Деформация формуласы Серпімді деформацияның бірнеше түрлері бар: сығылу немесе созылу, жылжу, иілу, бұралуболып бөлінеді.
Егер қатты денеге сыртқы созу немесе сығу күштерін түсірсек, онда атомдар арасындағы қашықтық артады немесе кемиді, яғни олардың кристалдарындағы тепе–теңдік орны бұзылады. Бұл қатты денедегі атомдарды бастапқы тепе-теңдік күйіне келтіруге тырысатын ішкі күштердің пайда болуына алып келеді. Бұл күштер серпімділік күштері деп аталады. Денедегі пайда болған серпімді күштер денеге түсірілген күштерді теңестіреді.
Егер кернеу күшiн тудырған күштi керi алып тастаса, онда материалда қалдық деформация байқалмайды. Мұндай деформация серпiмдi деформация деп аталады. Серпiмдi деформация кристалдық тор атомдарының арақашықтығының өзгеруiнен туады, металдың құрылымына, қасиетіне елеулі өзгеріс енгізбейді. Материалды созғанда алыстап, қысқанда жақындайды. Бiрақ атомаралық арақашықтық өте кiшкене болғандықтан, күштiң әсерi тоқтағанда бастапқы қалпына оралады. Атомдардың бұлай орын ауыстыруы электростатикалық тебiну және тартылу күшiнiң тепе-теңдiк күйiн бұзады, сол себептi түскен күш қайтарылғанда тартылу немесе тебiлу күштерiнiң әсерiнен атомдар бастапқы орындарына қайтып, формасы өзгерген кристалдар қалпына түседi. Серпімді деформациясы Егер кернеу күшiне әсерлi күш тоқтатылса, оның құрамындағы серпiмдi деформация жойылып, қалдық (пластикалық) деформация сақталады. Пластикалық деформация туындаған металдың құрылымы керi айналмайтындай өзгередi, қасиетi бiрге өзгередi. Мұндай деформация қалдық немесе пластикалық деформация деп аталынады. Серпiмдi және пластикалық деформациялардың жүру механизмі бiр-бiрiне ұқсамайды, әртүрлі жолмен жүреді. Пластикалық (қалдық) деформациясы Пластикалық деформацияның жүру механизмі Жанама кернеудің белгілеген шамадан асып ұлғаюының нәтижесінде деформацияның қайтуына мүмкіншілік тумайды. Түскен күш тоқтағанда тек қана серпімді деформация жойылады да, пластикалық (қалдық) деформация сақталып қалады. Пластикалық деформацияланған металдың құрылымы, қасиеті бастапқы қалпына қайтпайтындай болып өзгереді. Пластикалық деформация сырғып немесе қосарланып жүредi. Жанама кернеу туындаған кубтық құрылымы бар металдың серпімді және пластикалық деформация сұлбаларысуретте көрсетілген. Кристалдық тордағы сырғу атомдардың ең тығыз орналасқан, орын ауыстыруға кедергiсi аз жазықтықтарының және бағыттарының бойымен жүредi. Себебi көршi атомдар жазықтықтарының арақашықтығы үлкен болғандықтан, аралық байланыстары төмен келеді. Бұл жазықтықта жақын сырғу жазықтығы мен сырғу бағыттары сырғу жүйесiн құрайды. Металдарда бiр немесе бiрнеше сырғу жүйесi болуы мүмкiн. Сырғу жүйелерi кристалдық тор типтерiне қарай қалыптасады. Кубтық кристалдық тордан тұратын металдың созымталдығы жоғары, себебі ондағы сырғу көптеген бағытта жүреді. БЦК құрылымды металдардың созымталдығы төмен, сол себепті мұндай металдарды штамптау, қысып өңдеу, басқа түрде деформациялау өте ауыр түседі. Кристалл торындағы атомдар жазықтықтарының орын ауыстыруына байланысты кристалдың бір бөлігі өзара ығысып сырғиды. БЦК торынан тұратын металдарда Feγ, Cu, Al т.б. сырғу октаэдр (111) жазықтығы бойымен және кубтың қабырғаларындағы диагональдар бағытында жүреді; ал КЦК торынан тұратын металдарда Feα, Mo,V т.б. сырғу (110),(112) және (123) жазықтықтары бойынша кубтың кеңістіктегі диагоналі бағытында [111] (6 - сурет) жүреді; гексагональды тығыз торынан тұратын Mg, Zn, Be, т.б. сырғу базис жазықтықтары бойында жүреді. Кубтық кристалдық тордан тұратын (КЦК және БЦК) металдардың созымталдығы жоғары, себебі мұндағы сырғу бірнеше көптеген бағыттарда жүреді. Гексагональды тығыз торынан тұратын металдардың созымталдығы төмендігінен илемдеуге, қалыптауға жарамайды. Сырғу процесін кристалдың бір жақ бөлігі түгелдей екінші бөлігінен бөлініп орын ауыстырады деп түсінуге болмайды. Онда деформация процесі жүру үшін бұдан жүздеген, тіпті мыңдаған есе артық күш қажет болар еді. а) контур (жылжу жазықтығындағы PQRS дислокациялары сызығы)
б) дислокацияның орын ауыстыру этаптары мен олардың беттік қабатқа шығуы; τ- жылжу кернеуі;
в) кристалл бойындағы жылжу жазықтығы.
Шеттік дислокацияның жүруі. Пайдаланған әдебиеттер
С.Э.Хайкин «Физические основы механики», 1963
«Деформация және металдың қирауы» әдістемелік-нұсқаулық