Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет40/82
Дата28.10.2022
өлшемі2,07 Mb.
#45997
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Байланысты:
filosofiya oku-adistemelik keshen 2022-2023 zh. 2

Әдебиеттер:
1. Мырзалы С. Философия. - Алматы: Бастау, 2014. - 448 с.
2.Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. https://openu.kz/ru/book/filosofiyanyng-tangdauly-25-kitaby
3.Юлән Ф. Қытай философиясының қысқаша Нұр-Сұлтан, 2020.
4.Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы [Мәтін] = A new history of western philosophy. 1-ші том: Антика философиясы. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.
https://openu.kz/ru/book/batys-filosofiyasynyng-zhanga-tarihy-antika-filosofiyasy-1-tom


Дәріс 5.6. Сана, рух және тіл
Негізгі мақсаты: философиядағы сана мәселесін, онымен қатысты рух және тіл феномендерінің мәнін пайымдау.
Негізгі түсініктер: сана генезисі, өзіндік сана, тіл, ойлау, архетип, бейсана, көпшілік сана, католицизм, протестанцизм, суфизм, номенализм, реализм, универсалий, аверроизм.


1. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері. Сана және ойлау.
2. Сана және психика. Антропосоциогенез. Сананың пайда болуы мен мәні: негізгі тұжырымдамалар.
3. Жан, ақыл, парасат, рух. Антика дәуірі мен Орта ғасырлардағы сана мен рух, ақыл мен жанның космологизмі және теологиялық түсінігі.
4. Жаңа дәуір кезеңі мен XVIII-XXI ғғ. сананың гносеологиялық модельдері, транценденталдық негіздері және заманауи концепциялары.

1. Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған. Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешөашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың “шыбын – жан” деген сөзі осындай ұғымнан туындаған. Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай алады-мыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды.
Сол органикалық және органикалық емес дүние арасындағы дәнекер – нуклеин қышқылдары бір жағынан органикалық емес, екінші жағынан органикалық дүниеге жатады. Олай болса, тіршілік қайдан пайда болды деген сұрау өзінен-өзі шешіледі.
Енді сол клетканың пайда болуымен жоғары дамыған организм – адам, оның санасы аралығында табиғатта жүз миллиондаған, бәлкім миллиардтаған жылдар жатқан болар. Ендігі мәселе – сана деген не, ол қалай пайда болды, мәні неде деген сияқты сұраулар.
Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14 – 15 миллиардтай. Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ, сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді.
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: “Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек. Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйіп айтады? Олардың ойынша,адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-сайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады. Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрейне адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нірсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше.
2. Сана – философия, психология, әлеуметтануда адам психикасының маңызды жүйелі компонентін (бөлігін) сипаттайтын іргелі ұғым. Сана адамды жануарлар әлемінен айыратын, бөлетін оның тектік белгісі. Ол адамның қазіргі типінің ұзақ эволюциясы мен қалыптасу процесінде пайда болған әлеуметтік қасиет. Сананың қызмет етуі адамға объективтік әлемнің байланыстары, қатынастары, заңдылықтары туралы жинақталған білімдер жасауға, табиғи және әлеуметтік ортада өзінің қызметін белгілейтін мақсаттар қоюға және жоспарлар жасауға, шындықпен (дүниемен) эмоционалды, рационалды және пәндік-практикалық қатынастарды реттеу мен бақылауға, өзінің тіршілігінің жағдайларын шығармашылықты өзгертуге мүмкіндік береді. Сана – бұл сезім органдарымен тікелей қабылданбайтын және сезінуші субъекттің де, басқа адамдардың да пәндік-практикалық қызметінің объектілері бола алмайтын сезімдердің, ойлардың, идеялардың және басқа рухани феномендердің ішкі әлемі. Осы онтологиялық аспектіде сананың болмысы, бар болуы, «субъективтік шындық», «идеалдылық» ұғымымен белгіленеді.
Сана - бейнелеудің ең жоғарғы деңгейі. Материалистік концепция бойынша сана- бұл жоғары ұйымдасқан материяның (мидың) материяны (қоршаған әлемді) бейнелеу қабілеті.
Ол объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Сана іштен туатын қасиет емес. Ол атадан балаға көшетін де қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми – оның мекені. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Ерекше феномен ретінде сананың төмендегідей жалпы қасиеттерін атауға болады:-субъекттілік – сана «иесіз» болмайды, әрқашанда оның өзінің иесі бар;
- пәнділік (мазмұндылық) – сана ешқандай мазмұнмен толтырылмаған, «бос» бола алмайды.
Әрқашанда санада бейнеленетін және оның пәнін құрайтын нәрсе, зат, құбылыстар болады, басқаша айтқанда, бұл сананың мазмұны;
-белсенділік және мақсаттылық, яғни сана дүниені (әлемді) белсенді, мақсатты және талғап бейнелейді;
-идеалдылық – санада пайда болатын образдар (бейнелер) идеалды сипатта, олар материалдық құбылыстардың «дубликаты» емес, субъект қабылдайтын немесе елестетін формалар (пішіндер);
-интенционалдық –бұл сананың әлде бір объектілерге бағытталғандығын (Ф.Брентано, Э.Гуссерль) білдіреді;
-рефлективтік –сананың өзіне бағытталғандығы, өзінің жеке мазмұнын бейнелеуге қабілеті.
Сана мен ойлауды барабар деп қарастыруға болмайды. Олар арасында байланыс бар, бірақ мәндері, табиғаттары бөлек: сана-әлеуметтік қасиет, ойлау (мышление) – физиологиялық процесс. Сананы көп пәндер, ғылым салалары зерттейді, сол сияқты ол (сана) көп проблемалармен де байланысты (ми, тіл, бейсаналық, жасанды интеллект, т.б.). Интенцияшылдық (лат.intentio- талпыну, зейін қою) – сананың белгілі затты түсінуге бағытталуы немесе заттың шынайы, шынайы емес екендігіне тәуелсіз сана нақтылығы. Бұл ұғым тарихы жалпы ортағасырлық схоластикадан бастау алады. ХІХ ғ. неміс ойшылы Ф.Брентано осы ұғымды қайта енгізеді. Кейін Э. Гуссерльдің феноменологиясында ерекше зерделеніп, негізгі ұғымға айналды және феноментану үшін мүлде тосын және негіз қалаушы мағынада пайымдалады. Әрбір феноменнің өзіндік интенциялық құрылымы бар. Жалпы, интенцияшылдықтың құрылымы төмендегідей: интенцияшыл әрекет, интенцияшыл мазмұн мен зат.
3.Тарихи жан адаммен бірге дүниеге келеді. Ал рухқа келер болсақ - ол адам психикасы дамуының соңғы жетілген сатыларымен байланысты. Неміс философы К.Ясперстің ойынша, рухтың дүниеге келген уақыты – кіндікті уақыт (осевое время), шамамен б.з.д.VIII-II ғ.ғ. болса керек. Осы кезде адамның абстрактылық ойлау қабілеті жетіліп, мифологиялық дүниетүсіну философиялық пайымдауға ауысып, көпқұдайлықтан бірқұдайлыққа негізделген дүниежүзілік діндер дүниеге келеді. Міне, осы уақытта жан-дүниенің үстінде рух пайда болады».
Карл Ясперс сана және бейсаналық екжей-текжейлі зерттеу жүргізген ойшылдардың бірі. Оның пікірінше бейсаналық дегеніміз, автоматты мінез-құлық. Яғни бір кездерде саналы түрде үйреніп, кейін өздігінен сияқты орындала беретін әрекеттер. Жүру, жазу, вилосипед тебу, доп ойнау т.б. Философиядағы тіл мәселесін тіл философиясы зерттейді. Тіл XIX ғғ. дейін классикалық философияда сананың, ақыл-ойдың, танымның қызметі, құралы ретінде қарастырылды. Тек XIX ғ. бастап тілдің болмысы өзге қыры ашыла бастады. Тіл білімінде Гумбольт, Соссюр сияқты ойшылдар тіл мәселесін тереңдеп зерттесе, философияда Хайдеггер, сонымен қатар неопозитивизм, аналитикалық философияда Витгенштейн сияқты ойшылдар тіл болмысының өзінділігін жан-жақты қарастырды.
Гумбольт: тіл халықтың рухы, рух дегеніміз халықтың тілі деп есептеді. Соссюр тілді тарихи қалыптасатын күрделі белгілердің жүйесі ретінде қарастырды. Хайдеггер тіл болмыстың үйі дейді. Тіл бәрінен үлкен, онда ұлттың тарихы, таным-түсінігі, жадысы түгел жинақталған. «Адам тілмен емес, тіл адамдармен сөйлейді десек дұрыс болады “дейді ойшыл. Тілдегі қалыптасқан сөздерді бұзып айта алмаймыз. Тілдің заңдылықтарын оқып үйренеміз. Сондықтан тіл бәрімізден үлкен. Хайдеггер болмысты тану үшін тілге құлақ түру керек дейді. Тілдің өзін сөйлету керек. Соның ішінде поэзияны жоғары бағалайды. Болмыс өз мәнін поэзияда ғана шынайы ашады дейді. Поэзияны адамзаттың ең алғашқы алғытілі деп санайды.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары
1.Философиядағы сана мәселесінің мәні неде?
2.Философиядағы жан мен рух, идея ұғымдары нені білдіреді?
3.Бейнелеу, сезіну, тітіркену дегеніміз не?
4.Сана және бейсаналық арақатынасы қандай? Бейсаналықты сансыздық деп аударған дұрыс па?
5.Тіл дегенміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет