5.2.5.
ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ ШЫҒАРУШЫ ТҮРЛЕРГЕ
ӘСЕРІНБАҒАЛАУ
Күтілетін әсер 1 учаскедегі әсермен ұқсас
5.2.6.
ФЛОРА МЕН ФАУНАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Күтілетін әсер 1 учаскедегі әсермен ұқсас
5.2.7.
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРТАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Құрылыс және пайдалану барысындағы шу, ауа және судың ластануынан
жақын жерде тұратын тұрғылықты халыққа әсері болуы, яғни адам
денсаулығына: қарттар, науқастар мен балаларға әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ
жоғарыда айтылғандай мұндай әсерлер айтарлықтай болмайды делінген.
Құрылыс барысында жерлерді алу халықтың кірісі мен өмір сүру
деңгейіне әсер етуі мүмкін. Бұл мәселе қоныс аудару бойынша әрекет
жоспарында қарастырылған.
Үлкен әсер ауылшаруашылық жерлері бар шаруа отбасыларға тиеді.
Себебі олардың жерлері жол салу үшін алынады. Кей жағдайда бір жер егесінің
жерінен жол өтілсе ол жолдың екі жақбетінде жұмыс жасай алмауы мүмкін.
Сондықтан ол жерлер жарамай қалуыда ықтимал. Сол үшін фермерлерге
жолдан өту, өз учаскесінде қызметін атқаруға мүмкіндік жау керек.
Автомобиль жолдары комитеті жол маңынан демалыс орын қарастыру
маңызды деп санайды. Дүкен, қонақүй, жанар-жағар май станцияларының
болуы жергілікті халыққа да пайда әкеледі. Ол үшін ақпараттық белгілер қою
керек.
Қандай ауа райы болмасын тез, жылдам, қауіпсіз жол арқылы Қазақстан,
Қытай, Ресей арасында, сондай-ақ Еуропа және орталық Азия мемлекеттеріне
жүктерді қауіпсіз тасымалдауға болады. Бұл елдерде өндірілген тауарлар тез
жеткізіліп отырады. Ауыл шаруашылығы өнімдері негізгі жұмыс. Жұмыс
күшіде қиындықсыз осы елдер арасымен жүре алады. Жұмысқа тұру мен
бизнесті дамытуға зор мүмкіндік туары сөзсіз.
Әлеуметтік-экономикалық ортаға әсер бойынша қорытынды:
құрылыс және пайдалану кезеңі
Құрылыс кезеңндегі әртүрлі бұзулар әлеуметтік-экономикалық ортаға
теріс әсерін тигізуі мүмкін, яғни бизнесті жоғалту сияқты, бірақ жаңа жолдың
салынуы жақсы әсер береді деп күтілуде.
5.2.8.
ЖЕКЕ МӘДЕНИ РЕСУРСТАРҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Жүргізілген 4.1.9 бөлімінде көрсетілген зерттеулер нәтижесінде 2 учаске
жандарында жеке мәдени ресурстар анықталған жоқ.
Бірақ құрылыс жұмыстары кезінде қандайда бір ЖМР кездейсоқ кездесу
ҚР тарихи мәдени мұра обьектілерін қорғау мен пайдалану туралы Заңының 39
бабы 2 тармағына сәйкес жүргізілуі керек.
Табылған жағдайда оны зерттеуге уақыт керек.
5.2.9.
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЭСТЕТИКАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Жол қауіпсіздігі
Қолданыстағы және жаңа жолдар үшін маңыздысы қауіпсіздік және
жүргіншілер қатысуымен болатын апаттар болып табылады.
Жаңа жолдың салынуымен көлік кептелістері мен жүргіншілердің
қатысуымен болатын апаттар саны азаяды деп күтілуде. Трассада жүру
жолақтардың көбеюі мен жолдың кеңдігінен оңайырақ болады.
Бірақ әлде де жаяу жүргіншілер үшін қауіптілік бар. Фермерлер,
шопандар, жұмысшылар жүргіншілер жолымен жүруге тура келеді, әр ауыл
маңында бірнеше белгі қойылады. Қажетінше бағдаршамдар, жатын
полицейлер сияқты белгілер қойылады.
Бұл шаралар жобада қаралған орналасуы мен орындары халықпен құрылс
басталғанша дейін талқыланады.
Эстетика
Жобаланушы трасса әдемі ланшафттармен өтеді. Учаске ландшафтында
оңтүстік пен солтүстікке қарай таулардың әдемі көрінісі көрінеді. Сондықтанда
табиғи ландшафты сақтап қалу мен қорғау өте маңызды. Жоба еш ландшафтқа
мейілінше зиян тигізбейді және әдемілікті азайтпайды.
5.2.10.
ҚАЛДЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Күтілетін әсер 1 учаскедегі әсермен ұқсас
5.3.
СЫРТҚЫ ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС ШАРАЛАР: 2
УЧАСКЕ
5.3.1.
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАҒА ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС
ШАРАЛАР
Пайдаланылған газды төмендету бойынша шаралар
Құрылыс жұмыстары кезіндегі автомобиль қозғалтқышының
пайдаланылған газ саны мен құрамы мына жағдайларға байланысты:
Автомобильдер мен жол машиналарының қозғалтқыштарының
техникалық жағдайы және ерекшеліктері, қозғалу белсенділігі және
автомобиль құрамы
Жол жағдайлары: қисық жолдар радиусы, жол бөлігінің ені, көрініу
жағдайы, жол бетінің тегістігі мен еместігі, жол қиылыстары мен
қосымша қосылатын жолдар, темір жол өткелдері
Жүргізушілердің автомобиль қозғалыс режимін таңдауы
Метеорологиялық жағдайлар: жел бағыты мен жылдамдығы, ауа
температурасы мен ылғалдылығы, күн радиациясының белсенділігі,
және тб.
Құрылыс кезеңіндегі жеңілдету шаралары
Автожолдарды қайта салу кезіндегі ластану көзі бойынша ластанатын
заттардың шоғырлануы шекті нормалардан аспауы керек (СанПиН №3.03.015-
97) Автомобиль шығындыларының зияндылығын төмендету шараларына:
Құрылыс техникасы мен құрылымын және оған жөндеу
жұмыстарын өндіруші талаптарына сай ұстауды қамтамасыз ету;
Дизельді қозғалтқыштардың техникалық жағдайын жүйелі
қадағалау, себебі ондағы пайдаланылған газ көп күл жинайды;
Ыстық асфальтты-бетонды қоспаларды қолдану кезінде
механизмнің бір қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
Жол маңында сезімтал аймақтардың болмауына байланысты түнгі
жұмысқа шектеу жоқ;
Құрылыс кезеңінде үнемі атмосфералық ластану мониторингі
жүргізіліп отырылуы керек.
Пайдалану кезеңіндегі жеңілдету шаралары
Жол жобасын жақсарту. Жоғарғы жылдамдықтағы қозғалысты
қамтамасыз ету үшін радиусты көбейту, көріністі жақсарту және
зиянды заттар бөлінісін қысқарту;
10 пайыздан аспайтын жол бетіндегі еңісті қамтамасыз ету және
көрініс техникалық санатқа сай келуі керек. Бұл талаптар жобаға
қосылған.
Жол белгілері, бөгеттерді қоршауларды қою тоқтаусыз қазғалысты
қамтамасыз етеді және пайдаланылған газдың бөлінуін азайтады.
Пайдаланылған газдағы зиянды заттарды азайтудың тиімді жолы
автомобильдердің төменгі газбен жүруі, ол 4-10 есеге азайтады.
Заңнамаға сәйкес әр автомобиль жылына бір рет техникалық
қараудан өтуі тиіс,сертификаты үнемі көлікте болуы шарт және
полиция қызметкерімен тексерілуі керек;
Қазақстанда қорғасыны жоқ жанар майды қолдану көбейіп келеді,
ол қоршаған ортаға қорғасынның бөлінуін азайтады;
Пайдалану кезеңінде елді мекендерге және жұмысшыларға әсері
жоқтығы туралы атмосфералық ауаның ластануының мониторингі
жүргізілуі керек.
Құрылыс және пайдалану кезеңіндегі шаңсздандыру бойынша шаралар
Құрылыс кезіндегі негізгі мәселе шаң, ол дайындық және құрылыс
қызметі нәтижесінде пайда болады, учаскені дайындау қиыршық тас пен
цемент тасымалы, топырақтағы жұмыс, жолсыз жерлердегі цемент тасымалы.
Шаңды төмендету үшін:
Шаң көп болатын жерді тазалап, су сеуіп отыру. Шаңды
материалдарды таңдау кезінде кальций хлоридке көп мән беру;
Топырақ жолдарды кезеңдік ылғалдандыру 2л/м.кв;
Шаң көтерілетін жерлерде жылдамдықты азайту;
Шаң көтерілетін материалдарды брезент жамылғымен не қаптарда
тасымалдау.
5.3.2.
ШУ МЕН ДІРІЛ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР
Автомобильдің авто жолдағы шу деңгейі ҚР СанПин №841 3.12.2004
жылғы бекітілген норма 70дБА-дан аспауы тиіс.
Құрылыс кезеңіндегі шу деңгейін төмендету бойынша шаралар:
Жол құрылыс кезінде автомобильдердің көптігінен шу деңгейіде жоғары,
әсіресе бульдозер, скрепер, пневматикалық балға, вибраторлардың шуы өте
жоғары.
Көлік шуылын азайту шаралары:
Құрылыс кезінде көлік қозғалыс жылдамдығын 60 км/сағ-қа
төмендету 7 дБА-ға азаяды;
Жөндеу жұмыстары өндірісін күндізгі уақытта жасау;
Жол көліктерінің қозғалтқыштарын қорғаушы поролон терілермен,
резинамен және өзгеде дыбыс басқыш заттармен қаптау;
Аз қозғалатын құрылғыларды шу деңгейі 70 пайызға азаятын дауыс
шықпайтын алаңдар немесе палаткаларда орналастыру;
Жол құрылысы жұмысы жүріп жатқан жердегі шу деңгейі 80дБА-
дан асатын жерлер қауіпсіздік белгілерімен белгіленуі тиіс,
жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі
керек.
Арнайы
жұмыс
аумақтары,
бетонараластырғыш
сезімтал
аймақтардан алыс орналастырылуы керек.
Сезімтал аймақтар орналасқан жерлерге үнемі шу деңгейінің
мониторингі жүргізіліп отырылуы керек
Пайдалану кезеңіндегі шу деңгейін төмендету
Пайдалану кезіндегі шу есептемесі қозғалыс кезіндегі шу нормадан
аспайтындығын көрсетті.
Дірілді төмендету бойынша шаралар
Діріл беру жұмыстары көбіне көпір құрылысы жерлерінде болады.
Сезімтал аймақтардан алыс болса, қоғамға әсеріде аз. Бұл құрылыс
жұмысшыларына әсер етеді, сондықтан олар жиі үзіліс арнайы жабдықпен
қамтамасыз етілуі керек.
5.3.3.
СУ ОБЬЕКТІЛЕРІНЕ ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС
ШАРАЛАР
Құрылыс
Жер асты және үстіңгі суларға аздаған әсер болады. Ешқандай туннель
салынбайды. Жол асты құбырлар салынады, олар су алып кетпеуі үшін
қойылады.
Мердігер барлық рұқсатнамаларды алуға жауапты. Су көздері арнайы
рұқсатсыз қолданылмайды.
Пайдалану
Пайдалану кезеңінде жобада су өткізетін каналдар мен жол бөлігіне
салынатын су құбырлары қаралған. Жол сулары жол жиегі блоктары арқылы су
жилғыш құдықтарға барады, онда тазартылады.
Жұмысшы поселкесіндегі ағын суларды шығару
Санитарлық-эпидемиологиялық
қызмет
және
балықты
қорғау
органдарының рұқсатымен жүргізіледі. Ол үшін 3 м тереңдіктегі ор қазылып
1,5 м темір бетонды сақина орнатылады. Түбі бетонданылады.
Жер үсті және ағын суларды қорғау
Су қорғау аймақтарында өзендерді ластауға тыйым салынған, қоқыс,
өндіріс қалдықтарын тастау, тұрақ, жанар май құю, көлікті жууға.
Су қорғау аумағы кішкен көлдердн 100 м, үлкен өзендерден 500 м.
Құрылыс кезіндегі жеңілдету бойынша арнайы шаралар:
Құрылыс учаскелерінің барлығын су тасқынын азайту үшін жақсы
басқару;
Судың ластануының алдын алу үшін құрылыс учаскелерінің
барлығын жақсы басқару;
Жобадағы барлық жер үсті сулары қорғалуы керек;
Лагерлердегі ағын сулар жер үсті суларына қосылмас бұрын
тазартылуы керек;
Әжетхана қалдықтары арнайы тазартылатын орынға апарылу керек.
Рұқсатсыз су жинауға тыйым салынған.
5.3.4.
ТОПЫРАҚТЫҢ ЛАСТАНУЫ МЕН ЭРОЗИЯНЫ АЗАЙТУ
БОЙЫНША ІС ШАРАЛАР
Топырақ эрозиясы
Ең алғашқы жұмыс тардың бірі – ол жерді эрозиядан сақтау және алдын
алу. Бірақ ондай жағдайлар орын алмауы мүмкін, дегенменэрозияны
болдырмау мақсатымен құрылыс жұмыстары жүргізілуі керек.
Топырақ құнарлығын қалпына келтіру
Құрылыс барысында жерлерді пайдалану оның құнарлы бөлігін жоюы
мүмкін, сондықтан экожүйені сақтау үшін ландшафты, ондағы өсімдіктерді
сақтау керек.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес пайдалануға алынған
жерлер ауылшаруашылығы қызметіне жарамды болып қайта қайтарылуы керек.
Қалпына келтіру шаралары:
Құмды қиыршық тасты қоспаны 20 смбульдозермен алу және
экскаватордың алуы үшін 50 м-ге үю 1 км тасымал үшін көлікке
тиеу (3500х0,20)
Жол бетін бульдозермен жоспарлау;
Бульдозермен терең топырақастын үгіту;
Бульдозермен дайындалған жерге қайта құнарлы топырақты салу
Құрылыс аяқталғаннан кейінгі учаскедегі іс шаралар:
Егін егуге дейінгі жердің культиватормен дайындалуы;
Көпжылдық шөптерді егу: жоңышқа – 25 пайыз 18 кг/га+30 пайыз,
райграс – 75 пайыз 35 кг/га + 30 пайыз
Жол жиегіндегі ең жақсы көпжылдық өмісдік еркекшөп және эспарцет. Еркек
шөп шөлге мығым көпжылдық өсімдік. Эспарцет қысқа және шөлге төзімді
көпжлдық өсімдік.ерте көктемде шыға бастайды, мал жақсы жейді.
Топырақтың ластануы: құрылыс кезеңі
Топырақты ластамас үшін келесі шаралар қолданылуы керек
Май және өзгеде заттардың жерге ақпауы, орын алған жағдайда дереу
топырақтың бүлінбеуін қадағалау;
Құрылыс материалдарын тек арнайы жерде сақтау;
Құрылыс қоқыстарын арнайы орынға шығару;
Құрылыс алаңдарын бұзу;
Бос учаске жерлеріне құнарлы топырақ жаю.
Топырақтың ластануы: пайдалану кезеңі
Пайдалану кезеңінде топырақтың ластануын барынша азайту керек.
Барлқ сұйық заттарды жолдан алу және арнайы орынға апару. Жолдың
тазалануын қамтамасыз етудегі жауапкершілік.
5.3.5.
ФЛОРА МЕН ФАУНАҒА ӘСЕРДІ ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША
ШАРАЛАР
Құрылыс және пайдалану кезеңі қоршаған ортаға жануарлар мен
өсімдіктер әлеміне әсер етеді. Атмосфералық ластану, шу мен діріл, су алулар
мен жел, су эрозиясының қоршаған ортаға әсері зор.
Флора мен фаунаға теріс әсер тимес үшін келесі табиғатты қорғау
шараларын жасау қажет:
жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсер ететін шу мен дірілді
барынша азайту;
тұз және өзге де химиялық заттардың қолданылуын қысқарту. Тұз
бен химиялық заттарды құм мен қиыршық тасқа ауыстыру
көктайғаққа қолданылатын зиянды заттардың жеңілдеу түрлерін
пайдалану (кальций хлорид)
үнемі тазартылып, ылғалдандырылған жол шаңның болмауының
алдын алады.
Шаңның ұшуы өсімдіктер әлемі үшін қауіпті, жапырақтар құрылымын
бұзып тез шіріп өлуіне әкелед. Ағаштарды кесу, қайта егу бұл жобада
қарастырылмаған. Су алу жағдайлары болмас үшін құбырлар салынған.
Фаунаға әсерді жеңілдету бойынша ерекше шаралар
1 учаскеде көрсетілген сипаттамамен ұқсас.
5.3.6.
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРТАҒА ӘСЕРДІ
ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР
Мал айдалатын жерлер
Алғашқы қоғамдық тыңдау кезінде фермерлер мал жайылымы жерлерді
уайымдады. Проблема малдың күнделікті айдалым жолына қалыптасуы.
Жобаға 63 мал айдалым жерлері және ауылшаруашылық техникасы жүретін
жолдар кірген.
Алынбаған жер учаскелері
Жол құрылыс үшін қажетті жердің барлығы алыну керек. Барлық
арыздар мен шағымдар тіркелуі керек.
5.3.7.
ЖЕКЕ МӘДЕНИ РЕСУРСТАРҒА ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ
БОЙЫНША ІС ШАРАЛАР
Зерттеулер нәтижесінде 2 учаске жандарында жеке мәдени ресурстар
анықталған жоқ.
Бірақ құрылыс жұмыстары кезінде қандайда бір ЖМР кездейсоқ кездесу
ҚР тарихи мәдени мұра обьектілерін қорғау мен пайдалану туралы Заңының 39
бабы 2 тармағына сәйкес жүргізілуі керек.
Табылған жағдайда оны зерттеуге уақыт керек
5.3.8.
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКА
БОЙЫНША ІС ШАРАЛАР
Жол қауіпсіздігі
Трасса жобасы төмендегіні қамтиды:
1)
Бөлек жол бөліктері;
2)
Шектеулі жолдан түсулер;
3)
Белсенді қозғалыстан кептелісте көп деңгейлі жолдар
4)
Көлденең және тігінен жақсы көрініс;
5)
Жол сызықтарының анықтығы;
6)
Моторланбаған көлік пен жаяу жүргіншілердің жоқтығы
7)
Аяқасты кедергі басылатын белгі
8)
Жарықтың жақсы түсуі
9)
Ақпарттық және ескерту белгілерінің анықтылығы
10)
Қорғаныс қошаулар, бекіністер халықаралық тәжірибеге сай
Камера орнатуда қарастырылған.
Жаяу жүргіншілер
Жобамен қарастырылмаған. Қажеттілігі болса қарауға жатады. Жол
қиылыстарының жиегіне ескерту және ақпарттық белгілер , жарықпен
қамтамасыз ету керек.
Эстетика
Эстетика мақсаты жоба, құрылыс және пайдалану сапасы. Оны
төмендегіше қамтамасыз етуге болады.
Жол жобасы мен оның құрылысы жоғарғы сапалы болуы керек,
ландшафтты сақтау арқылы
Жол табиғи ландшафтпен өзара байланысты салыну керек.
Бұл екеуі жобаға кірістірілген.
5.3.9.
ҚАЛДЫҚТЫ БАРЫНША АЗАЙТУ
Жобаның дайындық жұмыстары кезінде анрайы қойма және қоқыс алнатын
жерлер көрсетілуі керек.
Мердігерлердің қоқысқа бөлек ыдысы болуы шарт. Екінші санатқа жататын
қалдықтар бөлек. Нормативтерге сәйкес жүзеге асырылатын қоқыстарды
шығарғану үшін Мердігер жауапты. Көрші аумаққа апаруға, келісімінсіз
көршінің жеріне төгілсе де жауапты.
Өртеугеде арнайы органдардың келісімі болмай бірде бір затты өртеуге
тыйым салынған.
Құрылыс біткен кезде қоқыс басқада құрылымдар учаскеден алып
тегістелуі керек.
6.
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ТАЛАПТАР
Бұл бөлім қоршаған ортаны басқару бойынша қызметті сипаттау. Осы іс
шараларды жүзеге асыру барысында әртүрлі ұйымдардың ролі мен міндеттері
анықталған және институционалды бекіту бойынша қызметтері анықталынған.
Экологиялық мониторинг бағдарламасы дайын және оны жүзеге асыру
бойынша шығындар құрылыс шарттарына және жобаны қадағалау бойынша
кеңес қызметтеріне қосылған.
6.1.
ҰЙЫМДАРДЫҢ РӨЛДЕРІ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Қоршаған ортаны басқару жобасына кірістірілген институттар:
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Инвестициялар мен даму бойынша Министрлік
Автомобиль жолдары Комитеті
Қайта құру және даму Еуропа банкі
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қоршаған ортаны қорғау
бойынша комитеті
«НК КазАвтоЖол» АҚ - Жобаны жүзеге асырушы Агенттік
«Казахавтодор» РМК – автомобиль жолдарын пайдалану мен ұстау
бойынша кәсіпорын
Жобаны басқару бойынша кеңесші
Құрылысты қадағалау бойынша кеңесші
ЖБК – экологиялық персонал
Мердігер
Аумақтық және жергілікті билік
Қозғалған қауымдастықтар
6.2.
ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ДАМУ БОЙЫНША МИНИСТРЛІК
Жобаға қатысты мақсаттар мониторинг және экологиялық менеджментті
қаржыландыру және жүзеге асыру, дайындау үшін ИДМ жауапты. Ол өз
міндеттерін ЖБК арқылы жүзеге асырады.
Экологиялық бағалаумен байланысты жұмыстарды орындауға ЖБК-ға
мамандар белгіленеді. Жобаны басқару бойынша кеңесшіҚұрылысты қадағалау
бойынша кеңесші тарапынан қолдау алады. ҚДК өз тарапынан қоршаған орта
мониторингі бойынша және әлеуметтік әсер мониторингі бойынша
мамандыұсынуы керек. Қазіргі таңда ЖБК-ның экологиялық бағалау, басқару
және мониторинг жүргізетін штаттық қызметкерлері жоқ. Мұндай жұмыстар
әр жобада кеңесшілермен жүргізіледі.
Осы мақсаттарды орындау үшін арнайы техникалық көмек
көсетіледі:
Эколог мамандармен, кұрылысты қадағалау бойынша кеңесшінің
бір бөлігі ретінде. Мамандар экологиялық жоспарлау және жүзеге асыру, ішкі
мониторинг және бағалау және ЖБК мамандарын оқыту және экологиялық
бағалау мәселелері бойынша көмек көрсетеді.
Мониторинг бойынша тәуелсіз агенттік жалдануы мүмкін, (І)
кезеңдік мониторинг және бағалау өткізу үшін, (ІІ) үшінші жақтың ЭБ өткізу
қызметін тексеру үшін, (ІІІ) анықталған теріс әсерлердің жеңілдетілгендігіне
көз жеткізу үшін.
Технико-экономикалық негіздеме және жоба бөліктерін дайындау
уақытында Қазақстан Республикасының Үіметінің қоршаған ортаны қорғау
Комитетімен кеңестер жүргізіледі, сондай-ақ жоба санатын бекіту қажет.
ҚОҚК-не ҚОӘБ-ты қарау ұсынылады және оның экологиялық мәні үшін жоба
бекітіледі. ҚОҚК-тан үнемі кеңес алынып отырылуы қажет.
Ауыл тұрғындары мен басшылары қоршаған ортаға тиген әсер және зардап
көрген тұрғындар туралы мәлімет беріп отырады.
Мониторинг талаптарын жүзеге асыру жауапкершілігі туралы 7.1 және 7.2.
кестелерінде көрсетілген.
Құрылыс сатысы жағдайларындағы жеңілдету бойынша шараларды жүзеге
асыруға Мердігер жауапты. Экология бойынша жергілікті маман экология
бойынша халықаралық маманмен күрделі мәселелерді шешу үшін байланыста
болады.
Жоба аяқталған соң жолды пайдалану мен ұсталуына ИДМ жауапты. ЖБК
абайсыз және әрдайым мониторинг жоспарының кестесіне сәйкес мониторинг
пен ҚОҚК Астана қаласындағы бақылау лабораториясында талдау жүргізіп
отырады.
Құрылыс жұмыстары біткен соң фаунағада экологиялық мониторинг
жүргізу ұсынылады.
Қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес Мердігер құрылыс
жұмыстары біткен соң барлығын дұрыс қабылдап алуы керек. Бұған жұмыс
учаскелерніңі тазалығыда кіреді.
Сондай-ақ, қоқыс орындарын тазартып, жасылдандыру, ағаштар егу
жұмыстары.
ҚОӘБ ты жүзеге асырудың әр түрлі сатысы:
(а) жол жобасын ерекше жоспарлау
(б) қоқыс, зиянды заттарды, ластанған жерді көму үшін жергілікті әкімшілік
органдардың жазбаша келісімін алу
(в) жазбаша келісім алу
(г) жергілікті мекемелермен қандайда бір өзгерістерді келісу
(д) өзендердергі көпірлер мен өзгеде құрылымдарды салу жоспары
бойынша талаптарды келісу
(е) құрылыс кезіндегі жерге төгу мен атмосфераға шығару мониторингі
(өлшеу арқылы)
(ж) автожолды пайдалану кезіндегі көлік құралдарының шығындысының
мониторингі (өлшеу арқылы)
(з) құрылыс кезіндегі және одан кейінгі жолды пайдалану уақытындағы
қалалар мен елді мекендердегі шу деңгейінің мониторингі (өлшеу арқылы)
(и) құрылыспен байланысты діріл әсерінің мониторингі. Келген залал үшін
мердігер жауапты. Жауапкершілікпен заң талаптарын орындамаған мердігерлер
келтірілген залал үшін жауап береді және өтемақы төлейді.
ҚОӘБ бекітілген соң көшірмесі мен қысқаша мазмұны барлық қажетті елді
мекендерге жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |