Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,48 Mb.
#806
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ТҮЙІН СӨЗ 
 
Балабақшаның ересек және мектепке дейінгі топтары мен жалпыға білім 
беру  мектептерінде  ашылған  алаңдарда  тәрбиеленіп  жатқан  бүлдіршіндерді 
қазақша  сөйлеуге  үйрету  -  мемлекеттік  тілге  үйрету  саясатының  басты 
талаптарының бірі.  
Бүгінгі  балабақшада  үйретілетін  тілден  басым  түсетін  орта–баланың  
айналасындағы  адамдардың  сөйлеу  тілі.  Қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  
білсін  деген  баланың  айналасында  қазақ  тілі  басым  түсіп  жатуы  керек.  Бала 
негізінен  тілді  ананың  құрсағында  жатып-ақ  естуінің  мәні  зор.  Бұл  орайда, 
республикалық 
телехабарлардың, 
радиохабарлардың 
бағдарламалық  
материалдардың  мемлекеттік  тілде  берілуі  қамтамасыз  етілуі  заман  талабы 
болып  отыр.  Әрине,  мұндай  қажеттілік,  бола  тұра,  қазіргі  біздің  қоғамдық 
салтымызда  бір  тілділікке  бірден  жету  мүмкін  емес.  Сондықтан  да  қазақ  тілін 
орыс  тілді  балабақшалардың  екінші  кішкентайлар  тобынан  бастап  арнайы 
оқытудың  типтік  бағдарламалары  жалпы  бағдар  ретінде  алынып,  авторлық 
нұсқалар  бойынша  оқытулар  түрліше  ұйымдастырылуда.  Мысалы,  бала  тілін 
ширату  үшін  қазақ  тіліндегі  тақпақтарды  жеңіл  жолмен  тез  жаттатуда  сол 
шығармадағы  сөздердің,  тіркестердің  мәнін  бейнелейтін  тірек  суреттер  мен 
тірек-сызбаларды  пайдалану  жақсы  нәтиже  беріп  келеді.  3-4  жастағы  балаға 
екінші  тіл  алғаш  рет  үйретілуі  кезінде  орыс  тілінде  берілетін  мәтін  ішінде 
бірнеше  сөздердің  ғана  белгісі  берілсе,  естияр  топта  мәтіндегі  мағыналары 
таныс  емес  сөздер  мен  тіркестер  ғана  тірек  сызбалар  бойынша  ұсынылады. 
Бастапқыда  тақпақтарды  балалар  сызбалар,  тірек  суреттер  арқылы  еріксіз 
жаттаса,  кейін  қазақ  тілінде  еріксіз  үйреніп  жаттап  алған  сөздерінің 
мағыналарын  өздігінен  түсінуіне  жол  ашылады.  Солтүстік  аймақтарда  ата-
аналардың  өз  ана  тілінде  сөйлемеуі  қазақ  балаларына  ана  тілін  табиғи  түрде 
үйренуіне қиындықтар туындатуда. Барынша жаңа технологиямен дайындалған 
оқу құралының практикалық бөлімінде осы жағдайдан шығу жолдары: баланы 
қазақша  сөйлетуде  түрлі  қозғалыстарды,  әрекеттерді,  жиі  кездесетін 
ұғымдарды,  түр-түстерді,  т.б.  оңтайлы,  дәл  белгілерімен  беру  тәсілдері 
ойластырылды.  Орыстілді  ортаға  баратын  балаларға  жоғары  топтарда  қазақ 
тілін  көркем  шығармалардың  ең  кіші  жанры  –  өлең-тақпақшалармен  тығыз 
байланыста  нығыздай  оқыту  көзделіп,  жекелеген  авторлық  бағдарламалар, 
қазақ  тіліне  арналған  жұмыс  дәптерлері  институттың  білім  жетілдіру 
департаментінде  облыс  көлемінде  тәжірибеге  енгізіліп  келеді.  Ана  тілін 
тереңдей меңгерту не басқа ұлт балаларына мемлекеттік тіл негізін салу ісінде 
қазақ тілі оқытушысы мен балабақша тәрбиешісіне тіл міндеттерін жақсы білу 
қажет. Тіл міндеттерін біліп қана қоймай, оларды өзара байланыста алып, тілдік 
материалдарды  қабылдатуда  тіл  дамытудың  әр  міндетін  жүйелі  түрде  жүзеге 
асыру ғана толық  нәтиже береді. 
Қазақ  тіліне  оқыту  жұмысын  ойдағыдай  жүргізу  үшін  балалардың  жас 
ерекшіліктері  мен  жеке  ерекшеліктерін,  әрқайсысының  зейін,  қабылдау,  еске 
сақтау,  ойлау,  қиялдау  ерекшеліктерін,  сезім,  ерік  пен  жеке  дарындылық 
қасиеттерін жақсы біліп алу керек. Қай жастағы бала болмасын зейіні тұрақсыз, 

 
141 
олардың (кейбірінің сабақ үстінде әсерленуі күшті) ой бөлісу қабілеті тіпті жоқ 
десе  де  болады.  Сондықтан  қазақ  тілінің  жекелеген  сөздеріне  қатысты  тірек-
сызбаларды бірден қолдану, олардың әрбірін мәніне қарата ажырата қолдануды 
әдетке  айналдыру  тиісті  нәтиже  береді  деп  ойлаймыз.  Әрдайым  қолданылып 
келген сызбалар арқылы тақпақ жаттағанда баланың зейіні тұрақтана түседі.  
Естияр балалар мен  ересек балалар топтарында тірек-сызбалармен қатар 
үйретіліп  отырған  шығарма  сөздеріне,  персонаждарына  қатысты  бояуы  қанық 
тартымды  салынған  суреттер  беріледі.  Ал  мектепке  даярлық  тобында  тақпақ 
мәтіні  жартылай  сурет  арқылы,  жартылай  сөз  арқылы,  күрделендіре  отырып, 
сөз  сызбаларын  ұсынуға  болады.  Әрине,  қазақ  баласына,  өз  ана  тілінде 
тәрбиеленетін  балаға  бұл  әдіс  қиын  емес,  оларға  грамматикалық  жағынан 
күрделі формалы сөздердің негізіне және оған жалғанатын қосымшасына назар 
аударту  үшін  ғана  осы  әдісті  қолдану  тиімді.  Жалпы  қай  ұлт  баласына 
болмасын сөз не тіркес мән-мағынасын қабылдатуда, балаларды қазақша білім 
алуға  дағдыландыруда  оқыту  тәсілдерін  түрлендіре  пайдаланған  жөн.  Мұндай 
кезде  де  мектепке  дейінгі  шақтағы  балалар  бойындағы  бейнелілік,  нақтылық, 
аса  сезімталдық  сияқты  ерекшеліктердің  қабылдау  мен  ойлау  ерекшеліктеріне 
сәйкес келу жағы қадағаланғаны жөн. 
Мектепке дейінгі кезеңде қазақ тіліне үйретуде баланы жасына лайықты 
өз атынан диалогты сөйлеуге және кішігірім әңгіме құрап айтуға үйрету ересек 
және мектепке даярлық тобында жүзеге асырылады.  
Балабақша  тәрбиешілеріне  және  педагогикалық  институттардың, 
педучилищелердің  мектепке  дейінгі  балалар  мекемелерінің  тәрбиешілер 
даярлайтын  бөлімдеріне  арналып  жазылған  «Орыс  тілінде  жұмыс  істейтін 
балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы» атты алғашқы оқу құралымызда біз 
осыны  көздеген  болатынбыз  Кейінгі  кезде  2001,  2005  жылдары  «Изучаем 
казахский  язык»  деген  аталыммен  5-6  жастағы  балалар  үшін  «Күншуақ»  атты 
«Алматы-кітап»  баспасынан  жарық  көрген  әдістемелік  нұсқаулар  мен 
авторларының (Б. Баймұратова, З.Д. Еденбаева) ұсынған бағдарламалары, сабақ 
жоспарлары  стандартты  бағдарлама  талаптары  негізінде  мектепалды  оқыту 
талаптарына лайықтап жазылғанына көз жеткізілді. Сол сияқты К.С. Ильяшева, 
А.Е  Шалаханова  сияқты  авторлардың  «Изучаем  казахский  язык»  деген  атпен 
шығарылған  әдістемелік  кітапшасы  («Алматыкітап,  2003жыл.)  орыс  тілінде 
жазылып  жарық  көрді.  Бір  қызығы  біздің  90-жылдары  жазған  еңбегімізден 
алшақ  кеткені  аз,  көзге  көрінер-көрінбес.  Авторлар  4  жастағыларға  негізінен 
сөздік әдістерімен барлық тақырыптарды түгелдей ұсынып шыққан. Баланың өз 
ана  тілінде  сөйлеуі  қалыптаса  бастайтын  жас  кезеңінде  екінші  тілде 
байланыстырып  сөйлеуді  тықпалау  нәтиже  бермейтіні  теорияда  да,  іс-
тәжірибеде  де  дәлеледеніп  отыр.  Орыстың  ұлы  педагогы  К.Д.Ушинский  бұл 
туралы  «Ана  тілінің  тамыры  тереңге  кетпей,  өзге  тілді  үйретуге  болмайды» 
десе,  өз  педагогтарымыз  мұны  «жас  баланы  атқа  теріс  қаратып  отырғызып 
жіберумен бірдей» деген. Қазір әркелкі нұсқада (сөздерді аудару, салыстыру не 
көркем  әдебиетті  жиі  қолдану  арқылы)  берілген  оқу  құралдары  жүйесіз 
шығарылып  кетті.  Мемлекеттік  тілді  төменнен  бастап  жүйелі  оқыту  міндеті 
жүктеліп  отырғанмен,  балабақша,  бастауыштық  оқыту  сатыларында,  әлі  де 

 
142 
болса,  бірізділік  сақталмай  келеді.  Байқауымызша,  3-4  жас,  естияр  (4-5  жас), 
ересек  (5-6  жас),  мектепалды  және  балабақшаның  (6-7  жас),  1-сынып  (мектеп 
жасы) балаларының қазақ тілі және  тіл дамыту сабақтарында сабақ құрылымы, 
дидактикалық  құралдары  және  тіл  міндеттеріне  сәйкес  әдіс-тәсілдерінде 
ортақтастық, жүйелілікті орнықтыру қажет. 
Бүгінге  дейінгі  іс-тәжірибелер  көрсеткендей,  орыс  тілінде  тәрбиеленген 
бала сөздігін қалыптастыру мен сөйлеуге үйретуде ойын-жаттығулар мен сурет, 
көрнекі құралдарды қарастыру  аздық етеді. 5-9  жас баланың  ең  қабылдағыш, 
«сензитивті  кезеңі»  деп  дәлелденген.  Сондықтан  қазіргі  оқулықтардағыдай 
жаппай оқыту емес, балабақшада әр түрлі тілдік деңгейдегі әр баламен жұмыс 
жасауды  жолға  қойылған  жөн  деп  есептей  отыра,  теория  мен  практика  қатар  
ұсынылған осы оқу-әдістемелік құрал шығарылып отыр.  
Балабақшадағы  қазақ  тілі  мамандарының  мемлекеттік  тілді  оқытуға  
арналған  әдістемелік  білім  қоры  жетіспеушілігін  өтеу  мақсатында,  осы 
саладағы кәсіби шеберлік пен арнайы қажетті білімді көздей отырып жазылған  
еңбегімізде  мектепке дейінгі бала тілін дамыту әдістері жан-жақты қамтылды. 
Жас  бүлдіршіндерді  қазақ  тіліне  оқытып-үйретуге  арналған  теориялық 
әдістемелік  нұсқаулар,  модульдік  тақырыптар  жүйесімен  жіктелген  сабақ 
үлгілері, сонымен қатар ана тілін жетілдіру мақсатында суреттерді, кітаптарды 
қолданып,  қазақ  баласының  байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамытуға  қатысты 
әдістемелік кеңестер берілді . 
Қазақ  тілін  тиімді  оқытудың  артықшылығы  неде?  Қазіргі  методология 
«Технологиялық  карта»  деген  терминді  шығарды.  Ұсынылып  отырған  оқу 
құралының  екінші  практикалық  бөліміндегі  қазақ  тілін  балалармен  екі  жыл 
қатарынан  оқып-үйренуге  арналып  жинақталған  сабақ  конспектілері  осы 
картаны көрсетеді. Мұнда бағдарламалық материалдар мен бұған дейін әдіскер, 
авторлар  ұсынып  келген  және  қазақ  тілі  мұғалімінің  өз  тәжірибесінде 
ойластырған әдіс-тәсілдердің айқын берілгені соншалық, кез келген мұғалімнің 
жеткен  жерін  бағдарлап,  сабақты  басқа  ауыстырушы  мұғалім  еркін  түрде 
жүргізе  алады.  Мұнымен  қатар  баласының  не  үйреніп  жатқанын  ата-анасы  да 
бақылауға  мүмкіндік  бар.  Мектеп  жасына  дейінгі  басқа  ұлт  балаларына  қазақ 
тілін  үйретуде  әдіскер-ғалымдардың,  мұғалімдер  мен  ата-аналардың 
ұсыныстарын қабылдап, жетілдіру – қазіргі замана талабы. 
Көрініп  тұрғандай,  екінші  тіл  ретінде  қазақ  тілі  балаға  жасанды  сөйлеу 
ортасында  қалыптастырылады.  Ал  нағыз  қазақы  тілдік  ортада  тәрбиеленетін 
баланың өз ана тілінде байланыстырып сөйлеуі мүлде басқаша. Байланыстырып 
сөйлеу  тілі  сөз  қорының  байлығын,  тіл  заңдылықтары  мен  мөлшерін,  яғни 
грамматикалық  құрылымын  меңгеру,  сонымен  қатар  оларды  тәжірибеде 
қолдануға  әкеледі.  Тәжірибелік  білім  тіл  материалын  меңгере  білуіне,  соның 
ішінде  тіркес,  сөйлемшелердегі  сөздердің  толық  та  бірізді  байланыстыра 
алуына  әкеледі.  Бала  айналасын  қоршаған  ортадағы  жағдайларды  қарастыра 
алып,  дайын  мәтіннің  мазмұнымен  еркін  танысады,  немесе  сол  мәтін 
бөлшектері  арқылы  өз  бетімен  байланыстырап  мәтін  құруға  табиғи  түрде 
итермеленеді.  

 
143 
Ғалымдардың  зерттеулері  [64,65]  бойынша,  мектепке  дейінгі  және  кіші 
жастағы  балалардың  тілін  дамыту  тек  қарапайым  ситуациялық  түрде  ғана 
көрінеді. Бала мақсатсыз түрде ойындағы жалғыз бір көріністі бір ғана сөзбен 
сипаттайды.  Басқа  да  ой  елегінен  өткізіп,  толық,  мәнді  айту  оның  ойына 
келмейді,  тек  сұрақты  жаудыртсаң  ғана  сол  сұрақтарға  нақты  жауап  беруге 
тырысады,  не  бірден  ойын  толық  жеткізуге  тартынады.  Сол  себептен  балада 
өзіне деген сенімсіздік пайда болады.  
Балаға  өз  ана  тілін  меңгерту  –  мектепке  дейінгі  берілер  білімнің 
маңыздысы.  Пединституттар  мен  педколледждердің  мектепке  дейінгі  тәрбие 
бөлімдерінде  оқитын  студенттерге  тәрбиеші  және  балабақша  әдіскері 
мамандығына қосымша қазақ тілінің  оқытушысы мамандығын игеру үшін бұл 
оқу-әдістемелік  құралдың  қажеттілігі  бар.  Қазақ  тілі  қазіргі  мектепке  дейінгі 
білім  беру  ісінде  бала  тәрбиесінің  негізгі  іргетасы  ретінде  бағаланады,  оны 
оқытуды бала тілін дамыту, баланы қоршаған ортамен таныстыру, тіпті бақша 
жасында  бүлдіршінді  математикалық  қарапайым  элементтермен  таныстыру 
сабақтарымен  байланыстыру  нәтижелі  ете  түспек.  Мектепке  дейінгі  баланың 
тілді  меңгеру  үдерісі  үлкендер  және  балалармен  қарым  –  қатынас  жасауымен 
және  қоршаған  ортаны  тану  арқылы,  өзінің  ойы  мен  сезімдерін  толыққанды 
айта  білу  мүмкіндігімен  тығыз  байланысты.  Осы  оқу-әдістемелік  құралдың 
мақсаты  –  баланы  ауызша  сөйлеуге  үйрету  болса,  бұл  мүддеге  жету  жолы 
маманның,  ата-ананың  тілдік  әдістеме  теориясын  тілге  үйретудің  түрлі 
практикалық  жолдарымен  байланыстыра  білуі  және  өмірде  тілдің  әдеби 
қолданысын қамтамасыз ету болып табылады. 
 

 
144 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі 
балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана. 2007 ж. 
2.
 
Татуарова Н.Л., т.б. Мектепалды бағдарламасы. Алматы. 2001 ж. 
3.
 
Бақраденова  А.Б.,  Баймұратова  А.Б.  Орыс  тілінде  жұмыс  істейтін 
балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы. Рауан, 1992. 
4.
 
Б. Баймұратова, З.Д. Еденбаева. Изучаем казахский язык. Күншуақ.  
     5-6 жастағы балалар үшін. Әдістемелік нұсқау. Алматы-кітап, 2005. 
5.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы. 1999 ж. 
6.
 
Қазақстан республикасының Тіл туралы заңы. 
7.
 
Мемлекеттік  жалпы  міндетті  5-тен  6-жасқа  дейінгі  мектепалды 
дайындық  жастағы  балаларға  білім  беру  стандарты.  Ресми  басылым.  Астана, 
2007 ж. 
8.
 
Қазақстан республикасы Мемлекеттік білім беру тұжырымдамасы 
9.
 
Қазақстан  Республикасы  орта  білімнің  мемлекеттік  стандарты.  –  
Алматы:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Қазақтың  білім  академиясының  
Республикалық баспа кабинеті, 1998. -245 бет. 
10.
 
Амонашвили Ш.А. Здравствуйте, дети. М. Просвещение,1981. 
11.
 
Сохин Ф.А. Развитие речи детей дошкольного возраста. Под. ред.  
     М.,  «Просвещение», 1976, 4—17-беттер. 
12.
 
Сонда. Л. Н. Толстой. Пед. сочинение. Учпедгиз. М., 1953. стр,165. 
13.
 
.Поддьяков  Н.Н.  Проблемы  речевого  и  умственного  развития  детей 
дошкольного  возраста  (Проблемы  изучения  речи  дошкольника)  Под 
ред.Ушаковой.-М:1994. 
14.
 
Меңжанова А.К. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы. Рауан. 1992 ж. 
15.
 
 Меңжанова 
А.К. 
Балаларды 
көркем 
шығармалар 
арқылы 
адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу. Алматы. Рауан,1991 ж. 
16.
 
 Ядышко В.И., Сохина Ф.А. Мектепке дейінгі педагогика. А., Мектеп. 
1981.  
17.
 
Жұмабекова Ф.Н. Балабақшадағы көркемдік тәрбие. РБК. 2000 ж. 
18.
 
 Сәтімбекова  М.С.  Жұмабекова  т.б.  Отбасында  баланы  мектепке 
дайындау. Алматы. Шартарап. 2000 ж.  
19.
 
Ветлугина Н.А. Балабақшадағы эстетикалық тәрбие. Алматы. Мектеп. 
1983 ж 
20.
 
 Методика проведения учебных исследований в детском саду. Учебная 
литература. Самара. 2004 г.  
21.
 
. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы. 
Мектеп, 1986.  
22.
 
 Жұмабекова Ф.Н., Жұматаева А.Д. Мектепке дейінгі педагогика. Л.Н. 
Гумилев атындағы кітапхана. Астана-2007. 
23.
 
 С.  Рахметова,  Ф.  Оразбаева.  Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі.  Астана, 
2005. 
24.
 
 А. Құнанбаев. Шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1961. 444б. 

 
145 
25.
 
 Бақраденова  А.  Кітап-білім  бұлағы.  (Балалармен  көркем  мәтін  оқу.)  
Павлодар: ЭКО, 2000. 
26.
 
 Бөбектерге  байғазы.  (хрестоматикалық  жинақ).  Алматы:  Шартарап, 
2000 ж. 
27.
 
 Сәтімбекова М.С. «Ойна да ойлан» Алматы. 2000 ж. 
28.
 
 Мен  жақсы  көретін  әлем.  Суретті  орысша-қазақша  сөздік.  Астана, 
2006. 
29.
 
 Баймұратова Б.Б., Тұрыскелдина М.Т., Жұмабекова Ф.Н. Оқыту  және 
тәрбиелеу бағдарламасы. Алматы. Рауан. 1992. 
30.
 
 Л.И. Саяқова. Лексика как система и методика ее усвоения. Уфа, 1979. 
31.
 
 Л.П.Федоренко,  Г.А.Фомичева,  В.К.Лотарев.  Мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың тілін дамыту методикасы. Алматы. Мектеп,1981. 
32.
 
 Сонда 
33.
 
 Бақраденова  А.,  Баймұратова  Б.  Орыс  тілінде    жұмыс  істейтін 
балабақшаларда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан, 1992. 
34.
 
 Әмірова  Ә.С.  Балаларды  көркем  әдебиет  арқылы  адамгершілікке 
тәрбиелеу. Алматы. Рауан. 1998 . 
35.
 
 Баймұратова  Б.Б.,  Сәтімбекова  М.С.,  Жұмабекова  Ф.Н.  Балбөбек 
бағдарламасы. Алматы. Рауан. 1992 ж. 
36.
 
 Усова А.П. Обучение в детском саду. Москва. Просвещение. 1970г. 
37.
 
 Л.П.Федоренко,  Г.А.Фомичева,  В.К.Лотарев.  Мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың тілін дамыту методикасы. Алматы. Мектеп, 1981. 
38.
 
Сонда. 
39.
 
Сонда. 
40.
 
Сонда 
41.
 
 Х. Қожахметова. Мәнерлеп оқу. Алматы: Мектеп, 1982. 
42.
 
 Ә.  Исабаев.  Қазақ  тілін  оқытудың  дидактикалық  негіздері.  Алматы,  
Мектеп-1965.  
43.
 
 Л.П.Федоренко,  Г.А.Фомичева,  В.К.Лотарев.  Мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың тілін дамыту методикасы. Алматы. Мектеп,1981. 
44.
 
 Сонда 
45.
 
 Сонда 
46.
 
 Бородич  А.М.  Методика  развития  речи  детей  дошкольного  возраста. 
Москва: Просвещение, 1972. 
47.
 
 Баймұратова  Б.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  байланыстырып 
сөйлеу тілін дамыту. Алматы. Мектеп,1976. 
48.
 
 Баймұратова  Б.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  тілін  дамыту 
методикасы. 2-6 жас аралығы. Алматы: Рауан,1992. 
49.
 
 Мен 
жақсы  көретін  әлем.  Суретті  орысша-қазақша  сөздік. 
Астана,2006. 
50.
 
 Бородич  А.М.  Методика  развития  речи  детей  дошкольного  возраста. 
Москва: Просвещение, 1972. 
51.
 
Выготский  Л.С.  Воображение  и  творчество  в  детском  возрасте. 
Психологический очерк /Л.С.Выготский –М.: Просвещение. 1991.  

 
146 
52.
 
 Поддьяков Н.Н., Кузина Н.И. Исследования развития объяснительной 
связаной  речи у дошкольников. «Умственное воспитание дошкольников» деген 
кітапта. М: Педагогика,1972. 
53.
 
 Оқулықтар, 
оқу-әдістемелік 
кешеннің 
құрамы 
мен 
оқу 
бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар 
/Құрастырған Ж.А. Қараев, Н.Н.Нұрахметов, Б.М. Дүйсенбаев, М.Ж. Жадрина, 
Г.З. Байжасарова. – Алматы: 1998. -55 бет. 
54.
 
 Л.П. Федоренко, Г.А. Фомичева, В.К. Лотарев. Мектеп жасына дейінгі 
балалардың тілін дамыту методикасы. Алматы. Мектеп,1981. 
55.
 
 Жұмабекова  Ф.Н.  Бейнелеу  өнері  бойынша  дидактикалық  ойындар. 
Алматы. Рауан. 1994. 
56.
 
 Б.П.  Никитин  «Шығармашылық  баспалдақтары  немесе  дамыту 
ойындары». Москва:1993. 
57.
 
 Сәтімбекова М.С. «Ойна да ойлан» Алматы. 2000. 
58.
 
 Сәтімбекова  М.С.  Жұмабекова  т.б.  Отбасында  және  балабақшада 
баланы мектепке дайындау. Алматы. Шартарап. 2000 ж. 
59.
 
.Б.П.Никитин 
«Шығармашылық  баспалдақтары  немесе  дамыту 
ойындары». Москва: 1993. 
60.
 
 Тихеева Е.И.Развитие речи детей. (2-4) Москва: Просвещение,1972, 
61.
 
 Баймұратова  Б.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  байланыстырып 
сөйлеу тілін дамыту. Алматы Мектеп,1976. 
62.
 
 Баймұратова  Б.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту 
жөнінде  педагогика  училишелерінің  мұғалімдері  мен  оқушыларына  құрал. 
Алматы: Мектеп, 1986. 
63.
 
 Сәтімбекова  М.С,    Жұмабекова  Ф.Н.  Тіл  ашар.  (Хрестоматиялық 
жинақ). РБК. 2001 ж. 
64.
 
 Короткова Э.П. Беседа в детском саду. Москва: Просвешение,1965. 
65.
 
 Поддьяков  Н.Н.Проблемы  речевого  и  умственного  развития  детей 
дошкольного  возраста(Проблемы  изучения  речи  дошкольника)  Под 
ред.Ушаковой.-М:1994 
 
 
 
 
 
 

 
147 
1-қосымша 
Сөз тіркестері мен  қысқа құрылымды жай сөйлемдер  құрастыруға 
арналған  шартты белгілер: 
 
 
ҰШТЫ 
 
 
 
ОТЫР 
 
 
 
 
 
ҮЛКЕН 
 
 
 
 
КІШКЕНТАЙ 
 
 
 
 
 
СЕКІРЕДІ 
 
 
 
            
БАР 
 
 
 
 
ТӘТТІ, ДӘМДІ 
 
 
 
 
ЖЫЛЫ 
 
 
 
 
СУЫҚ 
 
 
 
 
 

 
148 
 
ЖАТЫР 
 
 
 
 
 
 
ҰЗЫН 
 
 
 
 
ӘДЕМІ 
 
    
 
 
ҚЫСҚА 
 
 
 
 
ЖҰМСАҚ 
 
 
 
 
 
ҚАТТЫ 
 
 
 
 
 
ЖАҚСЫ КӨРЕДІ 
 
 
 
ҰЙЫҚТАЙДЫ 
 
 
 
 
ЖОҚ 
 
 
 
 
 
 
 

 
149 
2-қосымша 
 
Балаларды қазақ тілінде сөйлеуге бағыттайтын тірек-сызбалар 
 
Шартты  белгілер:                                  Условные обозначения: 
 
Сөздерді қайтала.            Повтори слова.
 
 
Жаттап  ал.                       Выучи. 
 
 
 
Буынға бөл.                      Раздели на слоги. 
 
Суретін сал.                     Нарисуй. 
 
Ойла, сөз құра.                Подумай, составь слова. 
 
            Сызып көрсет.                 Проведи линию. 
 
  
Жұмбақты, ребусты, 
криптограмманы  шеш. 
 
Реши ребус, загадку, криптограмму. 
 
 

 
150 
3-қосымша 
 
Тірек-сызба суреттер арқылы толымды сөйлем түрлерін 
 құрастыру үлгісі
 
 
                                            
1-нұсқа 
.
  
 
Кім        ? 
Кім        ? 
Кім        ?  
 
 
 
                                                2-нұсқа 
Мектепте кімдер, нелер
 
бар ? 
            
 
 
 
    
 
 
 
 
 
 
 

 
151 
4-қосымша 
 
Тақырып бойынша жүйелі әңгіме құрастырту сабағының үлгісі 
 
1.
 
 
Тақпақты  жатта.  
 
 
2. 
Азаматқа сөздерді буынға бөлуге көмектес. 
 
 
    
    
 
 
 

 
152 
3.
    
   
Не         ? 
Не         ? 
Кім       ? 
 
                                            Мектеп  туралы  әңгімелеп бер 
 
  МЫНАУ 
   .
 
 
     
 -КЕ      БАРАДЫ. 
 
 
 
 
 
ӘН  АЙТАДЫ. 

 
153 
МАЗМҰНЫ 
 
АЛҒЫ СӨЗ.....................................................................................................  3 
І. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ.................................................................................................... 
 
 

1. Балалардың тілді қабылдау ерекшеліктері............................................. 

2. Қазақ тіліне оқытуды тіл дамытумен байланыстыру.............................  12 
3. Мектепке дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі туралы түсінік......  14 
4. Тіл дамытудың негізгі міндеттері............................................................  15 
ІІ. СӨЗДІК ҚОРДЫ ДАМЫТУ.................................................................  18 
1. Сөздік қор туралы түсінік........................................................................  19 
2. Балалардың белсенді сөздік қорын дамыту жолдары............................  21 
3. Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер жиыны...................  27 
4. Балаларды көркем сөзге мәтінді мәнерлеп айтқызу арқылы баулу.... 
30 
ІІІ. СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖАҒЫН МЕҢГЕРТУ...............................  41 
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету...............................  41 
2. Дыбыстарды дұрыс айтуға үйретудің әдіс-тәсілдері.............................  44 
3. Баланы дыбыстық мәдениетке тәрбиелеу мен фонетикалық ойын 
ұйымдастыру жолдары................................................................................. 
 
46 
4. Сөздің дыбыстық жағын қазақ тілі грамматикасымен қатар үйрету...  50 
ІV. БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.................  55 
1. Байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы түсінік...................................  55 
2. Диалогты және монологты сөйлеудің түрлері........................................  56 
3.  Үш-төрт  жастағы  балалармен  өткізілетін  арнайы  әңгімелесу 
сабақтары........................................................................................................ 
 
62 
4.  Үш-бес  жастағы  балалардың  ауызша  сөйлеу  тілін  дамытуда 
суреттердің рөлі.............................................................................................. 
 
64 
5.  Балалардың  қазақша  монологты  сөйлеуін 
қалыптастыру 
әдістері............................................................................................................. 
 
74 
V. БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУГЕ САБАҚТАН ТЫС 
УАҚЫТТА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ............................................................... 
 
77 
1. Балабақшада кітап бұрышы мен кабинет ұйымдастыру.......................  77 
2. Бала тілін көркем шығарма мәтіндері арқылы тіл дамыту...................  78 
3. Ересек топта оқылған кітаптар туралы әңгіме өткізу............................  80 
4. Кітап бұрышында ұйымдастырылатын шаралар....................................  81 
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ:
 
Балабақшада ұйымдастырылатын тіл 
дамыту шаралары мен сабақ үлгілері........................................................... 
 
85 
ТҮЙІН СӨЗ....................................................................................................  140 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................  144 
ҚОСЫМШАЛАР...........................................................................................  147 
 

 
154 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бақраденова Алтын 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ 
АУЫЗША СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ 
 
Басуға 22.05.2012 ж. қол қойылды.  
Форматы 70х100 1/16. Кiтап-журнал қaғазы. 
Көлемi шартты 8,8 б.т. Таралымы 500 дана. Бағасы келiciм бойынша.  
Тапсырыс № 0602 
 
 
Ғылыми-баспа орталығы 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 
140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі,60 
e-mail: rio@ ppi .kz 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет