Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет46/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

Эстетикалық тәрбие. 
Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Эстетикалық тәрбие арқылы 
бала қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған әсерін шығармашылық. 
жұмысында көрсетуге, бейнелей білуге үйренеді. Мектепте Эстетикалық тәрбие барлық оқу-
тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері 
сабақтарының, сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Эстетикалық тәрбие 
ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелерімен тығыз байланысты. Ол адамды рухани байытып, 
көркем-шығарм. қабілетін дамытуға ықпал етуге тиісті. Эстетикалық тәрбие берудегі негізгі 
бастау қайнар көз дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қордаланған құндылықтар жүйесі, 
рухани мұралары, халық ауыз әдебиеті болуы, жаһандану дәуіріндегі рухани азғындау 
қаупінен сақтанатын бірден-бір жол.[6] 
3-кеңес.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру. 
Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында 
қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру. 
Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-
құлық дағдыларын қалыптастыру. 
Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, 
құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты 
және қол орамалды пайдалануды үйрету. 
Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй 
қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, 
шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу. 
Ата-ананың баласымен қыдыруға саябақтар немесе саяжайларға шығып отыруы.Ата-ана 
саяжайда,саябақта табиғат аясында бірге серуендеп жүрген кезде: «Бүгін аспан қандай әдемі 
болып тұр?! Қарашы, қайыңның жапырағы алтын түстес болып кетіпті» Баланың эстетикалық 
сезімдерін ояту үшін оның бақылай білу қабілеттерін дамытудыдеп,баланың назарын әдемі 
,сұлу көріністерге аудара білу қажет. 
Баланың эстетикалық сезімін оның күнделікті өмірде пайдаланып жүрген тұрмыстық 
заттарына мән бере отырып тәрбиелеуге болады. Мысалы,тамақ ішіп отырған ыдысының
ойнаған ойыншығының әдемілігіне, киімінің өзіне қонымды,түсінің көркін ашып, жарасып 
тұрғанына назар аударту баланың эстетикалық талғамын оятады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы,2000. 
2.«Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы...
www.bala-kkk,kz/normativnye_pravovye.../zakon_o_brake_i_seme/
 
3. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. – 
M.,1991.-C.152. 
Мухина В.С. Детская психология. - СПб.,1992. 


91 
4.

https://school-herald.ru/


 
5.
 
https://zakon.uchet.kz/kaz/docs/V1600014235
 
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000137
 
6.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «
Қазақ 
энциклопедиясы»
 Бас редакциясы, 1998 
ISBN 5-89800-123-9
, X том 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет