Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім



Дата21.10.2023
өлшемі17,88 Kb.
#120363
түріСабақ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Педагогикалық факультеті

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы


«7М01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс магистранты Даян Мадинаның
«Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқыту әдістемесі» пәні бойынша ПМНО-21(2)-21к тобында
СОӨЖ САБАҒЫН ӘЗІРЛЕУ ЖОСПАРЫ
Тексерілді:
Психология кафедрасының
практика жетекшісі
пс.ғ.д., профессор Б.А.Амирова
Мамандандыру кафедрасының
практика жетекшісі
п.ғ.к., профессор ассистент С.Б.Мукушева
Қарағанды 2023
Сабақ түрі: СОӨЖ
Тақырып: Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың ерекшелігі
Топ: ПМНО-21(2)-21к
Өткізілген күні: 20.02.2023
Өткен уақыты: 20.50-21.40
Сабақтың мақсаты: Студенттердің өзіндік ізденушілік жұмыстары негізінде шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқытуды ұйымдастыруды және ұйымдастыру ерекшеліктері туралы білімдерін дамыту, жаңа түсініктер қалыптастыру.
СОӨЖ барысы
Idl.ksu.kz сайтына сабақ тақырыбын, мақсатын және өзіндік жұмысқа арналған тапсырмаларды жүктеу.
Қосымша дәріс, мультимедиалық материалдарын жүктеу.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдармен жұмыс

  1. Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.

  2. ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.
    ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.
- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.
- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.
Сұрақтар:

  1. Шағын жинақты мектептің ерекшелігі неде?

  2. Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашыңыз

  3. ШКБМ-да сабақ өткізу ерекшеліктерін көрсетіңіз.

  4. Шағын жинақты мектепте сабақты ұйымдастыру мен жоспарлардың тиімді жақтарын атаңыз?

Тапсырмалар:

  1. «Сынып-комплекттің спецификасы» тақырыбында дикуссияға дайындалыңыз.

2. Мына тақырыптың біріне хабарлама даярлаңыз:
- «Мектеп-балабақша» кешені дамуының ерекшеліктері»;
- «Шағын жинақты мектептегі сабақ құрылымын ұйымдастырудағы кестенің ролі».


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ш. Х. Құрманалина, Б. Ж. Мұқанова. Педагогика: Астана, 2007.
2. Н. Берікұлы. Педагогика. Оқу құралы, 2004
3. Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2002
4. Қ. Сейталиев. Педагогиканың жалпы негіздері. Ақтөбе, 2004.
5. Б. А. Молдағалиев. Мектеп мұғалімінің анықтамалығы. Орал, 2005.
Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
БОПжӘ кафедрасының С.Е.Риза
оқытушысы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет