Жиынтық бағалау: Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,3 + емт 0,4
3. Курстың академиялық презентациясы. «Академиялық жазылым негіздері» пәнінің мазмұны студенттердің академиялық жазу дағдыларын қалыптастыруды, жазу ұстанымдары мен кезеңдерін зерделеуді; академиялық жазуды қамтамасыз ететін техникаларды меңгеруді қарастырады.
Оқу курсының типі: ТК Мақсаты: қысқа, жеткілікті сенімді ғылыми мәтін арқылы өз ойын білдіру және негіздеу дағдыларын игеру
«Академиялық жазылым негіздері»пәнінің мақсаты: студенттердің қысқа, жеткілікті сенімді ғылыми мәтін арқылы өз ойын білдіру және негіздеу дағдыларын қалыптастыру
«Академиялық жазылым негіздері» пәнін оқу барысында қалыптасатын құзіреттіліктер (оқыту нәтижелері): «Академиялық жазылым негіздері» курсын игеру нәтижесінде студенттер: - шағын жазбаша жұмыстарды жазуды; жазуға дайындық әдістерін; жұмыс түрлерін;
- әр түрлі көздерден алынған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай, іріктей, жалпылай және пайдалана білетін болады; - ғылыми мәтіндердегі байланыстырушы элементтер мен оның грамматикалық дизайнын;
- пәнге байланысты жазба жұмыстардың негізгі форматтарын құра алады; - кішігірім жұмыстардың ерекше түрі ретінде аннотацияға, эссеге т.б. қойылатын талаптарды;
- стиль бойынша ұсыныстар және тыныс белгілері ережелерін:
- логика мен фактілерге негізделген бейтарап, объективті, плагиаттан аулақ өзіндік дәлелдеулерден тұратын мәтіндер жазуды меңгереді. 4. Курстың академиялық саясаты. Академиялық тәртіп ережелері: Сабаққа міндетті түрде қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады. Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.