Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


М.Дәулетқызы  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  Б.Бейсенов  атындағы  Қарағанды



Pdf көрінісі
бет52/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

М.Дәулетқызы  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  Б.Бейсенов  атындағы  Қарағанды 
академиясының 3-курс курсанты, қатардағы полиция
       Ғылыми  жетекшісі  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  Б.Бейсенов  атындағы  Қарағанды 
академиясының  әкімшілік құқық  және ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасының доценті, 
(PhD) докторы, полиция подполковнигі Д.А. Амангельдиев 
БЕКІРЕ ТҰҚЫМДАС БАЛЫҚТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫМЕН КҮРЕСУДЕ 
БАҚЫЛАНАТЫН ЖЕТКІЗІЛІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ 
Елімізде жүргізіліп отырған қоршаған ортаны қорғау  саясатының мақсаты  —  «жасыл эко-
номикаға»  көшу  процесінде  жүйелі  өзгерістерді  жүзеге  асыру.  «Жасыл  экономиканы»  жүзеге 
асыру  табиғи  ресурстардың  тозуына  және  қоршаған  ортаға  аз  мөлшерде  жүктеме  келтіре  оты-
рып,  дүние  жүзіндегі  30  дамыған  елдің  қатарына  кіруді  және  Қазақстан  халқының  өмір  сүру 
сапасын,  әлеуметтік  жағдайын  арттыруды  көздейді.  Экологиялық  тұрақсыздықта  экологиялық 
қылмыстарға  маңызды  көңіл  бөлінеді.  Профессор  В.Д.  Ермаковтың  пікірі  бойынша,  эколо-
гиялық  қылмыстар  құқыққа  қарсы  әрекеттердің  кең  тараған  түрі  және  көбінесе  қоғамдық 
қауіптің бірі болып табылады. 
Басқа  да  экология  саласындағы  құқық  бұзушылықтардың  жиынтығы,  өздерінің  демогра-
фиялық, экологиялық, әлеуметтік мінездерінің жағымсыз әсерлерін ескере отырып, олар бүгінгі 
таңда ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіріп отыр, жоғарғы, жер асты суларының және тағы 
басқаларының сапасының күрт нашарлауын білдіреді. 
Ең  көп  тіркелген  қылмыстардың  бірі  ретінде  Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  ко-
дексінің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу-
ға»  тиесілі,  олардың  негізгі  бөлігі  Каспий  теңізінің  акваториясында  жасалады.  Қазақстан  Рес-
публикасының Бас прокуратурасы Қазақстанда соңғы үш жыл ішінде бекіре балықтарын заңсыз 
аулау өнеркәсіптік масштабқа айналғандығын мәлімдеді. Шамамен күніне 2 мың балық заңсыз 
ауланады, төрт-бес жыл ішінде бекіре тұқымдас балықтарың құрып кету қаупі төніп тұр. Каспий 
жағалауындағы елдер бекіре тұқымдас балықтарды өнеркәсіптік тұрғыда аулауға 2014 жылғы  
1 қаңтардан бастап мараторий жарияланғанын атап өткен жөн. Аталмыш қылмыс түрімен күре-
судің  қиындығы  мемлекеттік  органдар  қызметкерлерін  криминалдық  ортаға  тартумен,  бекіре 
тұқымдас  балықтарды  заңсыз  алумен  және  өткізумен  мамандандырылған,  трансұлттық  сипаты 
бар,  ұйымдасқан  қылмыстық  қызметті  жүзеге  асырумен  байланысты.  Халықаралық  табиғатты 
қорғау қорының мәліметтері бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топтармен жыл сайын 100 млн. 
астам т. балық, 1,5 млн. тірі құстар және 440 мың т. дәрілік өсімдіктерді заңсыз өткізеді
1

Осыған орай, қылмыстылықтың ұйымдасқан нысандарымен күресуде Қазақстан Республи-
касының  «Жедел-іздестіру  қызметі  туралы»  Заңында  бекітілген  ережелер  маңызды  рөл 
атқарады. 
Біздің  ойымызша,  ережелердің  бірі  ретінде  көрсетілген  нормативтік-құқықтық  актінің  11-
бабы бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстықтың ұйымдасқан 


101 
нысандарының  қылмыстық  әрекетін  құжаттандырудың  маңыздылығының  бірі  жалпы  жедел-
іздестіру іс-шарасы —бақыланатын жеткізілім болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет