137
М.Мағауиннің «Шақан-Шері» романын оқытудың тиімді әдістерін ұсынбақпыз.
М.Мағауин тарихшы, жазушы, қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым. Жазушының
қазақ әдебиеті мен тарихына қосқан үлесі ұшан теңіз. М.Мағауин қаламынан туған көркем
шығармалар автордың талантты жазушы екенін шегелей түседі. Жазушы жайлы
О.Сүлейменов:«Мұхтар Мағауин біздің жазба поэзиямыздың
тарихын бірнеше ғасырға
тереңдетіп, әдебиет және өнер институтының барлық жұмысын жалғыз өзі атқарыпшықты», –
деп әділ баға берді [5.86].
Жазушы М.Мағауиннің қаламынан туған «Шақан-Шері» романынан алынған:
«Жолбарыс аулау – қазақтың ата дәстүрі, машық өнері. Төріне тарғыл жолбарыс ілінбеген
үйде найза ұстар ұл тумайды деген бабаларымыз» [3.17] деген үзінді аталмыш туындының
негізі идеясынан белгі береді.
Қаламгердің бұл туындысы өзге көркем шығармалардан өзгеше, бұл шығармада адам
бейнесі мен түс тағысы тарғыл жолбарыстың болмысы қатар суреттеледі. Ер жігіттің
өшпенділік пен қайнаған кектен туған ызасы жыртқыш жолбарыс бейнесімен астасып өзгеше
сипат алады. Көркем шығармада қазақтың аңшылық дәстүрінің сан алуан қыры,
қазақы аң
аулаулың түрлі айла-әдістері ерекше суреттелумен қатар, өзі аулаған олжадан басқа жемтікті
жемейтін жолбарыс тектілігі ерекше баяндалады. Дегенмен, қазақ даласында бұрындары
расымен де жолбарыс болған ба? – деген ой, оқушыларды шығармаға қызықтырудың
алғышарты болуы тиіс.
Шығарма желісі, ағайын қысасына шыдамай елден бөлініп, қамыс жайлаған көл мағына
келіп қонған, аңшы отбасының бір-ақ күнде жыртқыш жолбарыс тарапынан ойран болуы; кек
соңына түскен аңшының бүкіл жолбарыс атаулының тұқымын тұздай құртуға серт етіп, берген
серттен қайта алмай бүкіл өмірін кек жолына арнағандығы жайлы өрбиді. Шығарма басында,
жолбарысты адам өмірін жалмаған жыртқыш есебінде бейнелегенімен; бұдан кейінгі өрбіген
уақиға адам баласының өшпенділігі жолбарыстан да жоғары
жыртқыштық дәрежесіне
көтерілгендігі сөз болады. Адамға себепсіз шаппайтын түс тағысының бұл әрекетіне жауап
іздегенде, алдымыздан адамның жыртқышқа жасаған қастығы шығып,тарғыл жолбарыстың да
кек қуғаны көрініс табады.
Бұл шығармадан оқушылардың алар тәлім-тәрбиесі – өшпенділік пен кектің соңы
жақсылыққа алып бармайтынын ұғындыру әрі қоршаған ортаның табиғи заңдылықтарын
бұзбау, ондағы әрбір жаны бар тіршіліктің айрықша орны бар екендігін түсіндіру.
Шығарманың оқытылу үдерісіне тоқталар болсақ, 10-сынып оқу бағдарламасы күнтізбелік-
тақырыптық жоспарда шығарманы оқытуға 10 сағат берілген. Шығармаға 10 сағат
берілгенімен оқушы үшін тұтас романды оқып шығу оңайға соқпасы анық. Осы тұста мұғалім
өз біліктілігінің арқасында, сабақта ұтымды әдістерді пайдалану арқылы тұтас роман желісін
оқушының бойына сіңіре алады.
Достарыңызбен бөлісу: