Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен жіктелуі



бет27/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

2. Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен жіктелуі. Шаруашылық операциялар бухгалтерлік есептің шоттарына жазу құжаттардың негізінде жүргізіледі. Шаруашылық операциялар пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен рәсімделуі хронологиялық деп аталады. Шаруашылық операциялар 2 жақты көрсетудің мәні – ол 1 шоттың дебиті бойынша және 2 шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға тиіс. Демек екі жақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде 3 құраушы қатысады:

  1. шаруашылық операциялар мазмұны

  2. дебиттелетін шот

  3. кредиттелетін шот

Мысалы: 1) кәсіпорынға материалдар қабылданды 1) Материалдар Дт 1310 2) Жабдықтаушылар Кт 3310. Екі жақты жазу әдісінде мүліктер 2 тұрғыдан қарастырылады:1) құрамы мен орналасуы бойынша баланс активі; 2) осы мүліктердің қалыптасу көздері бойынша. Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әр қашан тең болады. Екі жақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстың топтау әдісінен туындайды. Екі жақты жазудың қағидасы кез-келген шаруашылық операцияларын көрсету үшін кем дегенде 2 шоттың керек екендігін білдіреді, яғни 1 не 2 неше кредиттелетін шоттар болуға тиіс. Егер дебит бойынша жазу активтерді өсіретін болса, онда кредит бойынша жазу пассиві не капиталды өсіреді. Ескерту: активтегі өсу активтік шот дебетіне, ал кему активтік шот кредитінде көрсетіледі. Пассивтермен капиталдардағы өсу пассивтік шот кредитіне, ал кему пассивтік шот дебетіне жазылады. Шаруашылық операциялар екі жақты жазудың негізінде бухгалтерлік шоттар арасында байланыс туындайды. Осы байланысты шоттар корреспонденциясы деп аталады.
3. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары. Шоттар жоспары деп- бухгалтерлік есеп жүйесінде қабылданып қолданылатын шоттар тізімін айтады. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру және есеп нысандары мен есептің мақсатына байланысты шоттарды топтастыру үшін, бұлардың санын цифрлармен белгілеу жүйесін бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары деп атайды.
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Шоттар жоспары 8 тараудан тұрады. Арнай тарауға сай топтастырылған шоттар негізінен орын алатын шаруашылық операцияларының экономикалық маңызына қарай жасалған. Активті қаражаттар мен мүліктер, міндеттемелер мен капитал және шаруашылық операцияларының экономикалық біртектілігін сақтау мақсатымен жасалған шоттар жоспарындағы мәліметтер мен көрсеткіштерге талдау жасау мүмкіндігі де қарастырылған. Шоттра жоспарының тараулары келесідей:
1.Қысқа мерзімді активтер
2.Ұзақ мерзімді активтер
3.Қысқа мерзімді міндеттемелер
4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер
5.Капитал мен резервтер
6.Кірістер
7.Шығындар
8.Өндірістік есеп шоттары
Шоттардың Үлгі жоспары нормативтік құжат ретінде қолданылады. Шоттардың жүйеге келтірілген тізіміне қарай шаруашылық операцияларының мазмұны шоттра аралық корреспонденцияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет