Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеуге
өтінімдерді сараптау қағидасы
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 шiлдедегi «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Заңының (бұдан әрi – Заң) 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген сәйкес әзiрлендi және интегралдық микросхема топологиясын тiркеу бойынша өтiнiмдерге сараптама жасау тәртiбiн белгілейді.
Осы Қағидада мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) өтiнiм – интегралдық микросхемалар топологияларын тiркеуге өтiнiм; 2) интегралдық микросхема – элементтерi мен байланыстары оның негiзiнде бұйым жасалған материалдың көлемiнде және немесе бетiнде ажыратылмастан құрылған электрондық схеманың қызметiн атқаруға арналған аяқталған немесе аралық нысандағы микроэлектрондық бұйым;
3) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi – топология) – интегралдық микросхема элементтерiнiң жиынтығы мен олардың арасындағы байланыстардың материалдық жеткiзгiште бекiтiлген кеңiстiк - геометриялық орналасуы;
4) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;
5) сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы
6) ДЗМҰ – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы;
7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.
2-тарау. Интегралдық микросхеманың топологиясы бойынша
өтінімді ресімдеу және тіркеу тәртібі
3. Топология авторы мынадай жағдайларда:
егер топология қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау ретiнде жасалған болып табылмаса;
егер топология қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау ретiнде жасалған, бiрақ автор мен жұмыс берушi арасындағы шартпен автор тiркеуге өтiнiм беруге және топологияны тiркеу туралы куәлiк алуға құқығы көзделген болса.
Өтiнiм беру құқығын қандай да бiр құжатпен растау талап етiлмейдi.
4. Өтінім сараптау ұйымына тікелей беріледі, поштамен немесе электрондық-цифрлік қолтанбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.
5. Өтінім өтінім беруші арқылы тікелей немесе өкіл арқылы, оның ішінде уәкілетті органда тіркелген патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілуі мүмкін.
Өкілдің өкілеттігі сенімхатпен расталады.
Өтінім келесі құжаттардан тұрады:
1) атына тiркеу сұралатын авторы(лары) және тұлға(лар), сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, топологияның бiрiншi пайдаланылған күнi, егер ондай орын алған болса, көрсетiле отырып топологияны тiркеуге өтiнiм;
2) рефератты қоса алғанда, топологияны сәйкестендiретiн материалдар;
3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес берілген сенімхат, егер өтініші тіркеу өкіл арқылы берілсе;
4) тіркеу үшін төлемді растайтын құжат.
6. Топологияны тiркеу туралы өтiнiш мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде ұсынылады. Өтiнiмнiң басқа құжаттары мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлде ұсынылады.
Егер өтiнiмнiң басқа құжаттары басқа тiлде ұсынылса, өтiнiмге олардың мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi аудармасы қоса тiркеледi. Аударма өтiнiммен бiр мезгiлде немесе басқа тiлдегi құжаттарды қамтитын өтiнiм келiп түскен күнiнен бастап екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылуы тиiс.
7. Топологияны тiркеу үшін өтiнiмге, рефератты және олардың мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудармасын қоса алғанда, топологияны сәйкестендiретiн материалдар ұсынылады.
8. Барлық құжаттар оларды тiкелей көшiрмелеуге жарамды болатындай етiп ресiмделедi.
Әрбiр парақтың жолдары сол парақтың ашық қалдырылған жиегiне қатарластыра орналастырылып, бiр жағы ғана пайдаланылады.
9. Өтiнiмнiң құжаттары берiк, ақ, тегiс, селдiр емес, жылтыр емес қағазда орындалады.
10. Өтiнiмнiң әрбiр құжатының екiншi және одан кейiнгi парақтары араб цифрларымен нөмiрленедi.
11. Топологияны тiркеуге өтiнiш осы Қағиданың 1-қосымшасында келтiрiлген нысан бойынша ұсынылады.
Екi және одан да көп өтiнiш берушiлер тiркеуге өтiнiм берген кезде өтiнiшке және оған толықтыруға(ларға) олардың әрқайсысының қолы қойылады.
12. Тiркеуге өтiнiм келiп түскен күнге дейiн коммерциялық мақсаттарда пайдаланылмаған топологияны сәйкестендiру мақсатында, топологияны сәйкестендiру материалдарында:
1) топологияның әрбiр қабатын бейнелейтiн, мынадай визуальды қабылданатын материалдардың әрбiр түрлерiнiң толық жиынтығы;
2) құрама топологиялық сызба немесе қабатты топологиялық сызбалар;
3) интегралдық микросхемада бекiтiлген, топологияның әрбiр қабатының фотосуретi;
4) кейiннен ресми бюллетеньде жариялауға арналған мынадай мәлiметтердi қамтитын реферат:
өтiнiште және оған толықтыруда(ларда) көрсетiлген әрбiр автордың тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол болса);
әрбiр өтiнiш берушiнiң аты немесе атауы;
топологияның атауы;
интегралдық микросхеманы дайындау үшiн қолданылатын технологияның түрi;
интегралдық микросхеманың қолданылу саласын, мақсатын, қызметiн қамтитын аннотация көрсетiлуi тиiс.
Аннотацияның көлемi - 700 баспалық белгiге дейiн.
13. Өтiнiм тiркеуге келiп түскен күнге дейiн коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған топологияны сәйкестендiру мақсатында, топологияны сәйкестендiру материалдарында, осы топологияның коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған түрiн қамтитын интегралдық микросхеманың үлгiлерi қосымша екi данада болуы тиiс, ал рефератта коммерциялық мақсатта бiрiншi пайдаланылған күн туралы және интегралдық микросхема үлгiсiнiң негiзгi техникалық сипаттамасы туралы мәлiметтер қосымша қамтылуы тиiс.
14. Көзбен көрiп қабылданатын материалдардың бейнесi кемiнде 20:1 масштабта ұсынылуы тиiс.
Фотосуреттегi бейненiң түсi қарама-қарсы болуы тиiс.
Сызбалар мен фотосуреттердiң барлық даналарында бейненiң масштабы көрсетiлуi тиiс.
15. Егер топологияның қандай да бiр қабаты көзбен көрiп қабылданатын материалдарда құпиялық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын болса, бұл қабаттың тиiстi бөлiгi (немесе түгел қабаты) алынып тасталады да топологияны сәйкестендiретiн материалдар құрамына кодталған түрде енгiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |