Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі


Дәріс 15. Тораптық программалық қамтама



Pdf көрінісі
бет40/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,5 Mb.
#21511
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   100
Дәріс 15. Тораптық программалық қамтама. 

Мақсаты: жергілікті, аймақтық, ауқымды желілердің жұмыс істеу принциптерімен 

танысу, бөлімшелердің, кампустердің, корпорациялардың желілерімен танысып, оқып – 

үйрену, физикалық және логикалық топологияларды қалыптастыру. 

Жоспары: 

1. Біррангтық компьютерлік тораптардың операциялық жүйелері.  

2. Бөлініп алынған сервердің тораптық операциялық жүйелері.  

3. Тораптарды басқару және талдау құралдар кешені.  



Глоссарий:  Желі  абоненті  (абонент  сети)  –желіге  қосылған  компьютер  немесе 

басқақұрылғы. 



Жергілікті  (локальный)-пайдаланушыға  немесе  белгілі  бір  аумаққа  тікелей  жақын 

орналасқан құрылғыны немесе орындалатын операцияны сипаттайтын анықтауыш. 



Жергілікті  есептеу  желісі  (локальная  вычислительная  сеть)-бір  біріненшамалы  ғана 

қашықтықта  орналасқан  және  мәліметтер  тасымалданатын  физикалық  орта  арқылы 

біртұтас  желіге  біріктірілген  абоненттік  жүйелер  (есептеу  машиналары,  жад 

құрылғылары,  принтерлер  және  т.б.  электрондық  құрылғылар)  жиынтығы.  Мұндай 

желідегі  жабдықтар  бір  ғимаратта  немесе  бір-біріне  жақын,  қатар  тұрған  бірнеше 

ғимаратта орналасады. 

Жүйеге біріктірілген компьютерлер әрқашан басқарудың арнайы бағдарламаларының 

басшылығымен  жұмыс  істейді.  (екі  жеке  компьютерді  біріктіру  жағдайында  бұндай 

бағдарламаларды жеке компьютерлердің өзара әрекеттерін басқару бағдарламасы деп атау 

дәлірек).  Жүйелерді  басқарудың  әр  алуан  бағдарламасы  –  жүйелік  бағдарламалар  бар. 

Байқауымызша,  ең  кең  тараған  жүйелік  бағдарламалар  Novel  (Novell  Netware 

бағдарламасы),  Mіcrosoft  (Wіndows  NT-сервер,  Mіcrosoft  жүйелері),  Lantastіc 

фирмаларының бағдарламалары. 

Жеке  компьютерлерді  қосу  тәсілі  және  жүйелерді  басқаруда  қолданылған 

бағдарламалар  жүйенің  түрін,  пайдаланушыға  берілген  мүмкіндіктер  мен  жүйедегі 

жұмыстың технологиясын анықтайды. 




ОӘК КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР 

 

ГАБДУЛОВА А.Е.



 

 

Бірнеше  компьютердің  біріктірілуі  пайдаланушыға  жүйедегі  бір  компьютерден 



екіншісіндегі  ресурстарға  кіру  мүмкіндігін  әрқашан  беру  мақсатында  жасалады.  Бір 

компьютердің  ресурсы  екіншісіне  ашық  болады,  бұны  бөлінетін  немесе  жүйелік  ресурс 

деп  атайды.  Ресурстарын  пайдалануға  беретін  жүйе  компьютері  –  сервер  (хост),  ал 

пайдаланушы – клиент. Осыған сәйкес жүйені басқару бағдарламасы екі бөліктен: 

-    Серверде  қондырылған және оның  жұмысымен  барлық  жүйені  басқаратын  жүйелі 

операциялық системадан; 

-  Клиент  компьютерде  орналасқан  және  сервермен  бірлескен  әрекетті  қамтамасыз 

ететін клиенттік бөліктен (клиент бағдарламасынан) тұрады. 

Серверден және клиенттегі бағдарламалар жүйенің түріне байланысты бірдей де және 

әр  алуан  болуы  да  мүмкін.  Негізінде  жеке-компьютер-клиентте  пайдаланушыға  әр  түрлі 

мүмкіндіктер  туғызатын  бірнеше  түрлі  клиент-бағдарламалар  орналасуы  мүмкін,  алайда 

уақыттың әр кезеңінде олардың тек біреуі ғана жұмыс істеуі мүмкін. 

Жүйемен  жұмыс  істеу  үшін  берілген  протоколға  сәйкес  мәліметтер  жіберуді 

қамтамасыз  ететін  арнайы  жүйелік  бағдарламаның  болуы  қажет.коммуникация 

протоколдары жіберілген барлық мәліметтердің көмегін белгіленген мөлшердегі пакеттер 

мен жеке блоктарға бөлуді бұйырады. Соңынан пакеттерді дұрыс реттеп жинап алу үшін 

пакеттер номерленеді.  

Пакеттің бақылаушы жиынтығықателерді бақылайтын ақпараттардан тұрады. Бірінші 

рет  ол  қатені  компьютердің  жіберуімен  есепке  алады.  Пакет  жеткізілген  (табыс  етілген) 

соң бақылаушы жиынтық қабылдаушы компьютер арқылы есепке алады. Мазмұны сәйкес 

келмесе,  онда  жіберілген  пакеттегі  мәліметтер  жөнелткен  кезде  зақымданған  дегенді 

білдіреді.  Бұндай  пакет  лақтырылып  тасталады  да  қайтадан  паектті  жіберуге  автоматты 

түрде  сұраныс  жасалады.  Қондырғылар  байланыс  орнату  кезінде  коммуникациялық 

каналдар,  протоколдармен  келісімге  келу  үшін  ескертпелермен  алмасады.  Бұл  процесс 

байланыстың растығын дәлелдегені. (англ. HandShake — рукопожатие). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет