Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет31/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   532
 
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Әсілбек Аружан Бауржанқызы 
Профессор ассистенті, phD Жанадилова Қ.Б. 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 
aruzhanassilbek@icloud.com
  
 
Қазақстандағы өмір сүру және қызмет жағдайларының инновациялық өзгерістері 
табиғи түрде және білім беру жүйесінде көрініс табады. 
Бүгінгі таңда, әсіресе, өзіне тиесілі білім мен дағдыларды шығармашылықпен қолдана 
алатын, қызметті мүмкіндігінше тиімді ету үшіноны өзгерте алатын адам қажет. Нәтижесінде 
білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде оқытуды ұйымдастырудың әдістерін, құралдарымен 
формаларын жаңарту туындады. Аталған проблема оқу процесіне жаңа педагогикалық 
технологияларды әзірлеумен және енгізумен байланысты. Білім беруді жаңарту оқытуды 
ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен формаларын қолдануды, оқушылардың 
танымдық белсенділігі мен шығармашылық Тәуелсіздігінің оңтайлы дамуына ықпал ететін 
оқытудың осындай педагогикалық жағдайларын жасауды талап етеді. 
Білім беру процесінде заманауи технологияларды қолдану проблемасының өзектілігі 
қоғамда болып жатқан интеграциялық және ақпараттық процестерден, әлемдік білім беру 
кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуынан туындайды. Қазіргі 
қоғам үздіксіз даму мен өзгеру жағдайында. Мұндай қоғамдағы білім беру жүйесі қоғам мен 
мелекеттің сұраныстарына сәйкес өзгеруі және жетілдірілуі керек. Осындай тәсілдердің бірі-


65 
білім беру жүйесінде уақыттың сын-тегеуріндеріне жауап беру қабілеті, инновациялары 
қалыптасқан, білім беру жүйесіне сапалы жаңа енгізулер болып табылады. 
Оқушылардың үлкен көлемдегі ақпаратты игеру және оны қолдану бойынша 
практикалық дағдыларды дамыту қажеттілігі мұғалімдердің ақпарат берудегі жаңа тәсілдерін, 
жаңа технологиялар мен оқыту әдістерін құруына, оқыту әдістемесіне шығармашылық 
көзқарастарды іздестіруге әкеледі. 
Өкінішке орай, кейбір мектептерде инновациялық технологияларды тиімді пайдалану 
үшін педагогикалық жағдайларды жүзеге асыруға көп көңіл бөлінбейді. Осылайша
инновациялық технологияларды қолдану қажетттілігі мен негізгі мектептегі нақты оқу 
жағдайлары арасында қайшылықтар бар. Біз үздіксіз білім беруде жаңа технологияларды 
неғұрлым оңтайлы пайдаланудың педагогикалық жағдайларын анықтауды және іске асыруда 
осы қайшылықтың мүмкін болатын шешімдерін көреміз. Бұл қайшылық таңдалған зерттеу 
тақырыбының өзектілігін растайды. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси 
жаңғыру жолында» атты Қазақстан халқына жолдауында «кең, ауқымды, жаңаша ойлайтын 
заманауи менеджерлерсіз біз инновациялық экономика құра алмайтынымызды» атап өтті. Бұл 
мектеп білімін дамыту мен жетілдірудің стратегиясы мен тактикасын анықтауымыз керек 
екендігінің дәлелі, мектептердің білім беру практикасына жаңа ақпараттық, педагогикалық 
және білім беру технологияларын енгізу көзделеді. 
Педагогикалық инновация-бұл қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізуге 
көмектесетін білім беру саласындағы инновацияларды әзірлеу, енгізу, тестілеу және бағалау 
процесі. Инновациялар мен мақсаттар бір-бірімен тығыз байланысты: білім беру процесі 
уақыт өте келе өзгереді, еңбек нарығы болашақ жұмысшыларға жаңа талаптар қояды, ал оқыту 
өзгереді, жаңа мақсаттарға бейімделеді, оларға жету үшін жаңа педагогикалық әдістер мен 
тәсілдер қажет. 
Инновация («новация» - жаңа, жаңашылдық; «ин» «қайталанатын» процесс, құбылыс, 
оқиға, т.с.с. білдіретін жұрнақ) әреет етуші нәрсенің ішіндегі жаңаның пайда болуын, дамуын 
білдіреді. Бұл ұғым кейде «жаңалықты енгізу», «жаңалық» , «жаңаны жасау», «реформалау» 
ұғымдарымен теңестіріледі, ал кең тұрғыдан алғанда жүйедегі кез келген өзгерісті білдіреді. 
Инновация теориясының алғашқы ұғымдарының негізін қалаушылар неміс ғалымдары 
В.Зомбарт, В.Метчерлих және австриялық экономист Й.Шумпетер болып табылады, олар бұл 
қағидаларды әлеуметтік-экономикалық және технологиялық процестерге байланысты 
қолданған. Бүгінде ғылыми зерттеулерде әдіснамалық тұрғыдан қатынастың әртүрлігіне 
байланысты «инновация» түрліше анықталады. Көптеген ғалымдар, әсіресе, шетел ғалымдары 
(Н.Мончев, И.Перлаки, В.Д.Хартман, Э.Менсфилд, Р.Фостер, Б.Твисс, Й.Шумпетер, 
Э.Роджерс, т.б.) бұл ұғымды өз зерттеулерінің объектісі мен пәніне байланысты 
тұжырымдайды. Мәселен, Б.Твисс инновацияны жаңалық немесе идея экономикалық 
мазмұнға ие болатын процесс ретінде анықтайды. Ф.Никсон инновацияны – бұл нарықта жаңа 
және жақсартылған өнеркәсіптік процестер мен құрал-жабдықтардың пайда болуына алып 
келетін техникалық, өндірістік және коммерциялық шаралардың жиынтығы деп есептейді [1]. 
Инновация ағылшын тілінен аударғанда жүйе ішіндегі өзгерістер деген мағынаны 
білдіреді. Құрал мен деріс ретінде инновация қандай да бір жаңалық енгізу деген мағынаны 
білдіреді. Педагогикалық үдеріске қатысты инновацияны оның мақсатына, мазмұнына, оқыту 
әдістері мен формаларына, мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін ұйымдастыруға 
жаңалық енгізу деп анықтауға болады [2]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет