6. Тәжірибеде орындалған жұмыс жазбалары/
Записи о работах, выполненных на практике
Айы және күні/
Месяц и число
|
Атқарылған жұмыстың қысқаша мазмұны/ Краткое содержание выполненных работ
практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған жұмыстардың сипаттамасы
|
Жетекші белгісі*/ Отметка руководителя*
|
10.04.23
|
Оқу практикасына бағыт беру конференциясы болды. Онда оқу практикасының мақсат – міндеттері таныстырылды. Ондағы педагогикалық кіріспе және білім беру практикасының мақсаты – танысу білім беруді ұйымдастырудың және оны болашақ кәсіби іс – әрекет жағдайына бейімдеу, студенттердің теориялық пәндерді оқу барысында алған теориялық білімдері негізінде студенттерді қалыптастыру, мұғалім кәсібі туралы толық түсінік, оқыту іс – әрекетінің негізгі түрлерімен таныстыру, білім беру процесін психологиялық - педагогикалық қолдау саласындағы практикалық дағдылар мен негізгі дағдылар. Тәжірибе міндеттері – мұғалімнің іс – әрекетінің әлеуметтік маңыздылығы және оның оқушы тұлғасының қалыптасуына әсері туралы студенттердің хабардар болуы, орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында әр түрлі типтегі мектептердегі мұғалім кәсібі және оқу – тәрбие жұмысының қазіргі жағдайы туралы толық түсінік қалыптастыру, болашақ мұғалімдердің педагогикалық бағытын, кәсіби жіне құндылық мотивтерін, үздіксіз педагогикалық өзін – өзі тәрбиелеу қажеттілігін қалыптастыру, студенттердің қашықтықтан оқытудағы оқу – танымдық процестің үйлестірушісі ретіндегі жаңа рөлі туралы хабардарлығы, әлеуметтік – этикалық және жеке құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту, аналитикалық және рефлексиялық, зерттеу, жобалау және басқа пәндік құзыреттерді қалыптастыру, кәсіби бағдар және әлеуметтену.
|
|
11.04.23
|
Біз мектептерге бөліндік. Сондай – ақ, мектеп базасымен таныстық.
Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – сабақ оқыту. Оны мұғалім атқарады. Мектептердің түрлері:
1) білім беру сипатына қарай: жалпы білім беретін және кәсіптік;
2) берілетін білім көлеміне қарай: бастауыш, орта, жоғары;
3) балаларды жынысына қарай бөліп оқытатын мектептер;
4) оқытудың тілдік нысанына қарай:
а) ұлт мектебі;
ә) Қазақ тілді мектеп, аралас тілді мектеп;
б) дінге қатысына қарай: діни зайырлы;
в) меншік түріне қарай: мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік (ақылы) мектептер болып сараланады. Ал Жалпы білім беретін мектеп - әрқайсысы дербес қызмет жасай алатын үш деңгейден тұрады: бастауыш, негізгі орта және жоғарғы деңгейден тұратын, негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, орта, жалпы білім беретін оқу орны.
|
Достарыңызбен бөлісу: |