Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,48 Mb.
#806
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

 
24 сабақ. Тақырып: «Ұлттық киімдер» 
Мақсаты 
мен 
міндеттері: 
Ұлттық 
киімдер 
туралы 
мағлұмат 
беру.Балалардың  сөздік  қорын  жаңа  сөздермен  (сәукеле,  бөрік,  тақия,  шапан, 
шертек,  шалбар)  таныстыру.    «Жылы»,  «суық»  деген  шартты  белгілермен 
сөйлем құрастыру. 
Көрнекілік: Ұлттық киімдер шартты белгілер, жұмыс дәптері. 
Сабақ барысы : 
1. -ғап-ғап, қолымда қолғап – жаттығуды қайталау. 
Тапсырма:-Какого  цвета  «қолғап»?  (сары,  көк)    -Раскрась  и  скажи  (сары 
қолғап, қара қолғап). -Сколько «сары қолғап»? 
2. «В ателье моя мама шьет национальную одежду». 
–  Какая  одежда?  (тақия,  шапан)  т.б.  Мұғалім  ұлттық  киім  киген  қыз 
қуыршақ  пен  баланы  көрсетеді.  Тапсырма:  -Раскрась  «қызыл  тақия»,  «сары 
сәукеле», «қара шапан» и др. Балалар суреттегі киімдерді бояп, айтады.  
3.Тапсырма:  -Составь  предложения  с  условными  знаками:  -суық,  -жылы 
Сұрақ: - Не жылы? Не суық?( Суық галош, жылы етік.)  
Тапсырма:-Отметь (жылы бәтеңке). 

 
112 
4. «Во что одета кукла?» 
Мұғалім:-  Құлақшын  қара,  жылы.  –  Раскрась,  условным  обозначением 
покажи слово «жылы» - «Тон қара, жылы» -раскрась и поставь условный знак. 
5.  Жұмбақ  шешу.  «Шешесі  суық,  әкесі  суық.  Бұл  не?»  Тірек  суреттер 
арқылы жұмбақты шешу. 
6.Дидактикалық  ойын.  «Что  изменилось?»  (Қуыршақтың  киімдерін 
өзгертіп киіндіру). «Не өзгерді?» деп сұрау. 
 
ІІ. Балабақшаның мектепке даярлық тобына арналған сабақ  үлгілері 
 
№1 сабақ. Тақырып: «Балабақша». 
Мақсаты  мен  міндеттері:  Балабақша  туралы  білімдерін  бекіту 
«Балабақшада  кім  жұмыс  істейді?»  деген  сұраққа  жауап  бере  алу  (сызба 
бойынша). 
Сөздерді  байланыстырып  жай  сөйлем  құрастыруға  дағдыландыру 
Балабақша қызметкерлері туралы әңгімелесіп, сөйлем құрастыру, барыс септік 
жалғауын  (-ға-ге)  анық  айтқызу.Сөздерді  буынға  (1,  2,  3)  бөліп  үйрету. 
Артикуляциялық жұмыс жасап, «Қ» дыбысын сөз ішінен тапқызу. Балалардың 
ойлау қабілетін дамытып, шартты белгілерді ( -отыр, -таза, -тәтті; т.б.) естеріне 
салу.  
Сөздік жұмысы: Тәрбиеші, күтуші, мұғалім, аспаз. 
Көрнекі  құралдар:  Балабақша  сызбасы,  қызметкерлердің  суреттері, 
шартты белгілер, жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар. 
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:  
1. Е.Өтетілеуовтің тақпағынан үзінді жаттау: 
Бала,бала,баламыз 
Бақшамызға барамыз 
Күні бойы қызыққа  
Батамыз да қаламыз 
                 ( 2-3 рет қайталату) 
2. Мұғалім «Балабақша» сызбасын көрсетіп: -Кто работает в детском саду,  
узнайте  по  схеме.?  Жұмыс  дәптері  бойынша  балалардың  жауабы:  аспаз, 
мұғалім, тәрбиеші, күтуші, дәрігер. 
3.  Мұғалім  келесі  сызбаны  көрсетіп:  «Балабақшада  не  бар?»  -  деп 
сұрайды,  жауап  үлгісі:  «Балабақшада  үлкен  терезе  бар».  Үлгі  бойынша  келесі 
сөйлемдерді балалар өздері құрастырады. 
4.  Мұғалім:  -  Дети,  посмотрите  на  3-е  задание  «Кімге  не  керек?»,  «Кому 
что  нужны  для  работы?».  Будьте  внимательны,  нужно  правильно  добавить 
окончание. 
Например: Ведро, веник кому нужны? 
Балалардың жауабы: - Няне.  - Чтобы сказать   «няне» по казахски, нужно 
знать  слово  обращение  «Күтуші  апай».  Правильно  добавить  окончание 
«күтушіге»,  Күтушіге  не  керек?  (Нужны  няне...)  Әрі  қарай  «Аспазшыға  не 
керек?» (Повару нужны...),  «Тәрбиеші (ге) не керек?» (кітап, доп) деп айтқызу. 

 
113 
5.  Сергіту  сәті:  -  Дети,  встанем,  покажем  какие  мы  в  детском  саду 
сильные: 
                           1, 2, 3, 
                           Балалар алды күш! 
                           1, 2, 3, 
                           Екі аяқта күш!   (2-3 рет қайталау). 
6. Следующее задание  «Боя-разукрась». Я буду  говорить предложения,  а 
вы выполняйте : «сары сағат», «қызыл алмұрт», «жасыл бәтеңке». 
Сұрақ: - Что осталось не разукрашенным? 
Балалардың жауабы: - Шалбар-брюки, терезе. 
7. Мұғалім суреттер бойынша түсіндіреді: «Когда один стул, мы говорим 
«орындық»,  когда  их  несколько-  «орындықтар»,  окончание  -тар  добавляется 
следующее :  -Прочитайте сами (бала-лар, терезе-лер). 
8. Мұғалім: -Сколько слогов в словах: орындық, доп, сағат, тәрбиеші. 
Тапсырма: -Покажи стрелкой. Обьяснить, что буын-слог.  
Неше буын? - Сколько слогов? ( Сұрақ жауап  ретінде қайталау) 
- Тәрбиеші,  неше буын? (4) 
- Доп , неше буын? (1) 
- Сағат, неше буын (2). 
9.  «Где  звук  «Қ»?  Посмотрите  на  рисунок,  найдите  слова  где  есть  звук 
«Қ». - Шар. «Қ» дыбысы бар ма? (жоқ). Қуыршақ. «Қ» дыбысы бар ма? (бар). 
«Қ» дыбысы бар сөздерді белгіле ( возьми в кружок), а где нет, зачеркни. 
10. Мұғалім шартты белгілерді көрсетіп: 
–  У  Вас  на  рисунке  такие  же  «секретные  знаки».  Вспомни  их.  Балалар: 
отыр, таза, секіреді, жейді, тәтті. Сұрақ: -Кім отыр? Кто сидит? (Ата отыр.) т.б. 
11. Өзін - өзі бақылау және өз жұмысын бағалау.  
Қате болмаса – жасыл дөңгелек. 
Қате болса – көк дөңгелек. 
 
№ 2 сабақ. Тақырып: «Балабақша өмірі» 
Мақсаты мен  міндеттері: Балабақша туралы білімдерін кеңейту. Сын есім, 
сан  есім,  зат  есім,  етістік  сөздерімен  сөйлем  құрастыру.  Сызба  бойынша:  өзі 
туралы  әнгіме  құрастыруға  үйрету  (монолог).  Шартты  белгілерді  пайдаланып, 
көптік  жалғаулы  зат  есімдері  бар    сөйлем  құрастыру.  Негізгі  түстерді  ажырата 
білу.  «Менде»  деген  есімдік  сөзімен  сызба  бойынша  сөйлем  құрастыру. 
Артикуляциялық жұмыс жүргізіп, «Ө», «Ғ» дыбыстарын сөздің ішінен аңғарту. 
Сөздік жұмысы: ат, жұмсақ мысық, қатты мысық, жастық; 
Көрнекі құралдар: ойыншықтар (үйретілетін сөздікке  қатысты муляждар, 
суреттер). Сызба  «Өзім туралы», қапшық  «Ө» дыбысы,  «Ғ» дыбысы жазуымен 
жұмыс дәптері. 
Пайдаланатын  әдіс-тәсілдері:  «Сандықта  қандай  ойыншықтар  бар?» 
Дидактикалық ойын. 
Сұрақ:  Какие  игрушки  есть  в  корзине.  В  сундуке?  Сандықтан 
ойыншықтарды көрсетіп, балалар бір-бірлеп атайды. 
Сұрақ: Какие игрушки ? Қандай? (үлкен, кішкентай, әдемі). 

 
114 
Тапсырма: Боя - разукрась. Қоңыр ат. 
Сұрақ: Аттың түсі қандай? ( қоңыр). 
            Қояннның түсі қандай? (ақ). 
2.  Мұғалім  балаларға  келесі    заттарды  көрсетіп,  «жұмсақ,  қатты» 
сөздермен    таныстырады:  -Дети  сравните,  вата  какая?  (мягкая),  а  кубик 
(твердый). Мягкая - жұмсақ (2-3 қайталау.) 
Не жұмсақ? Что мягкое? (мысық жұмсақ, жастық жұмсақ) 
Твердый – қатты  (2-3 қайталау.) 
Не  қатты?  (Дәптерден  суреттерге  қарап  сөз  тіркесін  құрастыру),  Кубик 
қатты, қарындаш қатты. 
3. Мұғалім «Өзім туралы» атты сызбаға қарап, әңгіме құрастыртады: 
Үлгі:  Менің  атым  Саша.  Мен  алты  жастамын.  Мен  Кутузов  көшесінде 
тұрамын. Мен балабақшаға барамын. 
4.  Сергіту  сәті:  -  Давайте,  поиграем  в  игру  «Балабақшада»  -«  В  детском 
саду». Ребенок пришел в сад заблудился, его ищут. 
Алақай, қайда балақай: 
Кім балақай? 
Оля балақай. 
Оля қайда? 
Оля балабақшада. 
Балалар  шеңбер  құрып,  бір  бала  ортада  тұрып,  қол  шапалақтап,  сөздерді 
қайталайды. Мұғалім шартты белгілерді көрсетіп: 
-Посмотрите  дети,  у  меня  «секретные  знаки»  -  Какие?  (Балалар  таза, 
үлкен, тәтті): А теперь такое задание- составить предложение. 
Шкафтар таза. Терезелер үлкен. Измените предложение. Если один шкаф, 
одно окно как будет предложение? 
Следующее задание «боя –разукрась» 
Сары кітап, жасыл жүзім, қызыл шаңырақ. 
Сұрақ:  Какие  предметы  остались  не  разукрашенными  (орындық, 
пияз,үстел). 
Мұғалім:  У  меня  письмо  от  Незнайки  «Дети,  угадайте  какие  у  меня  есть 
игрушки, по вашим тетрадям» прочитайте по схеме (Менде доп бар ).  
Сұрақ: -А какие у вас есть игрушки? Балалардың жауабы. 
8.  «Қапшықта  не  бар?»  ойыны.  Мұғалім:  -  Дети,  посмотрите,  у  меня  два 
мешочка,  один  мешочек  куда  надо  положит  игрушки,  где  есть  звук  «Ө»,  в 
другой, где есть звук «Ғ», - «Ө» - өрік, «Ғ»- ағаш, сағат. 
Тапсырма: -Выполните задание в тетради: Подумайте, покажите стрелкой 
предметы. 
9.Өзін-өзі бақылау және бағалау. 
 
№3 сабақ. Тақырып: «Ойыншықтар» 
Мақсаты  мен  міндеттері:  -  Ойыншықтар  туралы  сөз  қорын  молайту. 
Шарты белгілерді пайдалана отырып балалардың ойлау қабілетін  дамыту. Сын 
есім,  сан  есім,  етістік  сөздерімен  сөйлем  құрастыру.  «К»  және  «Қ» 

 
115 
дыбыстарының  айырмашылығын  аңғарту.  Диалог  құруға  дағдыландыру.  Өзін-
өзі бақылау және бағалау. 
Сөздік  жұмысы:  балық,  үйрек,  есек,  түлкі,  ұшақ,  бақа,  кірпі,  шартты 
белгілер: (үлкен, кішкентай, таза, әдемі, қатты, жұмсақ). 
Көрнекі құралдар: Ойыншықтар:  
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: көркем мәтін.  
1. Мұғалім: Е.Өтетілеуовтің «Санамақ» өлеңін түсініп оқу. 
Мәтіні: 
                                   «Бақшаға жақсы аға 
                                    Көп ойыншық келді алып 
                                    1 балық, 2 есек, 3 үйрек, 4 түлкі... 
                                     Бақшаға жақсы аға  
                                     Неше ойыншық келді алып? 
Мазмұнын сурет арқылы түсіндіріп, сұрақ қояды:.-.Неше балық? 
-Неше есек? Барлығын санатып, соңғы жауабын бергізу. 
2. Тақтада мұғалім  «менде» шартты белгісімен таныстырады. 
Сұрақ:  -Саша, сен қандай  ойыншықпен  ойнайсың? С какой игрушкой ты 
играешь? «Ойнаймын-играю» деген етістікпен таныстыру. 
Тапсырма: Посмотрите на второе задание и составьте предложение. Чтобы 
в конце предложения стояло слово  «ойнаймын-играю». Например: (показывает 
свой  образец) Мен шармен  ойнаймын. Балалар  жұмыс дәптерімен  сөйлемдерді 
құрастырады. 
3. «Ғажайып қапшық» ойыны. 
Тақтада 
«қандай?»  деген 
сұрақ  тұрады.  Балалар  қапшықтан 
ойыншықтарды алып пішінін, түсін айтады. 
Тапсырма: Посмотрите в рабочих тетрадях схему с «секретными знаками» 
нужно описать эти игрушки. Балалардың жауабы: -Бақа үлкен, жасыл, қатты. 
4. Сергіту сәті:-Давайте поиграем в игру «Ақ қоян» (2-3 рет қайталау). 
Балалар мәтінге сәйкес қимыл-әрекет жасайды. 
5.  Мұғалім  тақтаға  К,Қ  әріптерін  іліп,  балалардан  сұрайды:  Звук  К-
твердый, он есть и в русском и в казахском алфавите, а звук «Қ» - еще тверже, 
когда  лягушка  квакает,  он  произносит  звуки    «-бақ,  бақ,  бақ»,  курочка  издает 
звук «-қыт, қыт, қыт». 
Задание:  Посмотрите  на  4-ое  задание,  на  одном  столе  лежат  игрушки  со 
звуком  «К»,  а  на  другом  со  звуком  «Қ».  Найдите  эти  игрушки  и  проведите 
стрелкой. 
Сұрақтар: - Саша, назови слова со звуком «К».  
                  - Оля, назови слова со звуком «Қ». 
6. Жаттығу: Дети, давайте узнаем сколько игрушек нарисовал художник и 
забыл поставить цифру. Балалар сандарды жазады. 
Сұрақ:- Неше қоян? 
           - Неше бақа? 
           - Неше ұшақ? 
7. Сюжеттік-рөлдік ойын  «Дүкенде» (амандасу, сұрақ-жауап) 
 - Сәлем! 

 
116 
 - Саған не керек? 
 - Маған доп керек. 
 - Қанша тұрады? 
 - 5 теңге! Ал. 
 - Рахмет. Сау болыңыз! 
8.Өзін-өзі бақылау және бағалау. 
 
№ 4 сабақ. Тақырып: «Ойыншықтар». 
Мақсаты мен міндеттері: Балалардың сөздік қорын сөздерді байланыстыра 
отырып дамыту. Балаларға  «сурет салады» деген етістікті шартты белгі арқылы 
естеріне салу, сөйлем құрастыру. «Жоқ» деген сөзді шартты белгі арқылы беріп, 
баланың ойлау қабілетін дамыту, күрделі сөйлем құруға дағдыландыру. 
Өзін-өзі бақылау және бағалау. 
Сөздік жұмысы: (сурет салады, әдемі, жылы, суық сөз белгілерімен). 
Көрнекі құралдар: Жұмыс дәптері, шартты белгілер. 
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу 
1.  Мұғалім  балалармен  әңгімелеседі:  -  Дети,  чем  вы  занимаетесь  в 
кабинете рисования? (Рисуем). 
  - Кто там работает? (Мұғалім). 
  - А что вы делаете в столовой-асхана? (Кушаем). 
«Сурет салады» шартты белгісімен таныстырады. Сұрақ: - Кім сурет салады?  
(Таня сурет салады.) 
2. Тапсырма: Посмотрите в рабочие тетради, кто рисует скажите на  
казахском  языке.  Балалардың  жауабы:  (Арман  сурет  салады.  Мысық  сурет 
салады. Айгүл сурет салады). «Менде не бар?» деп мұғалім заттарды көрсетеді: 
Менде  қалам  бар.  «Менде  қарындаш  жоқ»,  «Жоқ»-  деген  шартты  белгісімен 
таныстырады. 
 Тақтада сызбамен көрсетеді: (Менде шар жоқ.);    (Менде екі доп бар.) 
 3.  «Ойыншықпен ойнаймыз» ойын-жаттығуы. 
 Мұғалім түсіндіреді: Мальчик с девочкой играют порознь. Девочке стало 
скучно, она просит игрушки у мальчика. –Что есть у мальчика (гүл, шар, шие).  
- Как она просит? («Берші»-дай, пожалуйста). 
 
 - Дети спрашивают друг-друга : - Гүл берші. – Рахмет. 
  -Шар берші.   – Рахмет. 
  -Шие берші.  – Рахмет. 
4.  «Рисуем  секретные  знаки».    –Вместо  слов  ставьте  секретные  знаки. 
«Қуыршақ әдемі». Мұғалім: Я буду говорить слова, а вы найдите: Торғай, әтеш, 
ит, қияр, қуыршақ. 
Задание: Я буду говорить предложение, а вы рисуйте знаки: Торғай ұшты.  
Әтеш секірді.  Ит тұр.  Қияр үлкен. 
5. Сергіту сәті: 1,2,3, 
                          Балалар алды күш! 
                          1,2,3, 
                          Екі аяқта күш!   (2-3 рет қайталау) 
6. «Біз суретшілерміз» жаттығуы. 

 
117 
Мұғалім:  -Давайте  мы  тоже  будем  художниками  и  будем  рисовать 
предметы.  Слушайте:    Доп  жұмсақ.  Рисуем  «доп»  и  проводим  стрелку  к  знаку  
«вата». –Жұмсақ (показывает мягкий мяч). Терезе жылы, доп суық. 
7. –Давайте,  вспомним стихотворение про детский сад. 
        Бала, бала, баламыз.        
   И  нарисуем  наш  детский  сад.    –Что  нарисовал  расскажи  на  казахском 
языке. 
 
№ 5 сабақ. Тақырып: «Жануарлар» 
Мақсаты  мен  міндеттері:  Жануарлар  мен  аңдар  туралы  білімдерін 
анықтау.  «Не  істейді?»  деген  сұраққа  жауап  беріп,  шартты  белгі  арқылы 
белгілеу.  Артикуляциялық  жұмыс  жүргізіп,  «қ»,  «а»  дыбыстары  бар  сөздерді 
анықтау.  Қазақ  тіліне  деген  қызығушылықтарын  ойын-жаттығулар  арқылы 
дамыту. Өзін-өзі бақылау және бағалау. 
Сөздік жұмысы: Түйе, жылқы, қой. Балапан,   
Көрнекі  құралдар:  Жануарлар,  аңдардың  суреттері,  шартты  белгілер, 
жұмыс дәптері. 
Әдіс-тәсілдер: 
1. Мұғалім жануарлардың, аңдардың суретін көрсетіп: 
 - Мынау не? деп сұрайды. 
 - Қандай? деген сұраққа жауап береді. 
Тапсырма: - Жылқы не істейді?  (ұйықтайды)  
                   - Түйе не істейді?  (ұйықтайды). 
                   - Балапан қандай?  (кішкентай). 
                   - Боя!- Қара жылқы, қоңыр түйе. 
2. Мұғалім түсіндіреді: -Дети, давайте правильно разместим картины. 
В одном домике разместим картины со звуком «Қ», а в другом домике со 
звуком «А». Сұрақ: Назовите слова, где есть звуки «Қ», и «А». 
3. «Кім не істейді?» Ойын-жаттығу. 
Мұғалім: -Дети, угадайте по картинке кто что делает? 
Сұрақ:-Қыз не істейді? (Қыз ұйықтайды). 
           -Бақа не істейді?  (Бақа секіреді). 
4. «Дұрыс орналастыр» - ойын-жаттығуы. 
Мұғалім:  -Здесь  нарисованы  слова-картины  где  есть  звук  «Қ»,  но  где  он 
расположен, в начале, в середине, в конце. –Правильно соотнеси картины (қияр 
–в начале слова, қой- в начале, тауық-в конце) 
5. Мұғалім тақтаға шарлардың суретін іледі. 
Оқиды:                  
                              Ақ шар бар. 
                              Көк шар бар. 
                              Бес шар бар. 
Тапсырма: -Теперь посмотрите в тетради, читайте и разукрасьте шары. 
(2-3 рет хормен қайталау). Жатқа айтқызу. 
6.  Мұғалім:  Түйе,  жылқы,  қой  қалай  жазылатынын  көрсетіп,  дәптерге   
жазғызады. 

 
118 
7. Өзін-өзі бақылау және істеген жұмысын бағалау. 
 
№ 6 сабақ. Тақырып: «Көкөністер мен жемістер». 
Мақсат  пен  міндеттер:  Көкөністер  мен  жемістер  туралы  сөз  қорларын 
молайту,  жаңа  сөздер  (саңырауқұлақ  –  гриб,  ағаш  өседі  -  растет  қызанақ-
помидор,  жел  -  ветер,  жаңбыр  -  дождь,  салқын  -  прохладно)енгізу.  Көкөністер 
мен  жемістерді  ажырата  білу,  сызба  бойынша  белгілеу.  Дәмін,  түсін  айтып 
сөйлем құрастыру. 
Сөздік  жұмысы:  Қияр,  қызанақ,  кәді,  алмұрт,  алма,  жапырақ,  суық,  гүл, 
жаңбыр; дәмдә, тәтті.  
Көрнекі  құралдар:  Саңырау  құлақтың,  ағаштың  суреті;  күздің  суреті, 
жұмыс дәптері, схемалар (шартты белгімен). 
Әдіс-тәсілдер: Әңгіме.  
1.  Мұғалім  балаларға  күздің  суретін  көрсетіп:-Күз  келді.  Бала  орманға 
келді. Он хочет собрать грибы (саңырау құлақ)  – 2-3 рет қайталату. 
-Под  одним  деревом  он  увидел  сколько  грибов?  –Неше  саңырау  құлақ? 
(3).  Под  другим  деревом  он  увидел  Неше  саңырау  құлақ?  (1)  Подумайте, 
сколько грибов он унес домой (4). 
2.  Тапсырма:  Напишите  в  клеточках  сколько  было  грибов  под  одним 
деревом, прибавтье сколько было под другим деревом и сколько всего он собрал 
грибов.  Сөйлем  құрату.  «Көкөністерге  не  жатады,  жемістерге  не  жатады?» 
Мұғалім көкөніс жемістерінің суретін көрсетеді: Алма көкөніс пе? -Жоқ , алма 
жеміс.– Картоп көкөніс пе? – Иә, картоп көкөніс. а) Тапсырма: - Көкөністердің 
суретін  сал.  Нарисуй  какие  ты  знаешь  овощи  -  көкөністер.  б)  Тапсырма: 
Нарисуй,  какие  ты  знаешь  жемістер  -  фрукты  и  назови.  «Дәмі,  түсі  қандай?» 
Мұғалім түсіндіреді. Кәді дәмді - вкусный. Жүзім- тәтті - сладкий. 
3.Тапсырма: Мы будем разукрашивать овощи, фрукты. 
Подумайте,  каким  цветом  разукрасите.  Сұрақ:  -  Оля,  қызанақ  қандай 
(қызанақ қызыл, дәмді). Коля, пияз қандай? (пияз сары, ащы). 
4. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар(мәтінге сәйкес қимыл-әрекет жасау). 
«Не көп, не аз?» Мұғалім: - Предметов может быть много, может быть и 
один. Тогда их правильно нужно произносить. Вот если много грибов говорим 
по казахски «саңырауқұлақтар», а если много яблок говорим «алмалар». 
Задание:  Правильно  прочитайте  предложение  в  пустом  квадрате  нужно 
обозначить цвет (сары жапырақтар өседі). Түсіндіру: өседі - растет, растут? 
5.«Күзде не болады?» Мұғалім: - Что бывает осенью? Күн салқын.  (День 
прохладный.)  Жел  соғады.  (Дует  ветер.)  Жапырақтар  ұшады.  (Листья  летят.) 
Жаңбыр жауады. (Дождик льет.) Тапсырма: Составь предложение, с условными 
знаками. 
6.  Қорытынды:  Кім  көп  зат  салады?  Мұғалімнің  сөзі:  Жаңбыр,  қызанақ, 
кәді,  алмұрт,  жапырақ,  суық,  гүл.  Кім  алты  -  жеті  сурет  салды,  сол  өзіне  жасыл 
дөңгелек салады. Кім үш -  төрт сурет, ол көк дөңгелек салады. Кім бір, ол қызыл 
дөңгелек салады. 
 

 
119 
№ 7 сабақ. Тақырып: «Көкөністер мен жемістер қандай?» 
Мақсаты мен міндеттері: Көкөністер мен жемістердің түрін, дәмін айтуға 
дағдыландыру.  Шартты  белгілерді,  тірек  суреттерді  пайдаланып,  сөйлем 
құрастыруға  үйрету.  Балалардың  ойлау  қабілетін  дамыту.  Сөздерді  буынға 
бөлуге  үйрету.  «Ұзын»,  «қысқа»  сөздерінің  шартты  белгілерімен  таныстыру. 
Балалардың есту, көру қабілетін арттыру (ребус шешу). 
Сөздік жұмысы: Алмұрттың дәмі, жүзім тәтті, лимон қышқыл. 
Көрнекі  құралдар:  жұмыс  дәптері,  тақта,  схемалар,  шартты  белгілері, 
сюжетті сурет. 
Әдіс-тәсілдер:  
1.  «Бау-бақшада  не  өседі?»  ойыны.  Мұғалім  балаларға  үлестірмелі 
материал (көкөністер) таратып, бау- бақшаның суретін көрсетеді:  -Бау-бақшада 
не  өседі?-  деп  сұрайды.  Давайте  посадим  огород.  И  произносит:  -Бау-бақшада 
қияр өседі.(шалқан, кәді).  
2.  Тапсырма:  Посмотрите  на  задание  №1  .-  Назовите  овощи.  Слова  со 
звуком «Қ» обведите в кружок. 
3.  В  каком  слове  нет  звука  «Қ»  (пияз).  В  каких  словах  есть  звук  «Қ». 
Шалқанды сары түспен боя. Сары шалқан.  
4.  «Дәмі  қандай?»  -  ойын-жаттығу.  Сұрақтар:  Алмұрттың  дәмі  қандай, 
қышқыл  ма?  (кислая)  Түсіндіру:  Қышқыл-кислый  как  лимон,  слово  кислый 
можно  обозначить  секретным  знаком  в  виде  лимона.  Жүзім  қышқыл  ма?  Жоқ, 
жүзім тәтті. (Проведите стрелкой к слову-знаку тәтті.) Алма қышқыл ма? Жоқ, 
алма  тәтті.  Мұғалім  бұрыштың  муляжін  көрсетіп:  -Бұрыш  ащы  ма  тәтті  ме?-
Найдите «ащы бұрыш», «тәтті бұрыш». Балалар тапсырмаларды орындайды.  
5.  Мұғалім  сюжетті  сурет  көрсетіп  әңгімелеседі:  Мынау  бақша.  Ағашта 
жемістер  өседі.  Жемістер  тәтті.  Балалар  алма,  өрік,  жейді.  Күн  жылы.  Гүлдер, 
шөптер өседі. Көбелектер ұшады. 
6.  Тапсырма:  Теперь  вы  составьте  рассказ  по  картинке  (в  рабочих 
тетрадях). «Буынға бөл» ойын-жаттығу. Қарбыз, қызанақ, жапырақ, гүл сөздерін 
буынға  бөлу.  Артық  торды  сызып  таста.  -  Зачеркни  лишний  квадрат.  Мұғалім 
түсіндіреді:  -  Дети,  овощи  и  предметы  бывают  по  длине,  длинные  и  короткие 
(Ұзын-қысқа) -ұзын, -қысқа белгілерін түсіндіру. 
Посмотрите на задание: - Не ұзын, не қысқа? Балалардың жауабы:  (ұзын 
қарындаш,  ұзын  сәбіз,  қысқа  қарындаш,  қысқа  қияр).  Кроссворд  шешу  (жеміс, 
көкөністерді атап жазу) 
Қорытынды: Өзін-өзі бағалау. 
 
№ 8 сабақ. Тақырып: «Саяжайда». 
Мақсаты мен міндеттері: Тірек суреттерді, шартты белгілерді пайдаланып, 
балаларды  әңгіме  құрастыруға  дағдыландыру.  Сурет  бойынша  «Не 
сыйлаймыз?»  деген  сұраққа  жауап  бергізу.  Сөйлемде  сөздердің  орын  тәртібін 
сақтау. «Жейді» деген етістік пен сөйлем құрастырып, көкөністердің түсін бояп 
көрсету.  Сөздерді  буынға  бөлу  (2-3  буынды  сөздер).  «Ұшады»  деген  етістіктің 
шартты  белгісін  балалардың  естеріне  салып,  сурет  бойынша  толымды  сөйлем 
құрастыру (түстерін айту).  

 
120 
Сөздік жұмысы: қарбыз, анар, ағаш; Тәтті, жасыл қарбыз. Қышқыл, қызыл 
анар.  
Көрнекі  құралдар:  Шартты  белгілермен  жасалған  сызба-суреттер,  «Не 
жейді?»  деген  ойынның  құралы.  «Саяжайда»  деген  сюжетті  сурет,  жұмыс 
дәптері, түрлі түсті қарындаштар. 
Пайдаланатын  әдіс-тәсілдер:  «Түлкіге  не  сыйлаймыз?»,  .«Не  ұшты?» 
дидактикалық ойындары, әңгіме үлгісі. 
1.  Мұғалім  балаларға  түлкінің  суретін  көрсетіп,  оның  туған  күні  екенін 
айтады.  «Не  сыйлаймыз?»деп  сұрайды.  Балалардың  жауабы:  (қарбыз,  анар, 
ағаштың суретін). 
- Давайте, посмотрим на  «секретные знаки» и составим предложения. 
- Тәтті, жасыл қарбыз. 
- Қышқыл, қызыл анар. 
- «Что еще можно подарить, нарисуйте в квадратах»  
2.  Мұғалім:  «К  нам  пришли  гости»  Қандай  қонақтар?  Какие  гости  (қоян, 
мысық, аю, түлкі)  «Не жейді?» Что они будут есть? Қоян қызыл сәбіз жейді. т.б.   
– Сәбізді боя! 
3.  Мұғалім  Дымбілместің  атрибутын  (суретін)  көрсетіп:-Незнайка  учит 
казахские слова. Ему дали задание: Раздели слова на слоги (қы-за-нақ - 3 буын ) 
т.б.  Тапсырма:  -Найди  слова,  состоящих  из  2-х  слогов,  из3-х,  покажите 
стрелкой. 
4  .«Не  ұшты?»  ойын-жаттығу.  Мұғалім  «ұшты»  деген  етістіктің  шартты 
белгісін көрсетіп, «Кто или что может летать», придумайте предложение дейді. 
«Ұшақ  ұшады»,  «Көбелек  ұшады»,  «Сағат  ұшады  ма?»-  Часы  летают?  -«Жоқ, 
сағат  ұшпайды»деп  балалар  дәптер  бойынша  жауап  береді.  «Қуыршақ  ұшады 
ма?» - «Жоқ, қуыршақ ұшпайды» 
5. Сергіту сәті: «Тербеледі ағаштар...» мәтініне сәйкес қимылдар жасату. 
6.  Мұғалім  сюжетті  суретті  көрсетіп:  «Мы  составим  рассказ  о  том,  что 
растет  на  даче.  Дача  на  казахском  «саяжай».  На  даче  -  «саяжайда»,  растет  - 
«өседі», собирали - «жинады». Мұғалім үлгі беріп, әңгіме құрастырады. 
 «Мынау  саяжай.  Саяжайда  жемістер  өседі.  Көбелектер  ұшады.  Балалар 
алма, алмұрт жинады. Жемістер тәтті.» 
  А, теперь,  ребята,    вы  составьте  рассказ  по  своим  тетрадям.  Балалардың 
жауабы.  
7.Нарисуйте слова, которые вы отгадаете. 
-ма-ма,тәтті ...(алма) 
біз-біз, ектік...( сәбіз) 
топ-топ, сары...(картоп) 
-ді-ді, дәмді ...(кәді) 
-е-е, өседі...(шие). 
8.Мұғалім:-Кто  правильно  выполнил  задание,  без  ошибок  составлял 
предложение,  участвовал    в  рассказе  ,  подумайте,  какой  кружочек  поставите 
себе. А у кого есть ошибки не правильно, показал стрелками или разукрасил не 
правильно, поставьте себе синий кружок. 
 

 
121 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет