4. Қарым-қатынас тəсілдері мен құралдарының қолда- нылуын зерттеу. Қарым-қатынас тəсілдерінің бастысы – комму-
никативті біліктілік. Сонымен қатар, коммуникативтік біліктілік
құрамына қарым-қатынас құралдарын тиімді қолдану да кіреді.
Сондықтан осы екі мəселені біріктіру арқылы баланың ком-
муникативтік біліктілігін зерттейміз. Осы мақсатпен «Ертегі айта-
мын...» жəне «Тымпи-тымпи» ойындары ұйымдастырылды. Бұл
диагностикалық мəні бар ойындар негізінде балалардың мынадай
коммуникативтік біліктері бағаланды.
1) Балалардың қарым-қатынас кезінде басқаларды қызық-
тыратындай мəлімет беріп, оларды қолдай алуы.
2) Балалардың қызығушылықпен тыңдай алуы жəне танымдық
сипатта сұрақ беруі.
3) Балалардың өз білгендерін қызықтыра, бар ниетпен басқалармен
бөлісуге даярлығы жəне өз мəліметтеріне қызықтыра білуі.
4) Балалардың басқалардың əрекетін қолдап, қоштайтындай вер-
балды жəне вербалды емес біліктерінің болуы.
5) Балалардың елгезектік таныта алуы.
6) Балалардың эмоционалдық жай-күйін байқап, көріп, бөлісе
білуі
7) Басқа балаларды қайраттандырып, жігерлендіріп, қолдай алуы
жəне қарым-қатынасқа еліте алуы.
8) Балалардың мəліметтерді толық жеткізе білуі.
9) Балалардың мəліметтерді бөлшектеп жеткізе алуы.
Əрбір біліктілік 5 балдық жүйемен бағаланады. Мұнда 5-өте
жоғары, 4-жоғары, 3-орташа, 2-орташадан төмен, 1-төмен, 0-мүлде
қалыптаспаған балалардың коммуникативтілік біліктерін сипаттайды.