Курстық және дипломдық жұмыстың құрылымы:кіріспеден, теориялық және тәжірибелік бөлімдерден қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімге негізінен ғылыми аппарат кіреді. Олар: зерттеу жұмысында көрсетілген өзекті мәселе, зерттеу орны, мақсаты, міндеттері, зерттеудің әдістері, болжамы әдіснамалық негізі, ғылыми ізденіс жұмысының кезеңдері анықталады. Кіріспе бөлімде сонымен қатар зерттеу жұмысының ғылыми – практикалық мәні және эксперименті жүргізу жолдары, оны тәжірибеде пайдалану мәселелері анықталады.
Алғашқы тарауларда ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау дасалады. Ондай талдау мына ретте жүргізіледі:
Зерттелетін мәселенің тарихи – педагогикалық жағдайы, зерттеліну деңгейі.
Қазіргі педагогика, психология ғылымдарының философиялық негіздері.
Білім берудің жаңа сипатына қарай оқытудың жаңа технологияларын пайдаланудың ғылыми – практикалық негіздері.
Қазіргі педагогикалық - психологиялық әдебиеттер негізінде мәселені шешудің тұжырымдамалары.
Теориялық бөлімде нақты, анық түрде тақырыптың мәнін ашатындай сұрақтарға жауап бере отырып, қорытынды жасалады.
Келесі тараулар (2және3 тараулар) тәжірибелік, яғни практикалық бөлім болып есептелінеді. Бұл тарауда алғашқы 1- тару бойынша мәселе нені көтереді, оны практикада жүзеге асырудың жолдары, мәселенің шешімінің эксперимент арқылы көрінісін ашып көрсете отырып, зерттеу нәтижесінің болашағы, зерттеудің құндылығын белгілей отырып, алдағы уақытта зерттеу нәтижесі бойынша әдістемелер ұсынылады немесе зерттеуді күрделендіріп, одан әрі дамытады. Сондай – ақ ғылыми педагогикалық – психологиялық зерттеу әдістері арқылы педагогикалық тәжірибе жұмыстары жүргізіледі. Бұл бөлімдегі тәжірибе жұмысын студенттің өзі жүргізгені тиімді болады. Тәжірибе жүргізер алдында күні бұрын тәжірибе жоспары құрылып, міндеттер бойынша іске асырылады.
Ескерту: Курстық және дипломдық жұмыстардағы зерттеу мәселесін әдетте екі тарау арқылы баяндайды. (1- тарау теориялық негіздеуге арналса, 2- тарау тәжірибелік – практикалық мәселеге арналады) Ал кей жағдайларда зерттеу жұмысының ауқымына, күрделілігіне, эксперименттің маңыздылығына қарай ол екі немесе одан да көп тараулардан тұруы мүмкін. Қорытынды тақырып бойынша әрбір тараулардан кейін және жалпы жұмыс туралы қорытынды жасалынады. Қорытынды бөлімде 1- тарау қаралған мәселе, 2- тарау практика қалай нәтиже береді, эксперимент қорытындысы, кіріспеде көзделген мақсат, міндеттердің орындалуы және болжамның дұрыс немесе бұрыстығына, нәтиже қандай деңгейде екендігі туралы баяндалады.