ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНСТРЛІГІ
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика ғылымы. Педагогика ғылымының әдіснамасы
Орындаған: Султанов Б.Б.
Қабылдаған: Есбергенова Г.Б.
Жоспар: - Жоспар:
- Педагогика ғылымы. Педагогика пәні, оның негізгі категориялары.
- Педагогикалық ғылымдар жүйесі.
- Педагогика ғылымының әдіснамасы және оның деңгейлері жөніндегі түсінік.
Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны береді.
Педагогикалық ғылым - оқыту мен тәрбиелеудің фактілерін жинақтайды, құбылыстар арасында себеп-салдарлы байланыстарды орнатады.
Педагогика ғылымын философиямен тығыз байланыстырады. Ол ежелгі Кытай, Үңдістан, Египет, Греция елдеріңде пайда болып, дамыған.
Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл сөз өзінің тікелей мағынасында қолданылған болатын. Ең алғаш педагогтар деп қожайындардың баласын мектепке апарып-әкелетін құлдарды атаған. Кейін педагогтар деп балаларды үйрету, тәрбиелеу және оқытумен айналысатын адамдарды атады.
Әрбір адам тәжірибе негізінде белгілі бір педагогикалық білімдерді жинақтайды, түрлі педагогикалық құбылыстар арасында байланыстарды орнықтырады. Осылайша, алғашқы қауым адамдары балаларды тәрбие белгілі бір білімге ие болған. Ол ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр, ойын, ережелер түрінде жеткізіліп отырған. Бұл білім мақал-мәтелдерде, аңыз-әңгімелерде, ертегілерде сақталған, ол халық педегогикасының мазмұнын құрайды.
Білім беру ұғымын ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
Білім беру - табиғат және қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінен жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту үрдісі
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері - ол екі жақты біртекті үрдіс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міңдеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірге қолданады
Педагогика ұғымдарының бірі - тәрбие. Тәрбие - қоғамның негізгі жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру принципі больш табылады.
Тəрбие:
– əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар.
– педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |