Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі мақсаты
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Курстық және жипломдық жұмыстарға қойылған талаптар Студенттердің орындайтын курстық және дипломдық жұмыстары – ғылыми жұмыстар болып табылады. Сондықтан ғылыми жұмыстардың реті, оларды орындауға қойылатын арнайы талаптарды анықталған. Ғылыми жұмыстың ғылыми негізде болуы үшін тақырып таңдағанда да, әдебиеттермен жұмыс жүргізгенде де, оның жоспарын құру кезінде де, жалпы жұмысты жазу барысында оның көлемінің белгілі бір ретте болуы, барлық зерттеу жұмыстарының ғылыми дәрежеде безендірілуі, эксперимент қорытындысы мен нәтижелерінің анализдік – синтездік талдауларыныңзерттеу құндылығын арттыратындай дәрежеде болуы, ғылыми–зерттеу жұмыстарына қойылатын шарт болып табылады. (К.Д. Ушинский, В.А. Сухомлинский, Ю.К. Бабанский, З. А. Исаев, Ф. А. Кузин, А. И. Пискунов және т.б.)
Сонымен, курстық және дипломдық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар:
Курстық жұмыстың негізгі мәтінінің көлемі 25 бет, ал дипломдық жұмыс 50 беттен кем болмауға тиіс. Бет саны машина басылымы мен есептеледі. Негізгі мәтінге жоспары, әдебиеттер тізімі, қосымшалар кірмейді.
Курстық және дипломдық жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттер саны 20- тен кем болмауға тиіс. Әдебиеттерге ғылыми еңбектер жинағы, монография, конференция материалдары, газеттер мен ғылыми журналдардағы басылымдар, кандидаттық және докторлық диссертациялар және авторефераттары жатады.
Курстық және дипломдық жұмыс грфикке байланысты кезең бойынша орындалады. Студент жұмыстың орындалу барысы туралы әр кезең бойынша жетекшіге есеп беріп, одан кеңес алып отырады.
Дайын жұмыс реценцияға толық безендіріліп, компьютерге немесе машинкаға басылған, түптелген кафедраның графигіне сай беріледі. Қорғауға дейінгі 7 күнен кешіктірмеу кре.
Жұмыстың жобысы дайын болғанда алдын – ала қорғаудан өтеді.
Қорғау комиссия мүшелерінің қатысуымен өтеді.
Курстық және дипломдық жұмысты қорғау кезінде ғылыми жетекшісінің берген пікірі мен тәжірибе жүргізген мектептегі мұғалімнің пікірі ескеріле отырып, комиссия мүшелерінің шешімімен бағаланады.