1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы: Психология (модуль) Кредит саны: 2 ESTS Курс, семестр, оқу жылы: 2 курс, 3 семестр, 2023-2024 оқу жылы Шифр және Білім беру бағдарламасының атауы: Барлық педагогикалық мамандықтар үшін Институт атауы: Педагогика және психология Кафедра: Жалпы және қолданбалы психология Оқытушының аты-жөні, дәрежесі,ғылыми атағы,қызметі: «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Қатынас ақпарат (телефон, e-mail):
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)* Бағалау критериялары: Үй тапсырмаларының немесе БӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасаужәне кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.
Ал білім алушыларды бағалауда төмендегі дескриптор ескеріледі:
пәннің негізгі түсініктерін, мазмұнын меңгеру (20 балл);
теориялық білімді өмірлік тәжірибелермен байланыстыра алу, практикалық тұрғыда қолдана алу дағдысы (40 балл);
сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс (30 балл);
қарым-қатынас мәдениеті, тапсырманы жеткізу кезіндегі ораторлық қабілеті, дауыс ырғағы мен эмоциялық тұрақтылығы, аудиторияны баурай алуы, т.б. (10 балл).