«Табиғат - поэзияның қайнар көзі» десек, ендеше Көкшетау - Отан, туған жер туралы поэма.
Көкшетау поэмасы 1929 жарық көрді. Бұл кезең советтік өмірдің ең бір белсеңді уақытымен шендесіп жатыр. Бұл поэма сынаққа көп ұшырады. Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың, өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып тағылды. Осындай жан-жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді. Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді. Табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді. Өнер адамдары өмірін айтады.
«Көкшетау» поэмасын оқып талдау жасау.
Поэманың мазмұндық жоспары:
Кіріспе бөлім
Көкшенің сұлу табиғаты.
Негізгі бөлім.
1.Оқжетпес.
2.Жұмбақтас.
3.Қазақ- қалмақ қарым-қатынасының бір оқиғасына арналған. Абылай бейнесі. Ұрыста қолға түскен қалмақ қызына Абылай батырларының таласуы. Тұтқын қыздың батырларға қойған үш шарты.
4.Адақ батыр
Адақ батырдың ата тегі, шыққан жері. Қалмақ қызының басына қауіп төнген тұста Адақтың араласуы.