Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Бухгалтерлік есеп жүргізудің үшінші кезеңі



бет13/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

Бухгалтерлік есеп жүргізудің үшінші кезеңі- нұсқаулар, ұсыныстар мен нормативтік құжаттар, басқадай салалық, әдістемелік материалдар, кәсіпорындардың жарғысы, бұлардың типі мен көлемі жөніндегі құжаттардан тұрады. Төртінші кезең- кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілерде әр жылы жасалып, бекітілетін есеп саясаты жатады.
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-қүқықтық қүжаттарда белгіленген.
Нарықтық экономика шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берушіліктің Халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіліп, ұйымдастырылуы үшін бухгалтерлік есепті мемлекеттік нормативтік реттеу жүйесі қалыптасқан.
Сонымен қазіргі уақытга елімізде бухгалтерлік есепті нормативті реттеудің төрт деңгейлі жүйесі қызмет етеді.
Бірінші деңгей - Қазақстан Республикасының заңдары мен ҚР Президентінің жарлықтары,
Екінші деңгей - Ұлттық бухгалтерлік стандарттар жүйесі - бухгалтерлік есеп бойынша ережелер.
Үшінші деңгей- салалық ерекшеліктерді ескеретін әдісгемелік нұсқаулар.
Төртінші деңгей- кәсіпорынның ішкі жұмыс құжаттары.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.


2.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.


Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1.Бухгалтерлік есептің пайда болуы туралы не білесіз?


2.Бухгалтерлік есептің пәні не?
3.Бухгалтерлік есепті реттеудің қандай жүйелері бар?
4.Бухгалтерлік ақпараттар туралы не білесіз?
5. Бухгалтерлік есептің қандай деңгейлері бар?
6. Бухгалтерлік есептің қандай кезеңдері бар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет