Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет32/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   532
Инновация 
– педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, 
оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа 
жету. 
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту 
мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп 
болды. Мысалы, 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй 
тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П. Гузик өзгертіп қолданды. 


66 
Инновациялық мектептердің мақсаты – жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. 
Н. Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі: 

Білім мазмұнындағы инновация

Оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы 
инновация; 

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновациясы 

Мектептегі басқару жүйесіндегі инновация. 
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері: 
-
Жеке, бір-бірімен байланысы жоқ; 
-
Модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері 
бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар; 
-
Жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер. 
Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі. 
Модификациялық инновация
– педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: 
А.С. Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А. Ысқақов осы заманға лайықтап 
қолданды. 
Комбинаторлық инновация 
– белгілі әдістердің элементтерін бір-біріне қосу. 
Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар 
қолдануда. 
Түбірлі – 
мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарын енгізілуі. 
Инновациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп 
жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің 
оқу-тәрбие жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде 
өзгертеді. 
Инновациялық процестердің кезеңдері: 

Инновацияның себептері; 

Жаңалықты жобалау; 

Жаңалықты жүзеге асыру. 
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының 
дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра 
білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор: 

Мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға 
қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және 
қарым-қатынасы; 

Инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы; 

Баңдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі,керек жағдайда 
инновациялық процеске түзетулер енгізу. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін 
жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шаралардыда белгілеу; 

Әлеуметтік-экономикалық жағдай; 

Инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы 
тұрушылар[3]. 
Педагогикалық жүйе - өзгерістер жағдайында да тұрақты, өзгермейтін компоненттер 
жиынтығы. Мұндай компоненттер қатарына педагогтер, оқушылар, оқу-тәрбие үдерісін 
басқару, технология және оқыту мен тәрбиелеу мазмұны, әдіс, формалары, құралдары жатады. 
Педагогикалық іс-әрекетке инновациялық бағыттылық беру бір қатар жағдайлармен 
анықталады. 
Біріншіден, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер білім беру жүйесі, 
түрлі оқу мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру әдіснамасы мен технологиясын 
түбірімен жаңартуды қажет етеді. 
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендіру оқу оқу пәндері көлемін, құрамын өзгертіп, 
жаңа пәндер енгізіп, оқытуды ұйымдастырудың жаңа формалары мен технологияларын 
іздестіруді қажет етеді. 


67 
Үшіншіден, мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды қабылдау мен меңгеруге 
қатынасы сипатты өзгереді. 
Төртіншіден, оқу орындарының нарықтық қатынасқа өтуі бәсекелестік деңгейін 
көтеруді талап етеді. 
Педагогикалық инновацияларға: 
1.
Жаңа емес, бірақ өзінің өзектілігін жоймаған және педагогика ғылымы мен практикасы 
жүйесі қамтитын, әлі толық жетілдірілмеген оқу-тәрбие үдерісін оңтайландырудың жалпы 
идеялары мен практикалық технологияларын; 
2.
Ізгілік педагогикасының барлық қағидалары мен практикалық технологиялары 
жиынтығын қарастыруды; 
3.
Жаңа идеяларға негізделген педагогикалық үдерістерді ұйымдастыру мен басқару 
амалдарын; 
4.
Ақпараттандыру мен жаппай коммуникациялаудың жаңа идеялары мен құралдарына 
негізделген технологияларды жатқызуға болады[4]. 
Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.
 
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада 
мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл 
анықтауға мүмкіндіктер бар. 
Екіншіден,
 
мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін 
жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі. 
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды. 
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары – мұғалімнің жоспары, оқыту 
процесіндежұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың іс-әрекетінің түрлері және 
мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім өзінше жасайды, демек 
сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады. 
Технологияның кезеңдері: 

Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау; 

Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу; 

Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою. 
Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі. 
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, 
қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгеймен салыстырылады, 
жаңа мақсат қойылады. 
Сонымен, мақсат анық болмаса оқу процесінің жетілдірілуіне кедергі жасалады. 
Оқыту технологиясының ерекшеліктері: 

Түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру. 

Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу. 

Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін 
оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру. 

Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау[6]. 
Оқушының қызығушылығын ұштау, мазмұнды білім беруді көздеген ұстаздар ізденісі 
инновациялық технологияларды қолдану кезінде тіптен қарқын алды. Білім беру жүйесіндегі 
инновация – білім саласында жаңашылдық енгізуді көздеп, оқыту мен тәрбиенің жаңа 
әдістемелерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату 
мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу т.б. мақсат, міндеттерді 
қамтыды. 
Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі ізденуіне, ұтымды әдіс-тәсілдерді 
қолдануына, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Осыны жақсы түсінген 
ұстаздар білім беру саласында инновациялық технологиялардың қолданылуын ерекше 
құлшыныспен қарсы алды. Өз ізденістеріне, тәжірибелеріне енгізіп, шеберлік алаңының өрісін 
кеңейтті. 


68 
Олай болса, қазіргі таңда қолданылып отырған жаңашыл технологиялармен таныс 
болайық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет