Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты



Pdf көрінісі
бет56/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

СДТБТ тіркелу). 
Бұл  құқықтық  режимде  Қазақстан  Републикасының  Қылмыстық-процестік  кодексінің 
ережелері  қолданылады.  Сонымен,  жедел-іздестіру  іс-шаралары  жүргізілмейді,  егер  қылмыс-
тарды  ашу  жасырын  тергеу  әрекеттерінің  көмегімен  жүзеге  асырылса  (ЖТӘ  —  Қазақстан 
Республикасы  ҚПК-ның  30-  тарауымен  реттеледі),  ал  іздестіру  шаралары  (ІШ  –  Қазақстан 
Республикасы  ҚПК-ның  7-бабының  56-бөлігімен  және  ЖІҚ  туралы  Қазақстан  Республикасы 
Заңының 11-бабы 4-бөлігімен реттеледі). 
ЖТӘ  тек  қана  тергеушінің  (анықтаушының)  тапсырмасы  бойынша  өткізіледі,  (тапсырма 
нысаны  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  2014  жылғы  12  желтоқсандағы  №  892  бірлескен  «ЖТӘ 
жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттелген). 
Пошта жөнелтілімдерін және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау (Қазақстан Респуб-
ликасы  ҚПК  231-бабы (4-тармағы)  ЖТӘ  ерекшелігімен  өзгешеленеді,  яғни  тергеуші,  жасырын 
бақылауды қажет деп тауып, өзі қаулы шығарады, прокурордың санкциясын алып, оны орындау 
үшін пошта немесе жөнелтілімдер жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғаларға жібереді
5

Екінші құқықтық режимді енгізуде ЖТӘ жалпы жүргізу бойынша және бақыланатын жеткі-
зілім  сияқты  ЖТӘ  қылмыстық  істер  бойынша  дәлелдемелер  ретінде  ЖІШ  жүргізу  қоры-
тындыларын қолдануы бұрын болған мәселелерімен байланысты. 
Бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымымен күресуде тәжірибелік материалдардың 
анализі  (қылмыстық  істер,  жедел  тіркеу  істері,  қызметкерлерден  сұрау  жүргізу)  бақыланатын 
жеткізілімді  жүргізуді  ұйымдастыратын  тәжірибесін  жасау  бойынша  жұмыстарын  нығайту 
керектігін көрсетіп отыр. 
Бекіре  тұқымдас  балықтардың  заңсыз  айналымымен  ұйымдасқан  нысанда  жасалатын 
қылмыстармен  күресте  мамандандырылған  ішкі  істер  органдарының  жедел  бөлімшелерімен 
бақыланатын  жеткізілімді  жүргізуді  ұйымдастыру  тәжірибесін  бейімдеу  мақсатында  есірткінің 


103 
заңсыз  айналымымен  күрес  бойынша  бөлімшелері  нақты  осы  жедел-іздестіру  іс-шарасы  және 
жасырын тергеу әрекетін жүзеге асыру тәжірибесін ескерген жөн. 
Сонымен қатар, жасырын тергеу әрекеттері жаңа институттың енгізілуін ескере отырып, құ-
қық  қорғау  органдарымен  бақыланатын  жеткізілімді  жүргізуді  ұйымдастыру  туралы  ведомст-
валық нұсқаулықты өңдеу қажеттілігін қарастыру қажет.
                                                 
1
   М.Х.  Матаева,  Н.К.  Мукашева.  Анализ  эффективности  борьбы  с  экологическими  преступлениями  в  Казах-
стане // Криминологический журнал Байкальского государственного университета экономики и права. — 2014. 
— № 3. — С. 194-196. 
2
   «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңы. 
3
   Теория оперативно-розыскной деятельности: Учебник,  3-е издание., перераб. и доп./ Под ред. К.К. Горяинова, 
В.С. Овчинского, Г.К. Синилова – М.: ИНФРА-М, 2014., С. 712. 
4
   Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-процестік кодексінің қолданысы жағдайында жедел-іздестіру іс-
шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру тәртібі бойынша түсіндірме. 
5
   Бұл да сонда. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет