Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Еңбекақысы бойынша есеп айырысу есебі



бет68/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

5. Еңбекақысы бойынша есеп айырысу есебі. Өндірістік қызметке жұмысшылардың қатысуына байланысты персоналдар өнеркәсіптік өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді .
Жұмысшыларды тізімдік және тізімдік емес құрамға бөледі. Тізімдегі құрамға бір күннен артық негізгі қызметі бойынша, ал басқа қызмет түрлері бойынша бес күннен кем мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты, кезеңдік және уақытша жұмысшылар жатады .
Ұйымда атқаратын функцияларына байланысты жұмыс істеушілерді екі топқа бөледі: жұмысшылар және қызметкерлер. Қызметкерлер тобынан келесідей категорияларды бөлуге болады : жетекшілер, мамандар және қызметкерлерге жататын басқа да мамандар .
Жұмысшылар - математикалық игіліктерді жасау процесімен тікелей айналысатын тұлғалар.
Жетекшілер (басшылар) кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімдерінің басқарушылары , сонымен қатар бас мамандар мен оның орынбасарлары .
Мамандар - өндіріс процестерін ұйымдастыру және басқаруды жүзеге асыратын, инженерлі – техникалық және басқа жұмыстармен айналысатын қызметкерлер , мысалы : инженер , экономист , бухгалтер, механик т.б.
Қызметкерлерге жататын басқа да мамандар - құжаттарды дайындайтын және толтыратын, есептеу мен бақылауды, шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жұмысшылар.
Кадрлар есебі үшін жеке карточкалар, ғылыми жұмысшылар үшін ғылыми жұмысшының есеп карточкалары алғашқы құжаттар болып табылады. Жұмыс уақытының есебі бойынша негізгі алғашқы құжаттар- жұмыс уақытын пайдаланудың есебі мен еңбек ақыны есептеу табелі және жұмыс уақытын пайдалануды есептеу табелі болып табылады. Табель жұмысшылардың барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалануын есептеу үшін, сондай- ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің бекітілген жұмыс күні режимін сақтауына бақылау жасау үшін, олармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу және атқарылған уақыт туралы деректер алу үшін қолданылады. Табельді табель толтырушы немесе мастер бір данада толтырады және еңбекақы есептеу үшін бухгалтерияның есеп айырысу бөліміне жіберіледі.
Жұмысқа келулер және жұмыс уақытын пайдаланудың есебін табельде жалпылау тіркеу әдісімен жүргізіледі, яғни барлық келгендерді , кешіккендерді белгілеу немесе тек қана ауытқуларды тіркеу арқылы. Күндер мен сағаттардың санын ондық белгімен көрсетіледі. Ай соңында табельдер әрбір жұмысшымен атқарылған уақыттың қорытындысы жазылады және жұмысқа келген, келмеген күндер есептеледі. Осы деректер жұмыс категориялары бойынша және жалпы табель бойынша қосылады. Жеке құрамның есебі категорияның кадрлар бөлімінде жүргізіледі.
Еңбек ақының екі түрі болады : негізгі және қосымша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет