Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі Шымкент қаласы №53 Хамза атындағы жалпы орта мектеп Ғылыми жұмыс



бет5/5
Дата08.06.2023
өлшемі35,65 Kb.
#99681
1   2   3   4   5
Байланысты:
575 07.06.16

9

I I I Қорытынды.
Алихан Бөкейхан -қазақ ұлтының көсемі
Ә.Н.Бөкейханның қазіргі қазақ әдебиеті тарихында қалдырған бірден-бір өшпес ізі- ұлы, кемеңгер ақын, ағартушы Абай туралы жазып қалдырған еңбегі. Ұлт әдебиетінің өз алдына жеке бір саласы-әдеби сынның іргесін қалап кеткен еңбегі және қазақ ауыз әдебиетінің теңдессіз үлгілерін жинақтап, өңдеп бастырған және зерттеуге қосқан үлесі де зор. Ауыз әдебиетінің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қара қыпшақ Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» сынды үздік үлгілерін өңдеп, бастырған, өз замандастары Абай, Шәкәрім, Міржақып, Жүсіпбек сынды ақын-жазушылардың шығармаларына әділ де өткір сын жазып, насихаттаған.
Әлкей Нұрмұхамедұлы Бөкейхан-қазақтың 20-сыншы ғасыр басында ілгерішіл ұлт зиялыларының лидері болды. Ол қазақтың өлкетану ғылымының негізін қалаушы, қазақ халқының төл тарихы, әдебиеті, фольклоры, этнографиясы, Қазақ өлкесінінң экономикасы мен халық шаруашылығы бойынша жүздеген ғылыми ізденіс пен зерттеудің авторы есебінде, ғұлама ғалым, дарынды публицист ретінде кең танылды және өмірінің соңғы сәтіне дейін ғалым болып қалды.
«Мен Кеңес өкіметін жақтырмадым, бірақ мойындадым!».Бұл –«халық жауы» деген нақақтан-нақақ айыппен өлім жазасына кесілген адамның ақтық сөзі болатын. Кеңес өкіметі алдында ол өзін айыптымын деп мойындамады да, өзін ешбір жазықсыз ату жазасына кескен заңсыз биліктен кешірім өтініп жалынып-жалбарынбады да. Ол тұлғаның аты ғана- қалың бұқара халқын рухтандыратын, оның атұарып кеткен ісі, оның артта қалдырған орасан мол мұрасы бой көтеріп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятар еді, ал ұлт тәуелсіздігі мен мемлекеттігі жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәжірибесі- келешек ұрпаққа үлгі-өнеге.
10

Пайданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008.  Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”,

  2. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра


11

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет