Жеке дербес беттер – бұлар WWW-беттер формаларына болмаса ұйымдарға
жатпайды, бұл жеке адамға арналған. Бұндай беттердің мазмұны және безендірілуі тек
автордың өзіне байланысты. WWW-жүйесімен жұмыс жасау барысында қолданушы
программа – клиент жүйесімен жұмыс жасай алады, бұл браузерлер деп аталады.
Браузерлер (англ. browse — парақтау, қарастыру) — программалары көмегімен
WWW жүйесімен диалог құрады: WWW беттерін қарастырады, WWW-cерверлері мен
Интернет ресурстары арасында қарым қатынас жасайды. Жүздеген браузер –
программалары бар. Ең көп тараған браузерлер: Netscape Navіgator және Mіcrosoft
Explorer.
WWW браузерлері кез – келген сервер типтерімен олардың протоколдарын қолдана
отырып қарым – қатынаста бола алады. Кез – келген серверден алған ақпаратты WWW браузер
бейнелеу үшін оңай, стандартты түрде экран бетіне шығарып бере алады. Бұлкезде протоколдар
арасындағы ауысулар пайдаланушыға білінбейді.
Telnet – алыстатылған қатынас программасы. TELNET протоколының көмегімен
Интернетте жұмыс істейтін басқа есептеу жүйесіне шығуға мүмкіндік беретін программа.
Бұл программа екі компоненттен тұрады: клиент-компьютерінде орындалатын клиент -
программасы, және сервер –компьютерінде орындалатын сервер - программасы.
Клиент - программасы функциялары:
сервермен байланыс орнату;
абоненттен кіріс деректерді алу, оларды стандартты форматқа келтіріп серверге
жіберу;
сұраныс нәтижесін стандартты форматта серверден алу және пайдаланушыға
ыңғайлы форматта оны қайта форматтау.
Сервер - программасы функциялары:
Стардартты түрде сұранысты күту;
Осы сұранысқа қызмет көрсету;
Клиент – программасына нәтижені жіберу.
Telnet — Интернетпен байланыстың қарапайым және әмбебаб құралы болып
табылады.
Ftp файлдарды жіберу программасы. FTP (Fіle Transfer Protocol — “файлов жіберу
протоколы”) протоколының көмегімен Интернеттегі файлдардың көшірмесін бір жерден
екінші жерге ауыстырады. Жалпы пайдалану файлдары бар компьютерлерді, FTP-
серверлер деп атайды. Интернетте 10 Терабайттан артық тегін файлдар мен программалар
бар.
Достарыңызбен бөлісу: |