Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМНІҢ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ



Pdf көрінісі
бет354/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   532
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМНІҢ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ 
РЕТІНДЕ 
 
Азаматова Д.А. 
Ғылыми жетекші: Акжанова Г.А. менеджмент магистрі, лектор 
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті»
КЕАҚ, Көкшетау қ. 
azamatovadiana059@gmail.com
 
Эпидемия, экономикалық дағдарыс, экологиялық мәселе, адамзатты ресурстармен 
қамтамасыз ету, мұнайдың, табиғи газдың, көмірдің, ағаштың, түсті металдардың сарқылуы, 
су ресурстарының тапшылығы, демографиялық даму (дамушы елдердегі халық санының 
жарылысы және дамыған елдердегі демографиялык дағдарыс), жұмыссыздық және тағы да 
басқа жағдайлар әлемнің жаһандық мәселелерінің қатарына кіреді. Бірақ, ең танымал, 
дамыған, кен таралған мәселе бұл-жұмыссыздық мәселесі. Соңғы үш оңжылдықта 
жұмыссыздық ең маңызды мәселелердің біріне айналды. Бұл мәселе, яғни "жұмыссыздық" 
дамыған, дамып келе жатқан, дамымаған елдерде бар және де өзекті проблема болып келеді. 
Яғни, жұмыссыздық бүгінгі қоғамда өзектілігін жоймаған мәселесі деп те айтуға болады. 
Мысалы, Америка Құрама Штаттары әлемдегі ең дамыған экономикаға ие. Одан кейін Қытай, 
Жапония, Германия және Ұлыбритания. Америкадағы жұмыссыздықты алсақ, 50 жылдағы ен 
төменгі деңгейге жетті. Кейбір қалаларда жұмыссыздардың 1%-ы ғана. Ұлттық көрсеткіш 
3,3%-ға дейін төмендеді. Елдегі ен төменгі көрсеткіштер Эймсте (Айова) және Оңтүстік 
Берлингтонда (Вермонт) болды. Жұмыссыздық деңгейі ең жоғары қала Эль-Центро, 
Калифорния. Мұндағы жұмыссыздық 21,2%-ды құрайды [1]. 
Жұмыссыздык баршамызға таныс құбылыс десек қателеспейміз. Кейбіріміз 
жұмыссыздықтың не екенін диплом алғаннан кейін білеміз, ал кейбіріміз бұл мәселеге тап 
болдық. Тіпті мұндай құбылысты басынан өтпегендер де осы экономикалық апаттың 
құрбанына айналған адамдарды күнде кездестіреді. Жұмыссыздық ауыр әлеуметтік салдары 
бар экономикалық құбылыс.
Жалпы жұмыссыздық ұғымы елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір белігі өзіне 
пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын алеуметтік-экономикалық 
құбылыс. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұраныстың төмендеуіне 
әкеледі. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі 
обьективтік заңдылық. Яғни жұмыссыздықтың ресми көрсеткіші толық жұмыссыздарды және 
де жігерсіз жұмысшыларды есепке алмайды. Мысалы, адам жұмыс таба алмайтына сенімді 
болса, жұмыс іздеуден бас тартқан адамдарды жігерсіз жұмысшылар болып саналады [2].


642 
Қазіргі таңда біздің елімізде жұмыссыздықты жою мақсатында көптеген мәселелер 
қарастырылып жатыр. Елімізде жұмыссыздық мәселесі көбінесе жастардың әлеуметтік әл-
ауқатына ерекше әсер ететін мәселелердің бірі. Себебі, Қазақстанның болашағы жастардың 
қолында! Жастар - ел болашағы. Ал, болашак бағдарсыз болмайды. Осыны бірінші Елбасы 
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметіне келер жылдың бірінші 
жартысына дейін «Жастар саясаты» женіндегі заңды қабылдауды тапсырған болатын. ҚР 
мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасы қабылданды. Нақтылап 
айтсам, «Дипломмен ауылға» «Жастар тәжірибесі», «Қолжетімді баспана», «Мемлекеттік 
кадрлар резерві» деген бағдарламалар. Егер де жастар, яғни біз осындай мемлекет тарапынан 
жасалып жатқан игі істерден қалыс қалмай, жалқауланбай, белсенділік танытсақ, әрине бізге 
берері өте көп. Мәселе мұлде жок деп айтуга келмейді, бірақ ол бірте-бірте шешілетін мәселе. 
Себебі, қазіргі танда Қазакстанда жас мөлшері 14-тен 29-ға дейінгі адамдар жастар қатарына 
жатқызылады. Бүгінгі таңда жастар еліміздің халқының 30% құрап, қоғамның маңызды бөлігі 
болып табылады [3]. 
Жастар арасындағы жұмыссыздыққа ең алдымен әлеуметтік-психологиялық 
сипаттамалар әсер етеді. Мысалы, белгілі бір амбициялардың, мақсаттың, ұмтылыстың 
болмауы. 
Жастарды тағы бір мәселе ол жоғары оқу орындарында алған білімі. Теориялык, 
практикадан абстракцияланғандығы, экономиканың түрлі салаларындағы жұмыс шындығы. 
Жастар белгілі бір кәсіптер мен мамандыктардың белгілі бір беделіне назар аудара отырып, 
еңбек нарығының қажеттіліктерін нашар меңгерген. 
Халықтың еңбек нарығындағы ең осал санатына зейнеткерлік жастағы азаматтар да 
жатады. Көптеген жұмыс берушілер халықтың бұл санаты бүгінгі енбек нарығында бәсекеге 
қабілетті емес деп санайды. Жұмыс берушілер арасында 50 жастан асқан адамдар онша 
оқытылмаған, жана технологиялар мен әдістерді меңгеру киын деген пікір бар. Сондықтан 
компаниялар, фирмалар, ұйымдар, рекрутингтік агенттіктер өздерінің жұмыс туралы 
хабарландыруларында қызметкерлерге «45 жасқа дейін» деген таланты жиі қоятыны 
таңқаларлық емес.
Қазақстанның жұмыссыздық статистикасын алсақ, халықаралық енбек ұйымының 
болжамынша, 2023 жылы жұмыссыздар саны 3 млн-ға артып, 208,2 млн-га жетеді. Ал 2024 
жылы жұмыссыздар саны 210,9 млн адам, 2022 жылы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 5,8% 
болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (6,2%) және 2020 жылғы "коронадағдарыс" 
кезінегіден (6,9%) төмен, бірак 2019 жылғы көрсеткіштен (5,5%) жоғары. Сонымен қатар ХЕҰ 
болжамынша, 2023-2024 жылдары жұмыссыздық деңгейі қазіргіден өзгеріссіз қалады (5,8%) 
[4]. 
Жұмыссыздық деңгейі гендерлік ерекшеліктерге қарай айтарлықтай өзгермейді. 
Мысалы, 2022 жылы айелдерде жұмыссыздық деңгейі 5,8% болса, ерлерде арасында 5,7% 
болды. Ал 2023-2024 жылдары ерлер арасындағы жұмыссыздық денгейі өзгеріссіз қалып
әйелдер арасындағы жұмыссыздық көбейіп, 5,9% болмак [4] 


643 
Сурет – 1. Әлемдік жұмыссыздық және гендерлік ерекшеліктер құрылымы [4] . 
2022 жылы макро өңірлер контекстінде жұмыссыздықтың ең төменгі денгейі Азия-
Тынық мұхиты аймағындағы елдерде белгіленді: 5,2%, ХЕҰ болжамы бойынша 2023-2024 
жылдары жағдай жалғасады, бұл көрсеткіш тіпті 5,1%-ға дейін төмендейді. Айта кетейік, 
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жұмыссыздық денгейі 2022 жылы 2,6%, Тынық мұхиты 
аралдарында 3,6%, Шығыс Азияда - 4,6%, Онтүстік Азияда бірден 7,2% болды [4]. 
Батыс жарты шарда жұмыссыздық деңгейі орташа әлемдік деңгейге 5,8% тең. 
Болжамдар бойынша ол 2023 жылы 6,1%-ға, 2024 жылы 6,2%-ға дейін өседі. Бүл ретте Латын 
Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде бұл көрсеткіш 7% болса, 2024 жылы ол 6,9%-ға 
дейін төмендейді, ал Солтүстік Америка елдерінде (АҚШ және Канада) бар болғаны 3,8%, 
бірақ 2023 жылы 4,7%-га дейін, ал 2024жылы 5,1%-га дейін өседі [4]. 
Еуропа мен Орталық Азияда жұмыссыздық деңгейі 2022 жылы 6,1%-ды құраса, 2023-
2024 жылдары 6,3%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Бұл ретте Солтүстік, Батыс және Оңтүстік 
Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш Шығыс Еуропаға қарағанда жоғары: 5%-ға қарсы 6,3%. 
Орталық және Батыс Азия елдерінде жұмыссыздық денгейі 7,7 пайызды құрады. 2023-2024 
жылдары Солтүстік, Батыс жане Онтүстік Еуропа елдерінде көрсеткіш 6,6%-ға дейін, Шығыс 
Еуропада 5,1%-ға дейін, Орталық және Батыс Азияда 7,8%-ға дейін артуы мүмкін [4]. 
Африка елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі 2022 жылы 7,1%-ды құрады, 2023жылы ол 
өзгермейді, ал 2024 жылы ол 7%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, жұмыссыздық 
деңгейі Солтүстік Африка мен Сахараның оңтүстігіндегі елдер арасында айтарлықтай 
өзгереді: 6,4% қарсы 11,3%[4] . 
Ең жоғары жұмыссыздық деңгейі араб мемлекеттерінде: 2022 жылы ол 9,3% құрады. 
Сонымен катар, Парсы шығанағы Араб мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесіне (ГКК) 
мүше елдерде бұл көрсеткіш небәрі 4%-ды құрады, бұл таңқаларлық емес, өйткені бұлар 
мұнай мен газдың негізгі экспорттаушы елдері ( Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман және 
Сауд Арабиясы). Сонымен қатар, ШҚО-ға кірмейтін араб мемлекеттерінде жұмыссыздық 
деңгейі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады: 14,3% [4]. 


644 
Диаграмма 1. Әлемдік жұмыссыздық деңгейі талдау [4]. 
Жұмыссыздық деңгейін төмендетуге не көмектеседі? Бұған дейін Қазақстанда 
жұмыссыздықпен күресу үшін нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті 
дамытудың 2017-2021 жылдарға арналңған «Еңбек» бағдарламасы әзірленіп, қазір жүзеге 
асырылуда. КР Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары 2025 жылға 
қарай Қазақстанда объективті себептерге байланысты жұмыссыздықтың артуы мүмкін деп 
болжаған. Объективті тенденциялар орта мерзімді перспективада жұмыссыздықтың артуы 
елдін дамуындағы келесі демографиялық толқынға, оның халқына және еңбек нарығындағы 
өзгерістерге байланысты болуы ықтимал екенін көрсетеді. 5-6 жылдан кейін енбекке қабілетті 
халық арасында популяциялық жарылыстың «екінші толқыны» («1950 жылдардын соңы мен 
1960 жылдардың басындағы демографиялық жарылыстың бірінші толқыны») буыны басым 
болады, яғни 1980 жылдардың екінші жартысында дүниеге келген ұрпақ. Бүгінде бұл буын 
өкілдері 30-35 жаста. 2025 жылы олар жұмыс істейтін халықтың негізгі және ең белсенді, 
сұранысқа ие және үлкен тобын құрайды. Бұл еңбек нарығына қысым жасайды [6]. 
Сонымен катар, әйелдердің зейнет жасы 63 жасқа дейін көтерілгендіктен, дәл 2025 
жылға қарай әйелдер саны мен олардың еңбек нарығындағы үлесі айтарлықтай өседі. Жыл 
сайын зейнеткерлік жастағы (63 жасқа дейін) әйелдердін үлесі артады.
Қазір адамдарға жұмыс табуға мүмкіндік беретін интернет-сайттар, ал компаниялар - 
қажетті талаптарға жауап беретін қызметкерлер бар. Мұндай қызметтер жұмыссыздарға 
жұмыс табуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар жұмыс істейтін адамдардың 
жалақысы жоғары лауазымға ауысуына мүмкіндік береді. 
Корыта келгенде, жұмыссыздық мәселесін тек мемлекеттің, бизнестің жұмыс іздеп 
жүрген халықтың өз күштерін біріктіру арқылы шешуге болатын сияқты. Мемлекет 
азаматтардың біліктілік пен лайықты енбек жағдайларын алу мүмкіндігіне кепілдік беруі тиіс. 
Касіпорынның заңды түрде коммерциялық кызметті жүзеге асыруы және өз қызметкерлерінің 
құқықтарын сақтай отырып, олардын алдындағы алеуметтік міндеттемелердің бір бөлігін 
орындай отырып, құзыретті мамандарды жалдау үшін қолайлы жағдайлар болуы керек. 
Адамның білім алуына, кәсіпке ие болуына, лайықты өмір сүру деңгейіне кепілдік беретін әділ 
жалақыға құқығы, жұмыс орнын таңдау мүмкіндігі болуы керек. Өз кезегінде кызметкер адал 
енбек етіп, сол арқылы жұмыс берушіге пайдасын тигізіп, салықты адал төлеу арқылы ел 
экономикасын нығайтуы керек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
1.
https://martebe.kz/galamdik_problemalar/ 
2.
https://stud.kz/referat/show/40800 
3.
https://adebiportal.kz/kz


645 
4.
https://www.inform.kz/kz/bezrabotnyh-v-mire-stanet- 
bol-she-na-3-min-chelovek-v-2023-
godu-mot_a4031860
 
5.
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BE%D1%80%D1%8C%D0%B1%D0 
%B0_%D1%81_%D0%B1%D0%B5%D0%B7%D1%80%D0%B0%D0%B1%D0%BE 
%D1%82%D0%B8%D1%86%D0%B5%D0%B9 
6.
https://ekonomist.kz/zhussupova/bezrabotica-v-kazakhstane-problema/
7.
"Халықтың жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық" Қазақстан Республикасының 
Статистика Агенттігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет