Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігісеминар сабақтың тақырыбы
Cиллабус Мәд 22-23 ож
2.Оқу сабақтарын өткізу түрлері: Лекциялар: онлайн-форматта, бейне-дәрістер, тренингтер, қонақ лекциялары, вебинарлар, бейнеконференциялар, белсенді интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы, дискуссиялар, университеттің ПОҚ және ҚР жетекші жоғары оқу орындары мен шетелдік жоғары оқу орындары әзірлеген ЖАОК; Практикалық (семинар) сабақтар: стартаптарды, жобаларды әзірлеумен практикалық-бағдарланған тәсіл, практикалық жағдайларды талдау (case-study), виртуалды практикалық тапсырмаларды орындау және т. б. СӨЖ: Тапсырмаларға жатады: лекция конспектілерін құрастыру, есептерді шешу, бақылау жұмыстарын орындау, глоссарий, эссе, реферат, портфолио жазу, презентациялар дайындау және т.б. *СӨЖ тақырыптары СӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқауларда берілген. 2.2 Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімдерін бақылауды қамтиды: лекциялардағы сұрау, практ / семин. сабақтарындағы сұрау және сабақ айту, үй тапсырмасын орындау, СӨЖ қорғау; Аралық бақылау - коллоквиумдарды тапсыру, ауызша сұрау жүргізу, жазбаша жұмыстарды, тест тапсырмаларын қорғау және т.б. үлгілер. (оқытушының қалауы бойынша); 2.3 Оқытушының талаптары: 2.3.1 Студент өз бетінше және уақытында тапсырмаларды орындауға міндетті, тізімі мен санын пән бойынша кредиттер санына сәйкес кафедра анықтайды. 2.3.2 Дедлайнның бұзылуымен тапсырылған тапсырмалар белгіленген бағадан 20% төмен бағаланады; 2.3.3 Сабаққа қатаң түрде кесте бойынша қатысу; 2.3.4 Ауырған жағдайда сабақта болмағаны үшін анықтама ұсыну; 2.3.5. Жіберілген сабақтарды студент кафедрада бекітілген ОСӨЖ кестесі бойынша тапсырады. 2.3.6 Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау; 2.3.7. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда оқытушы студентті аудиториядан шығарады (онлайн сабақтар кезінде – студентті осы сабақтан блоктайды) және сабақтан себепсіз қалу фактісін тіркейді. 2.3.8 Академиялық адалдық ережелерін сақтау: жазбаша жұмыстарды ұсыну кезінде плагиатқа, көшіріп алу және алдаудың өзге де түрлеріне жол бермеу; 2.3.9 Жазбаша емтихандарда плагиатқа тексеруден өтпеген жауаптар есептелмейді, бұған қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады; жүктеу/скачать 98,69 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |