Пәннің негізгі міндеті «6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
OН3 -қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды және өзінің кәсіби өсуін жетілдіруде озық тұжырымдамаларға негізделген теориялық білімді сыни тұрғыдан қолданады, түрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланады;
ОН9 -әлеуметтік, этикалық және ғылыми пікірлерді ескереді, пайымдауды қалыптастыру үшін ақпараттарды анықтайды, іріктейді, жинайды, жетілдіреді және түсіндіреді, сандық технологиямен жұмыс істейді, жаңа контент жасай алады; ОН12 -қазақ әдебиетінің тарихын, теориялық мәселелерін және даму бағыттары мен үрдістерін біледі және көркем шығарманы талдайды,оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешуде теориялық және практикалық білімдерін қолданады.
4. Курстың академиялық саясаты: Әдебиет туралы ғылымның тарихының, сөз өнерінің қоғамдық функциясын түсініп, практикада қолдана алады.
Академиялық тәртіп ережелері: Студент сабаққа қатысуға міндетті, кешігуге болмайды. Сабаққа қатыспаған жағдайда 0 балл қойылады.Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, жобалық жұмыстар мен тапсырмаларды және т.б.) орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау қажет. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады. Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
Академиялық құндылықтар:Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау. Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail, whatsapp бойынша кеңес ала алады.
5. Ақпараттық ресурстар: (Интернет-ресурстар)
Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2018.
Мақпырұлы С. Адамтану өнері. Алматы, Арыс, 2006.
Әдебиет теориясы: антология. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» .Т. ІІ / ред.:Д. Ривкин, М. Райанн; ауд.: А. Исембердиева, Н. Құдайберген. - 3-ші басылым. - 2019. - 372 б.
Тамабаева Қ.Ө. Көркем шығарма және оны талдау жолдары: оқулық. 2019.
5. Смагулов Ж.К.ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы. Оқулық. 2019. -388 б.
6. Көркем әдебиет. Әдебиеттану [Электрондық ресурс]: справочное издание. - Электрон. мәтінді мәліметтер. - Астана : [б. ж.], [2020]. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). - (Мәдени мұра).
https://adebiportal.kz/kz/books/view/axmet-baitursynulynyn-alty-tomdyq-sygarmalar-zinagynyn-i-tomy__944.
https://openu.kz/storage/lessons/1938/debiet-teoriyasy-krspe_6_lecture.pdf.
https://abaialemi.kz/post/view?id=884.