Тақырыбы: ЖҰлын-ми сұЙЫҚТЫҒын зерттеу



бет1/3
Дата29.11.2023
өлшемі4,6 Mb.
#131289
түріҚұрамы
  1   2   3

ТАҚЫРЫБЫ: ЖҰЛЫН-МИ СҰЙЫҚТЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

  • Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
  • Орындаған: 607 топ

ЖОСПАР

  • Ми-жұлын сұйықтығы - ми қарыншалары мен субарохноидальді кеңістікті толтырып тұратын организмнің спецификалық сұйық ортасы. Ересек адамда ликвор орташа мөлшері – 110-115 мл. Оның көп бөлігі торлы қабық асты кеңістікте, аз мөлшері ми қарыншаларында болады. Ми-жұлын сұйықтығы түссіз мөлдір сұйықтық. Бас ми жұлын ауруларында оның түсі, қысымы өзгереді.
  • Безді клеткалардың белсенді секреция жолы арқылы ми қарыншаларының тамырлы өрімдерінен түзіледі. Бұл тамырлы өрімдер бүйір, үшінші және төртінші ми қарыншаларында орналасқан мидың жұмсақ қабатының туындысы болып табылады.
  • Ми жұлын сұйықтығының түзілуі
  • Ликвор айналысы үздіксіз жүріп отырады. Ол мидың бүйір қарыншаларынан Монро тесігі арқылы үшінші қарыншаға, одан Сильвиев су өзегінен төртінші қарыншаға құяды. Төртінші қарыншадан Мажанди және жұп Лушка тесіктері арқылы субарохноидальды кеңістікке барады. Ми мен жұлынды қоршап жатқан субарохноидальды кеңістікте ликвор бас пен омыртқаның қозғалысы, тыныс алу, ми пульсациясына байланысты әртүрлі бағытта баяу айналады.
  • Ликвор циркуляциясы

МИ - ЖҰЛЫН СҰЙЫҚТЫҒЫ КӨК ТАМЫР ҚҰБЫРЛАРЫ БОЙЫНДАҒЫ ТОРЛЫ ҚАБЫҚТЫҢ АЙНАЛДЫРЫЛҒАН ҚАПШЫҚТАРЫНАН ҚҰРЫЛҒАН ПАХИАН ТҮЙІРШІКТЕРІ АРҚЫЛЫ ҚАЙТА СІҢІРІЛЕДІ.

  • Миды сыртынан қоршап тұрып, шайқалулар мен ұрудан қорғайтын қосымша механикалық қорғаныш қызметін атқарады.
  • Ми тіндерінде осмотикалық қысымды бір деңдейде ұстап, ми құрылымындағы алмасуды қалыпка келтіру арқылы миды қоректендіреді. ОЖЖ әртүрлі бөлімінің белсенділігін өзгертетін тұрақтандырғыш молекулалар тасымалдайды.
  • Мидың жасушалары мен қан жасушаларының арасын байланыстырады.
  • Нейрондарды тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған керексіз заттардан тазартады.
  • Ми нейрондарын бір-бірімен гормондары, әртүрлі метоболиттер (адреналин, гистамин, серотонин) арқылы байланыстырады.
  • Ми-жұлын сұйықтығының атқаратын негізгі қызметтері:
  • Ересек адамда субарахноидальді кеңістік пен ми қарыншаларында 110-160 мл МЖС айналымда жүреді.Оның 20-30мл - бүйір қарыншаларда, 3-5мл - III-IV қарыншаларда,20-30мл – торлы қабық астында, 50-70мл – ми-жұлын каналына тиесілі.
  • Емізулі балаларда 40-60мл МЖС болады,жасына байланысты өсіп отырады.
  • Дені сау адамда тәулігіне 350-1150мл МЖС 0,2-0,8мл/мин жылдамдықпен,бас ішілік қысымға байланысты түзіледі.Неғұрлым қысым төмен болса, соғұрлым МЖС көбірек түзіледі.
  • МЖС организм қажеттілігіне байланысты тәулігіне 1-6рет жаңартылып отырады.
  • Диагностикалық мақсатта МЖС люмбальді пункция, субокципитальді және вентрикулярлы пункция арқылы алады.
  • Люмбальді пункцияны клиникалық тәжірибеге Г.Квинке және одан тәуелсіз 1891жылы Е.Уинтер енгізген.
  • 20 ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап диагностикалық мақсатта МЖС зерттеу дәстүрлі әдіске айналды.
  • МЖС зерттеуге А.Ю.Макаров, Г.Н.Кассиль, М.А. Барон есімді ғалымдар едәуір үлесін қосты.
  • Науқас оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындап, жастықсыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартып (арқасы «доға» тәрізді майысу керек) жатады.
  • Тесуді арнайы мандрені бар Бир инесімен III жэне IV бел омыртқалар арасына жасайды.
  • Тесетін жердің терісін 5% йод ерітіндісімен, сонан кейін 70% спирт ерітіндісімен тазартылады.
  • Жүмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезия (жансыздандыру) жүргізу үшін шприцке 0,5% новокаин ерітіндісі жіберіледі.
  • Мандренді инемен тері, тері асты клечаткасы, омыртқа байламдары, қатты және торлы ми қабықтары тесіледі де субарохноидальды кеңістіктегі соңғы цистернаға кіреді.
  • Мандренді ине алынғаннан кейін ми-жұлын сұйықтығы аға бастайды. Оның қысымы қалыпты болса, сұйықтық минутына 60 тамшы шамасында ағады. Ми жұлын сұйықтығы L тәрізді иілген шыны түтікше көмегімен өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет