3. Пәннің қысқаша мазмұны. Пәнді оқыту мақсаты:
- балалардың психикалық дамуының жетекші заңдылықтары, даму кезеңдері, психологиялық жаңа құрылым туралы түсініктерін қалыптастыру және психологиялық зерттеу әдістерін жүргізу іскерліктерін дамыту.
Пәннің негізгі міндеттері: - Балалар психологиясы пәнінің мазмұнымен таныстыру;
- психологиялық зерттеу әдіс-тәсілдерін қолдана білуге үйрету;
- педагогикалық-психологиялық бақылау, талдау, зерттеу жүргізе білуді меңгерту;
- адамды іс - әрекет, таным, қарым-қатынас субъектісі ретінде зерттеу үшін психологиялық білімдерді ғылыми негізде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
4. Курстың академиялық саясаты: Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.
Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.
Өздік жұмыс студенттің максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді.
Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті, өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу, бақылау түрінде тексеріледі. Себепсіз сағат босатсаңыз қосымша шығармашылық жұмыс беріледі. Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі.