Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім


КИМ ЮРИЙ МОИСЕЕВИЧ – ҒАЛЫМ, ПЕДАГОГ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет47/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
КИМ ЮРИЙ МОИСЕЕВИЧ – ҒАЛЫМ, ПЕДАГОГ ЖӘНЕ 
ТӘЛІМГЕР
Ким Юрий Моисеевич – Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университетінің профессоры, экономика 
ғылымдарының кандидаты. Өмірінің көп бөлігін, атап 
айтқанда 58 жылын, политехке арнады. 
Ким Юрий Моисеевич 1927 жылы Солтүстік Корея 
шекарасындағы Приморск өлкесінің Усть-Сидими 
ауылында дүниеге келген. 1937 жылы тоталитарлық 
режимнің құрбаны болған Кимдер отбасы Қарағанды 
жеріне келді. 1946 жылы Юрий Моисеевич мектепті, 
1951 жылы Сібір автожол институтын бітірді. 
Институтты бітіргеннен кейін жас маман ретінде ол 
Иркутск облысының Тайшет қаласына Ново-
Чунский леспромхозына жіберілді, ол орман жинау және оны өңдеумен 
айналысты. 1955 жылы Юрий Моисеевич Краснодар өлкесіне аумақтық 
басқарманың бас инженері болып БЕЛГЭС–құрылысқа ауыстыру туралы 
бұйрық алды. Ал 1959 жылы Краснодар өлкесіндегі Хадыженск қалалық 
партия комитетінің шешімі бойынша Ю. М. Ким Қарағандыға жіберілді, 
онда сол жылдары қатты құрылыс жүріп, инженер-құрылысшылар 
жетіспеген еді. Дәл осы жерде Юрий Моисеевич «Карагандашахтострой» 
комбинатының құрамында «Карагандажилстрой» СУ-5 тресінің бас 
инженері лауазымында жұмыс істей отырып, ғылыми қызметпен белсенді 
айналыса бастады. Экономиканың өсуі жағдайында бас инженерлерден 
жаңа технологиялар мен техниканы енгізу, сондай-ақ прогрессивті 
материалдарды пайдалану туралы ай сайынғы есеп қажет болды. 
Эксперименттік алаңдар құрылды, онда шеберлік сыныптары өткізіліп, 
үздік құрылыс нысандарының эталондық үлгілері көрсетілді. Дәл сол кезде 
Юрий 
Моисеевич 
озық 
тәжірибені 
зерделеу 
және 
оны 
өз 
кәсіпорындарында енгізу мақсатында Мәскеу, Ленинград, Киев және 
Кеңес Одағының басқа да қалаларының ірі озық құрылыстарына белсенді 
іссапарларға барды. 
Қарағанды политехникалық институтына үлкен білім мен тәжірибеге 
ие Ю.М. Ким 1961 жылы 1 қыркүйекте ректор, академик А.С. Сағыновтың 
шақыруымен келді. Техникалық жоғары оқу орнын құру үшін кәсіби 
ғалымдардың жақсы кадрлары қажет болды, сондықтан Юрий Моисеевич 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет