Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/50
Дата02.04.2023
өлшемі425,44 Kb.
#78397
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




 


КІРІСПЕ 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандарттарының 
талаптарына сәйкес, 050608 «Экология» мамандығын бітіруші – эколог ӛзінің 
кәсіби даярлығының деңгейіне сәйкес, маман ретінде қоршаған ортаны 
қорғау және экологияның ғаламдық, аймақтық, жаппай проблемалары туралы 
жалпы түсінік болуы қажет. 
Эколог білуі қажет: 
- биосфераның дамуы мен құрылымын, қызметінің негізгі 
заңдылықтарын; сонымен қатар әртүрлі ластану кӛздерінен, олардың құрам 
бӛліктерін қорғау әдістері мен тәсілдері; 
- топырақ, су экожүйелері, ӛсімдіктер, жануарлар, адам, микроағзалар 
экологиясын; оларды қорғау әдістерін; жүйелі экологиялық талдаудың 
негіздерін; 
- табиғи ресурстарды молықтыру мен есептеу принциптерін, тірі 
материяны ұйымдастырудың түрлі деңгейлеріне экологиялық факторлардың 
ықпалы; 
- экологиялық ғылыми тәжірибелерді ӛткізудің әдістері; 
Эколог істей білу керек: 
- экологиялық есептерді шешуде фундаментальды ғылымдардың 
заңдарын қолдана білуі қажет; стандартты экологиялық жағдайларды болжау 
және модельдеу; 
- табиғатты пайдалануды басқаруға қажетті шараларды ӛткізу; 
- экожүйелерді және олардың процестерін зерттеуде қазіргі кездегі 
әдістерді қолдану; 
- жиналған мәліметтерге статистикалық ӛңдеу жүргізу, қорытынды 
есеп жасай білу және ғылыми-техникалық құжаттаманы жүргізе білуі; 
- далалы жағдайда жұмыс жасай білу, экспедицияларды жүргізу және 
оларды ұйымдастыру білу; ластану кӛздерін анықтай білу және олардың 
классификациясын білу; 
- оқу-тәжірибелік құралдарды, техникалық оқу құралдарын қолдана 
білу;
Қоршаған ортаның сапасына баға беру және бақылаудың әдістерін 
қолдана білу: 
- қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдалануға 
бағытталған іс-шараларды орындау; 
Эколог білуі қажет: 
- қоршаған ортаның сапасын бағалаудың түрлі әдістерін, табиғи 
үрдістер мен құбылыстарды экспериментелды зерттеуде негізгі тәсілдерді 
қолдана білуі, бақылаулар мен эксперименттерден алынған мәліметтерді 
ӛңдеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет