12.04.23 Бастауыш пән мұғалiмiнiң негiзгi қызмет саласы туралы жан-жақты ақпарат білдім.
13.04.23 Сыныптағы оқушылармен танысып, бақыладым.
14.04.23 Сыныптағы оқушылармен жұмыс істеуге дағдыландым.
15.04.23 Тәрбиелiк iс-шараны дайындауға және өткiзуге белсендi қатыстым.
17.04.23 Оқу (танысу) iс-тәжiрибесiнiң есебiн дайындадым. Оқу iс-тәжiрибесiнiң негiзгi құжаттарын ретке келтiрiп, қорғауға дайындалдым.
18.04.23 Тәрбиелік іс-шаралардың жоспарымен таныстым.
19.04.23 Ата-аналармен жұмыс жасауды үйрендім.
20.04.23 Ата-аналар жиналысына қатыстым.
21.04.23 Бастауыш сыныпта өткізілетін қысқа мерзімді жоспар құрлымымен таныстым.
22.04.23 Сабақ өткізудегі әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгердім.
Асылзат 2022ж 1 қыркүйекте мектепке қабылданды. Мектепке дейінгі мекемеде болған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.
Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Темпераменті сангвиник – флегматик. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Сыныптан тыс шараларға белсене қатысады.
Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Қай пәннен де тапсырмаларды өздігінен орындай алады.
Математикадан сандарды оқып, қосып және азайтып алады. Мазмұнды есептер мен логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау, анализ жасау қабілеттері өте жақсы дамыған.
Сауат ашудан барлық әріптерді толық меңгерген. Сөздермен мен сөйлемдерді тұтас жүргізіп оқиды. Мәтіннің мазмұнын толық жеткізе алады. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Зейіні тұрақты. Негізгі қолы оңқай.