4. Тест әдісі, оның түрлері мен сипаттамасы. Тест (сынақ) — психологияда адамның жеке басында психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белігілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. «Тест» — ағылшын сөзі, мағынасы «сынақ» дегенді білдіреді. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады. Тестілеу — белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ, қатаң бақылауда өтетін тексеру. Зерттеудің басқа әдістеріне қарағанда тестілеудің ерекшелігі — қарапайымдылығы, дәлдігі, автоматтандыруға болатындығы. Тест — жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетінің салыстырмалы көрсеткіште, сонымен қатар білімін, дағдысы мен шеберлігін өлшеуге арналған қалыптасқан стандартты тапсырмалар. Тест үлгілі түрдегі жағдайларды көрсетеді, олардың көмегімен жеке тұлғаның ерекшеленген белгілері анықталады. Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады. Тест — адам психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын психологиялық зерттеулердегі әдісі. Бір жағынан тест әдісін оқу процессінің радикалды жағдайының оның технолизация сына еңбек әрекетін төмендеуіне апарады десе, екінші жағдайынан педагогтардың ролін төмендеуіне, үшіншіден тесттер кейбір педагогика этикасын бұзуға әкелетініне айтып отыр. Вербалды тест- стандартты сынақ, тілдің қасиетіне байланысты жүргізіледі, яғни мұнда сөйлеу және сөз арқылы зерттеледі. Стандартты тест- психологиялық тесттің негізгі сұрақтары мен қолдануы өзгермейтін тізімді тест. Жеке тұлғалық тесттер — психологиялық тесттердің адам мінезін, қабілетін, эмоциясын және т.б. жеке тұлғалық қасиеттерін анықтағанда қолданылады. Жеке тұлғалық тесттер :