ОН 1-қазіргі білім парадигмасы контекстінде философиялық, психологиялық-педагогикалық ғылымның
тұжырымдамалық ережелерін меңгерген;
ОН 3-білім алушыларды мониторингілеу және диагностикалау әдістерінің кешенін қолдану арқылы
психологиялық-педагогикалық білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жүйелейді және
жинақтайды
ОН 6-дидактиканың классикалық ережелерін, кәсіби коммуникацияны және білім алушылардың
психологиялық-педагогикалық қажеттіліктерін ескере отырып, оқу сабақтарын өз бетінше құрастырады.
4. Курстың академиялық саясаты: Академиялық тәртіп ережелері: • Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек.
Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге әр тапсырманы мұқият орындау қажет
болады
•
Тапсырмаларды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда орындалған тапсырмадан айыппұл балдарын шегеру есебімен бағаланады. •
Сабаққа міндетті түрде қатысу керек, кешікуге жол берілмейді. Сабаққа кешігу және келмеу 0 балмен бағаланады (төтенше жағдайдларды есептемегенде). •
Тапсырмаларды дербес немесе шағын топ болып орындауға болады. Академиялық құндылықтар: пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып
оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және
магистранттар практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында өзбетісен зерделейді. Аталған
мәсселлерді білу агистрантқа оқыту үдерісінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің
жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.