Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасы мен жеке



Pdf көрінісі
бет116/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   215
Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасы мен жеке 
адамдық қарым-қатынасының психодиагностикасы
 Мектеп жасына дейінгі балалар тəрбиесі, оқуы жəне дамуы жай-
лы  теория  мен  тəжірибе  қарым-қатынас  мəселесінде  қиылысады. 
Ал  балалардың  психикалық  қасиеттерін,  танымдық  үрдістерін, 
жəне  психикалық  қалып-кейіптерін  тұтас  қамтитын,  балалар 
психикасының  дамуындағы  басты  көрсеткіш  əрі  фактор  болатын 
əмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы. 
 Мектеп жасына дейінгі балалар қарым-қатынастың балалардың 
жеке  тұлға  ретінде  дамуында  алатын  орнына,  рөліне  жəне  қарым-
қатынастың  даму  ерекшелігін  анықтауға  арналған  зерттеулер 
ғылыми  қорда  аз  емес.  Аталмыш  кеңістікте  Д.  Б.  Эльконин,  Л.  И. 
Божович  жəне  т.б.  ғылыми  зерттеулері  кеңінен  таралған.  Қарым-
қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері да-
мып,  психикалық  кейіптері  қалыптасады.  Сонымен  қатар,  қарым-
қатынас  балалардың  танымдық  үрдістерінің  жетілуін  қамтамасыз 
ететін бірден-бір фактор жəне жағдай болды. Ал балалардың өзін-
өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның 
дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен жəне 
басқа  балалармен  жасайтын  өзара  əрекеттестігі,  өзара  қатынасы 
жəне өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар қарым-
қатынасының мəнділігі əркімге – психологтарға, педагогтарға, ата-
аналарға аян, жəне ол əр түрлі балалардың əлеуметтенуіне қатысты 
зерттеулерден  белгілі  болғанымен,  балалар  қарым-қатынасында 
шешілмеген мəселелер жеткілікті. 
Мектеп  жасындағы  балалардың  қарым-қатынас  генезисіндегі 
негізгі  заңдылықтар  ашылған.  Алайда  балалардың  жеке  басының 
қалыптасу  заңдылықтары  өз  халқының  тарихына,  экономикасына, 
мəдениетіне тікелей байланысты болып келеді. Осыған орай қазіргі 
кезең жағдайында ұлттық құндылықтарды балалар тəрбиесі мен да-
муында  пайдалану  белсенділігі  артып,  ұлттық  мəдениеттің  өзекті 
педагогикалық,  психологиялық  мəселелерін  шешу,  оны  дамыту 
жолдарына  деген  қызығушылық  артып  отыр. (Қ.  Жарықбаев, 
Ə. Алдамұратов).


200
 5-6 жастағы  балаларды  оқыту  мен  тəрбиелеу  мекемелері  өз 
функцияларының еркін меңгеруі, ересектердің қоғамдық дағдарыстан 
əрқалай  күй  кешуі – бір  жағынан,  екіншіден – экологиялық, 
медициналық мəселелердің бала дамуында орын алуы, үшіншіден – 
қазақ балаларының мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым-қатынас 
ерекшеліктерін ескеру негізінде оқыту, тəрбиелеу жəне дамытудың 
назардан  тыс  қалуы,  ғылымда  бала  қарым-қатынасын  жетілдіру 
жолдарының бір жүйеге келмеуіне əкелді.
Соңғы 30-40 жыл  ішінде  қарым-қатынас  механизмдерін 
дамытудың  белсенді,  жедел  əдісі - тренингтер  ұйымдастырылып, 
тəжірибеде  қолданылып  келеді.  Олар  топтық  жұмысқа  негізделіп, 
тиімділігі дəлелденген (Л. А. Петровская, Н. И. Хрящева, А. Г. Ко-
валев т.б.). 
Əлеуметтік-психологиялық  тренингтердің  əр  түрі – сензитивті, 
оқытып-жаттықтырушы, өнер-би, арт (сурет) тренингтердің – мек-
теп жасындағы балаларға тигізетін психологиялық əсері əлі де болса 
кең түрде зерттелмеген. Ал қазақ балаларымен жүргізілетін тренинг-
тер ерекшеліктері осы күнге дейін назардан тыс қалып отыр. Осы-
ларды ескере отырып біздің зерттеу жұмысымыз 5-6 жастағы қазақ 
балаларының  қарым-қатынасын  тренингтік  əдістермен  жетілдіру 
жолдарын қамтиды. 
Біз  «тренингтік  сабақтар» «тренингтік  топ» «топтық  əдіс» 
ұғымдарын  əрбір  психикалық  дені  сау,  өзінің  психологиялық 
мəселелерін  шешуге  жəне  өзіндік  жетілуге,  дамуға  мүмкін  бола-
тын  шағын  топтың  ерекше  қарым-қатынас  жасауға  негізделген 
оқыту  формасы  деп  бір  мағынада  қарастырамыз.  Біздің  зерттеуде 
тренингтік топтардың əр түрлі саласында қарым-қатынас сферасына 
қажетті білім, біліктілікті жəне қабілетті дамытып, оларға сəйкес кор-
рекция жасайтын оқытудың бір формасы əлеуметтік психологиялық 
тренинг (ƏПТ) қарастырылады. 
Əлеуметтік-психологиялық  тренингтің  өзара  əрекеттесі  жəне 
оқытушы  мен  оқушылар  арасындағы  үрдісінің  нəтижесінде 
бірлескен пікірлестік танымдық іс-əрекет қалыптасатындығын 
С.  М.  Жақыпов  көрсеткен.  Ғалым  мұндағы  қарым-қатынас  құры-
лымының аса иілгіштігі мен динамикалығын тұлғалар ерекшелігімен 
байланыстырады.  Тренингті  оқытудың  бір  формасы,  əдісі  деп 
қарастырғанда,  оның  тиімділігін  бірлескен  пікірлестік,  танымдық 
іс-əрекеттің қалыптасуымен анықталады. 
Тренинг  басқа  адамдарды  терең  түсінуге  көмектеседі;  өз  бей-


201
 
несін басқалар қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; 
өз мүмкіндіктерін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жа-
сайды. 
Тренинг  жеке  адамға  басқаларды,  қоршаған  ортаны  тануға 
көмектеседі,  оны  түсінуге,  ойдағыны  айтуға,  бөлісуге  жағдай 
жасайды,  əркімнің  өзіне  сенімділікті  туғызады,  ашық  болуға, 
өзі-өзін  түсінуге,  комлекстерден  құтылуға,  өзінің  бойындағы 
қасиеттерді  көруге  мүмкіндік  береді.  Тренинг  өз-өзіңді  бақылауға, 
байқағыштықты дамытуға жол ашады.
Профессар  Т.  Тəжібаев,  Ы.  Алтынсаринді  «Қазақстандағы 
педагогикалық  ойдың  пионері»  деген.  Ы.  Алтынсарин: «қазақ  ба-
лалары  жоқ,  ежелгі  əскери  жорықтардың  сілемдері».  Бұл  ойын 
өнеріне  баулумен  қатар,  рəсім  (ритуал)  қызметінің  атқарғандығын 
жорамалдауымызға  болады.  Себебі,  жорыққа  аттанар  алдында 
осыған ұқсас рəсімдер көптеген ежелгі тайпаларда болған.
Ойындарда  ежелгі  заман  көріністерінің  молынан  сақталу 
себебі, олар халқымыздың ізгі қасиеттеріне, шаруашылық кəсібіне 
(этикалық  жəне  статистикалық  дəстүріне)  тəрбиелеудің  бірден-бір 
тиімді жолы болды.
Ойындар арқылы балалардың тəні де, жан дүниесі де ойдағыдай 
жетіліп отырған; көпшілік ортасында өзін-өзі ұстаудың, қысылғанда 
жол  табудың  қоғамда  өз  орнын  сезінудің  алғашқы  мектебі  де  осы 
ойындар болды десек асыра айтқандық емес.
Ойындардың осындай қызметтерінің ішінде айрықша орын ала-
тыны – шаруашылыққа, еңбек, кəсіпке баулуда қазақ өмірінің негізгі 
күн көру кəсібі төрт түлік малға байланыста болғандықтан, олардың 
бейнесі  ойындардан  да  мықтап  орын  алады.  Ойында  қойшы,  қой, 
қасқыр, ит («Ай құлақ»), түйе, бота, теке («Соқыр теке») рөлдеріне 
еніп, олардың арасындағы қарым-қатынасты көрсету – таза көшпелі 
тұрмыс-тірішіліктен туған. Төрт түліктен басқа да үй жануарларының 
басты  жауы  қасқыр  бейнесінде  берілсе,  кейде  қасқырдың  орнына 
ескі сенімдерге байланысты жалмауыз кемпір тұлғасы көрініс береді 
(«Етек-етек», «Көш-көш»).
Көшпелі  тұрмыс  тіршіліктің  негізінде  пайда  болған  мал 
шаруашылығымен сабақтас асық ойындары да қазақ даласында кең 
тараған. 
  Түрлі  түсті  бояумен  боялған  асықтармен,  қорғасын  құйып,  ар-
найы  даярланған  сақамен  түрлі  ойындар  ойналған.  Кейінгі  жыл-
дарда олардың көбі ұмыт болды, бірақ енді біразы жаңа тəртіппен 


202
ойналуда. Балаларды ептілікке, тапқырлыққа баулитын, отырып та, 
қозғалып та, жүріп те ойнайтын түрлері аса мол. Олардың арасын-
да түрлі заттар арқылы жəне сөзбен ойналатындарын қарастырылып 
көрелік.
 Түрлі заттарды пайдалану арқылы ойналатын ойындар көбінесе 
қимыл-қозғалыстармен  байланысты  өрбиді.  Ондай  заттар  айна-
ла  қоршаған  орта  жəне  тұрмыс-тіршілікте  кездесетін  тас,  ағаш, 
балшық, құмшыбық, таяқ, сүлгі, орамал, бөрік, белбеу, жіп, ине т.с.с. 
болып  келеді.  Кейде  ойынға,  арнайы  даярлайтын  заттар  да  бола-
ды. Оларға тазартылып, боялған асықтарды, түрлі ойыншықтарды, 
қуыршақтарды,  ертеректе  қолданылған  сиырдың  түлеген  жүнінен 
басылған допты, жонылған жəне кесілген ағаштарды т.б. жатқызамыз. 
Заттарды пайдаланып ойнау кейде іс-əрекет барысында қара сөз, не 
өлең-тақпақтармен  қосақталып  айтылады.  Сөз  текстері  ойынның 
кезекті  шартын,  іс-əрекеттің  себебін  түсіндіреді.  Мəселен, «Аспау 
мəстек»  ойынында  керілген  арқанның  үстінде  отырып,  жерден 
еңкейіп тақия алуды былай түсіндіреді: ережесі бола бермейді. Олар 
түрлі  ойындарға  көмекші,  ал  кейде  өзінің  мазмұнының  қызықты, 
тартымдылығы мен ойын қызметін атқарады.
Ұлттық  ойындар  түрлі  себептерге  байланысты  пайда  болып 
отырған.  Мəселен, «Аңшылар», «Марламкөш»  ойындарында  аңды 
жан-жақты қоршап аулау, топталып іздеу, жасырыну, қуу, қалай қолға 
түсіру анық бой көрсетсе, «Даусынан біл», «Шұқыма» ойындарының 
далада  із  кесу,  түрлі  дыбысты  ажырата  білу  мақсатында  пай-
да  болғандығы  байқалады.  Ойындардың  енді  бір  тобы  көшпелі 
тайпалардың  өзара  қақтығыстарын,  жаугершілік  дəуірінің  бітімін, 
рулық  қауымның  жол-жоралғысын  өзінше  қайталайды.  Олардың 
қатарына  «Жамбы  ату», «Теңге  ілу», «Тұтқын  алу», «Қамалды 
қорғау», «Батыр», «Қыз  қуу», «Ат  үстіндегі  тартыс», «Итеріспек» 
сияқты іс-əрекет ойындарын жатқызуға болады. Балаларды ептілікке, 
тапқырлыққа баулитын, отырып та, қозғалып та, жүріп те ойнайтын 
түрлері  аса  мол.  Мəселен, «Үй  артында  қолағаш», «Соқыр  теке», 
«Ұшты-ұшты», «Тымпи-тымпи», «Ақ серек, көк серек» сияқты ой-
ындар да сөз, кейде іс-əрекетке жетекші, ал кейде қосалқы қызмет 
атқарады. Ойындардың ішінде, əсіресе жан-жануарлардың дауысын, 
төлдерін, іс-əрекетін дұрыс айтуға дағдыландыратын «Қалай айту-
ды  білемін»,  түрлі  сөйлем  құрастыруға  тəсілдендіретін  «Егер...», 
айтылған сөзді есте сақтауға машықтандыратын «Хабаршы», сөз бен 
сөйлемнің мазмұнына дұрыс мəн беруге үйрететін «Біз де», «Ұшты-


203
 
ұшты», бірден сөз табуды қажет ететін «Орамал табу» ойындарының 
тілді жетілдіруде маңызы зор.
Осындай  ойын  жырларының  бірі  санамақ.  Жас  баланың  қолын 
ұстай отырып, саусақтарына ат қойып, оларды бірде бүгіп, бірде жа-
зып ойнау арқылы балалардың көңілін аулау, алдандыру мақсатында 
айтылатын бұл ойын көбінесе нəрестелерді уату (потешки) жырла-
рына жатқызылып жүр. Дегенмен санамақты сұрақ түрінде келетін, 
кейде ойланып жауап беруді қажет ететін, үлкендер мен балалардың 
бірлесіп отырып атқаратын қимыл-əрекеттері бар. Бұл ойын жыры 
негізінен оң-солын əлі толық танымаған бір-үш жастағы сəбилерге 
арналып айтылған.
Қазақтың  бұл  типтік  ойындары  барлық  жиын-той,  демалыс 
сəттерінің басты көрінісі болады. Жүргізілу формаларына жарыстық 
сипат  тəн.  Олай  болса,  ойынның  бұл  түрлері  əдейі  «шыңдалуды», 
əдейі «ойнауды», ішкі потенциалды барынша шығаруды талап етеді. 
Бұл дегеніміз – халық саналығының көрсеткіші болып табылады.
Ойын  балалардың  өз  бетімен,  ерікті  атқаратын  іс-əрекетті 
анықтайды  да,  ойын  арқылы  адамның  жан  дүниесінің  барлық 
қырлары, жүректілігі, ерік-жігері қалыптасады.
Біз  ойын  түрлерін  диагностикалық  материал  ретінде  жинақтап, 
қолдауда  диагностикалық  жұмыстың  төмендегідей  міндеттерін 
шешуді көздедік:
- балалардың қарым-қатынасты қажетсінуі;
- қарым-қатынастағы таңдамалылық феномені;
- балалардың коммуникативті мотивтері болуы;
- қарым-қатынас тəсілдерін меңгеруі;
- қарым-қатынас құралдарының түрлері мен тиімді қолданылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет