Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет376/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   532
Ескерту: Автормен жасалған 
"Цифрлық экономика" жағдайында бухгалтер мен аудитордың мүмкіндіктері кеңейіп, 
осы мамандарға қажетті құзыреттер шеңбері өсуде. Жұмыс берушілердің қажеттіліктері 
бухгалтерлерді есепке алудың, талдаудың және аудиттің өзекті мәселелерін шешуге 
бағдарлауды күшейту қажеттілігін анықтайды. Ол үшін жоғары оқу орындарының білім беру 
бағдарламалары мен кәсіби стандарттарды үйлестіру ғана емес, сонымен қатар оқу процесінде 
экономикалық ғылымның соңғы жетістіктерін пайдалану, біліктілікті жүйелі түрде арттыру, 
сондай-ақ кәсіби этика нормаларын мінсіз сақтау қажет. 
Цифрлық технологиялардың бухгалтерлік есепке әсерін бағалай отырып, олар оның 
одан әрі өмір сүруіне қауіп ретінде емес, Бухгалтерлік есеп әдістерін мазмұнды түрде 
дамытуға мүмкіндік беретін аспаптық базаны дамыту құралы ретінде қарастырылуы мүмкін 
деген қорытынды жасауға болады. 
Осылайша, цифрлық экономика жағдайында өзектілік пен сұранысты сақтау үшін 
бухгалтерлік есеп өзінің әдіснамасына экономикалық ақпаратты алудың, өңдеудің және 
берудің жаңа тәсілдерін уақтылы біріктіруі керек. 
Әдебиет 
1.
Кушнир И.Б., Калюжная А.Ю. Автоматизация бухгалтерского учета с использованием 
специализированных компьютерных программ // Аллея науки. - 2018. Т. 1. - № 4 (20). - 334 
с. 
2.
Одинцова Т.М., Бухгалтерский учет в контексте вызовов цифровой экономики и 
информационного общества // Вестник ИПБ. Вестник профессиональных бухгалтеров. – 
2019. – № 3. – 48 с. 
3.
Бекова Р.Ж., Файзуллина С.А., Жексембина А.Е. Цифровизация казахстанской экономики 
и развитие бухгалтерского учета // Вестник университета «Туран». - 2019;(2):. - 263 с. 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА АУЫЗША 
ЖҰМЫСТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Байгазина Н.Н. 
Ғылыми жетекші: Мусайбеков Р.К. – академиялық доцент, жаратылыс ғылымдарының 
магистрі, оқытушы - дәріскер
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ-сы 
bnnaz1204@bk.ru 
Бүгінгі таңда бастауыш мектептің түлегінен не талап етіледі? Есептеу біліктілігі, қосу 
және көбейту кестелерін білу, амалдардың жазбаша алгоритмдерін білу және оқушылардың 
мәтінді есептерді шығару қабілеттерін дамыту 
[1; 8 б.]
. Осы қойылған мақсаттарға сабақта 
жүргізілетін жұмыстың алуан түрлері арқылы жетуге болады, соның ішінде ауызша 
жұмысты атап өткен жөн болады.
Бастауыш мектепте, әсіресе математика сабақтарында ауызша жұмыс істеудің маңызы 
зор, бұл мұғалімнің сыныппен немесе жекелеген оқушылармен әңгімелесуі және 
оқушылардың қандай да бір тапсырмаларды орындау кезіндегі пікірлері және т.б. Ауызша 
жұмыстың осы түрлерінің арасында ауызша жаттығулар деп аталатын жаттығуларды атап 
өтуге болады. Бұрын олар негізінен есептеулерге жататын, сондықтан оларға «ауызша 
есептеу» атауы бекітілген.


688 
Ауызша жаттығулар сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі, барлық сынып оқушылары бір 
мезгілде бірдей жаттығуларды орындайды. 
Ауызша жұмыстың маңыздылығы жөнінде, уақыт мерзімі туралы, қандай түрде 
жүргізелітіндігін мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықта айтылады. 
Енді ауызша жұмыстың түрлеріне тоқталайық: 
- «Тізбек» ойыны; 
- сигналды карталар; 
- Танграм ойыны; 
- сиқырлы шаршы; 
- математикалық диктант; 
- тиімді түрдегі ауызша есептеулер. 
Әрине, тізімді жалғастыра беруге болады, ауызша жұмыстың осы түрлерін көрсетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет