ОӘК КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР
ГАБДУЛОВА А.Е.
Егер маршруттар кестесінде тағайындалу желісінің бір мекен-жайына сәйкес
келетін сапар-жол біреуден көп болса, онда пакетті тасымалдау жөніндегі шешімді
қабылдау кезінде «Тағайындалу желісіне дейінгі қашықтық» өрісінде ең аз мән
көрсетілген жол қолданылады. Бұнда ара қашықтық дегеніміз желілік пакетте берілген
сервис класына сәйкес қолданылатын кез-келген өлшеуіш. Егер маршрутизатор
пакеттердің бірнеше сервис кластарын қолдаса, онда маршруттар кестесі әр сервис
(маршрут таңдау шарты) түрі үшін жеке құрылады және қолданылады.
Пакет құрылымдық желінің кез-келген желісіне адрестелуі мүмкін болғандықтан
маршрутизация кестесінде құрылымдық желіге кіретін барлық желілер туралы жазбалары
бар сияқты елестеуі мүмкін. Ірі желі жағдайындағы маршрутизация кестесінің көлемі өте
үлкен болуы мүмкін, сол себептен оны қарап шығу уақытына әсер етеді, сақтау үшін көп
талап қойылады және т.с.с. Сондықтан тәжірибеде маршрутизация кестесіндегі жазбалар
санын «автоматты маршрутизатор» (default) деген арнайы жазбаны қолдану
нәтижесінде азайтуға тырысады. Күрделі құрылымдық желілерде, яғни желінің екі шеткі
түйіндері арасындағы пакеттерді тасымалдауға арналған бірнеше балама маршруттар бар.
Маршрут – бұл пакетті жіберушіден белгіленген пунктке дейін өтуге тиісті жол ауыстыру
тізбегі.
Маршрутизатор – телекоммуникациялық құрылғы, олардың желіге жалғанатын
бірнеше порттары болады. Маршрутизаторлардың әр портын желінің жеке түйіні ретінде
қарастыруға болады: оның меншікті желілік мекен-жайы және өзіне жалғанған ішкі
желідегі меншікті жергілікті мекен-жайы бар. Яғни, маршрутизаторлардың әрқайсысы өз
желісіне кіретін бірнеше түйіндердің жиынтығы деп қарастыруға болады. Біріккен
құрылғыға сай маршрутизаторлардың жеке желілік мекен-жайы да, ешқандай жергілікті
мекен-жайы да болмайды.
Бірнеше мүмкін болатындардың ішінен ықтималды маршрутты таңдау мәселесін
маршрутизаторлар сияқты желінің соңғы түйіндері де шешеді. Маршрут осы
құрылғылардағы желінің ағынды нұсқасы жөніндегі ақпараттың негізінде, сонымен қатар
маршрутты таңдаудың көрсетілген шарты негізінде таңдалады.
Ұсынылатын әдебиет
1 В.А.Козлов, Открытые информационные системы. - М.: Финансы и статистика, 1999. –
233с.
2 К.Андерсен, Локальные сети. Уч.пособие. : Перв.с.англ. - М.: Энтропия, 1999. – 624с.
3 Э.Якубайтис, Архитектура вычислительных сетей. - М.: Статистика, 1980. – 279с
4 В.Г.Олифер, Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы: Учебник для
вузов. - Спб.: Питер, 2004. – 864с.
5 В.П.Косарев, Компьютерные системы и сети. Уч. пособие для Вузов. - М.: Финансы и
статистика, 1999. – 462с.
6 Н.В.Максимов, Компьютерные сети. Уч. пособие. - М.: Форум, 2004. - 335 с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары
1. Сапар желіктеу кестесімен коммутатор кестесін салыстырыңыздар. Олар қандай
бейнемен қалыптасады? Қандай хабарды жеткізеді? Олардың көлемі неден тәуелді
болады?
2. Сапар желіктеу кестесі тағайындау желілері туралы жазуларды қамтиды. Оларда не
туралы айтылған?
3. Сапар желіктеу кестесінде қалыпты түрде сапар желіктегіштер туралы бірнеше жазуды
жасай аласыз ба?
4. Дәріс тақырыбына сәйкес әртүрлі формалы 5 тестік тапсырма құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: