Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» шжқ рмк



бет3/7
Дата25.11.2023
өлшемі76,79 Kb.
#125899
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әлеуметтану 2023-24 силлабус

Азаматтық қоғам – саяси құрылымдарымен, соның ішінде мемлекетпен салыстырғанда қоғамдық өмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым.
Аккультурация - әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым.
Аксиология – (гректің "axia” «құндылық», "logos” ілім деген сөзінен шыққан) құндылықтар туралы ілім.Құндылықтарды жан – жақты зерттеу мәселесін социологияға Макс Вебер енгізген болатын.
Аномия – қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы.
Ассимиляция – сан алуан әлеуметтік топтардың әлеуметтік және мәдени негізде бірімен бірінің сіңісіп кетуі.
Ауыл – қоғамдық еңбек бөлінісінің, яғни қол өнер мен ауыл шаруашылығының бөлінуі нәтижесінде пайда болған қоғамдық өмірдің нақты әлеуметтік кеңістіктік түрі.
Әлеуметтік – (социальное– латынның «socialis» – «бірге», «жолдастық», «қауымдық» деген сөзінен шыққан) – социологияның категориясы ретінде: 1) адамның қоғамдық өмірінің мәнін; 2) адамның жануарлардан айырмашылығын; 3) адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін; 4) қоғамдық жүйелер құрылымдарын тиімдірек пайдалану жолдарын көрсету үшін қолданылады.
Әлеуметтік ақпарат – қоғамдық, сондай-ақ, адам, қоғам және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы.
Әлеуметтік арақашықтық – (социальная дистанция) әр алуан топтардың, таптардың бір – біріне деген қарым – қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді.
Әлеуметтік байланыс – (социальная связь) жеке адамдардың немесе топтардың бір – біріне деген кез келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелейтін түсінік. Бұл түсінікті социологияға Э.Дюркгейм енгізген болатын.
Әлеуметтік бақылау – (социальная контроль) әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың әс - әрекетіне қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет