі  табады.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  бұл  ойды  былайша  жеткізеді:  «Маған 
рухани күш, яғни адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы және діни сенім бір-
бірімен  тығыз  байланысып,  қатар  жүретін  сияқты  көрінеді  де  тұрады.  Адам 
алдымен рухани жағынан жетілуге қадам жасайды». 
        Олай  болса,  адамшылық  ұғымды,  «Алланың  өзі  де  рас,  сөзі  де  рас»  деп 
Абай айтқан имандылықты ұрпаққа дұрыс бере білу үшін ғылыми жобада сөз 
етілген және басқа да қазақ ғұламаларының ой-пікірлерін, өсиеттерін алдымен 
терең  зерттеп,  ұғынып  алу  маңызды  және  кітаптарын  кеңінен  тарату  қажет. 
Оларды    халық  игілігіне  толымды  пайдаланудың  сара  жолы  осы  деген 
пікірдеміз.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

105 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1
 
Абай  Құнанбайұлы.  Шығармаларының  бір  томдық  толық  жинағы.  - 
Алматы, 1961. - 468 б. 
2
 
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. -296 б. 
3
 
Әуезов  М.О.  Абай  Құнанбайұлы:  Монографиялық  зерттеу.  -Алматы: 
Санат, 1995. -175 б. 
4
 
 Мұхаметханов  Қ.  Ұлы  ақынның  қайраткерлік  қызметі  //  «Абай» 
журналы, 1992, №1. 38-42 бб. 
5
 
  Сағди А. Абай // Абай. – 1993. -  N 6.  - 4- 14 бб. 
6
 
 Шәкәрім  Құдайбердіұлы.  Түрік,  қазақ-қырғыз  һәм  хандар  тарихы. 
Алматы, 1991. 
7
 
 Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. –Алматы, 1973. -
32 б. 
8
 
Сыздықова  Р.    Абай  шығармаларыныњ  тілі:  Монография.  -  Алматы, 
1971. – 210 б. 
9
 
 Есім Ғ.  Фалсафа тарихы. - Алматы, 2000. - 4 б. 
10
 
Әл-Фараби.  Ғылымдардыњ  классификациясы.  //  Аударған  Ахмет 
Арслан. - Анкара, 1997. – 16-22 бб. 
11
 
Әл-Ғазали  Ә.-Х.  Ихйа  илм  ад-дин.  Орысшаға  аударған  және 
түсініктемені жазған В.Наумкин // Воскрешение наук о вере. – М.: Наука, 1980.  
– С. 4-7. 
12
 
Әл-Фараби  Ә.  Философиялық  трактаттар.  -Алматы:  Ғылым,  1973.  - 
289 б. 
13
 
Шәкәрім.  “Үш анық” трактаты. - Алматы, 1991. - 14 б. 
14
 
Шәкәрім. Иманым. Өлеңдер жинағы. – Алматы: Арыс, 2000. - 100 б. 
15
 
 Есім Ғ.  Шәкәрім сауалдары төңірегінде  // Абай. –1998. - N2. -11 б.  
16
 
Әл-Фараби. Мәселелер мәні // Фалсафа тарихы. -Алматы, 2000. - 48 б. 
17
 
Бегалинова  К.  Суфизм  как  феномен  мусульманской  культуры.  - 
Алматы, 1999. – 194 с. 
18
 
Машанов А. Әл-Фараби және Абай. - Алматы, 1994. - 118 б.      
19
 
Гольдцигер И.  Лекции об исламе.  - Ефронь, 1912. - С. 102. 
20
 
Ибн Араби. Данышпандық мөрі // Ғ. Есім. Фалсафа тарихы. - Алматы, 
2000. - 260-261 бб. 
21
 
Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет. –Түркістан, 1993. -74 б. 
22
 
Ишан Ақмырза. Түркі иман. – Семей, 2001. – 14 б.  
23
 
 Гете И. Шығармалары. – М., 1976. - Т.1. – С. 72-73. 
24
 
Есім. Ғ.  Иасауи дүниетанымы //Абай. – 2001. -  N3. –19-25 бб. 
25
 
Ислам. Энциклопедический словарь. - М.: Наука, 1991. – С. 145 -149. 
26
 
Құран Кәрім. – Алматы, 1993. – 570 б. 
27
 
Шәкәрім Шығармалары. Толық жинақ. – Алматы: Жазушы, 1988. -
560 б. 

106 
 
28
 
Кенжетай Д. Абайтану оқулары // Ислам дәстүріндегі діни таным. – 
Алматы, 2004. -27 б. 
29
 
Жеменей  И.  Ислам  әлеміндегі  сопылық  //  «Абай»  журналы,  2005. 
№2. -53 б. 
30
 
Толстой  Л.Н.  О  разуме,  молитве  //  Полн.  собр.соч.: В 23  т.  –    М., 
1913. - Т.23. - С.12. 
31
 
Егемен Қазақстан №90-93 (25939) 12.03.2010  
32
 
Манайұлы Н. Шәңгерей. Өлеңдер жинағы. – Алматы: 1934. - 31б. 
33
 
Халифа Алтай Ғақыпұлы. Таңдаулы Хадистер аудармасы. – Алматы: 
Берен ШЕ, 1993.-24 б. 
34
 
Жұртбай Т. Маржани мен Абайдың тоғысар тұсы // Абай. — 1996. — 
№ 3. — 22-б. 
35
 
http://www.rusnauka.com/31_ONBG_2011/Philologia/2_95983.doc.htm 
36
 
http://www.rusnauka.com/30_NIEK_2011/Philologia/1_95981.doc.htm 
37
 
http://mashhur.psu.kz/biograf-kaz.html 
38
 
http://abai.kz/content/kuandyk-mesh-r-zh-sip-din-zhene-mesh-r-zh-sip 
39
 
Болғанбаев Ә. Анатомиялық атауларға байланысты фразеологизмдер. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. А.: Ғылым, 1989. 
40
 
Бес  ғасыр  жырлайды:  2  томдық.  Құрастырған  М.Байділдаев, 
М.Мағауин. –Алматы: Жазушы, 1989. Т.2. 25-бет. 
41
 
 Нақыл. Кіріспе. Алматы. «Жазушы». 1972, 5-бет. 
42
 
 Майлықожа.  Шығармалар.  Жинап,  зерттеп,  жариялай  жүріп 
құрастырған Ә.Оспанұлы.- Алматы. 2005, 25-бет. 
43
 
Үш ғасыр жырлайды. А., 1965, 200-бет.  
44
 
«Қазақ  фольклористикасының  тарихы».-  Алматы.  1988,  349-350-
беттер. 
45
 
 Ұлы жыршы туралы ұлағат. Алматы. 1996, 50-бет 
46
 
Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  Он  томдық.  4-том.  Алматы.  ҚазАқпарат. 
2006, 61-бет   
  
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

107 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ХІХ ҒАС. СОҢЫ - ХХ ҒАС. БАСЫНДАҒЫ 
ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ  
ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДЕ АЛАТЫН ОРНЫ   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана қ., Орынбор көшесі, 8  «Министірліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет